Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім


Т.КӨШЕНОВА, филология ғылымдарының кандидаты, доцент



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата06.03.2017
өлшемі2,32 Mb.
#8300
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Т.КӨШЕНОВА, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Түркістан қаласы

АБАЙ ЖӘНЕ ШЫҒЫСТЫҢ КЛАССИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯСЫ

Мақалада  әдебиеттегі  ұлы  тұлғалар:  М.Қашқари,  А.Ясауи,  Абай,  Шәкәрімнің

туындыларындағы өрнек жалғастығы сөз болады. Ұрпақтар сабақтастығындағы әдеби дәстүр

жалғастығын сақтай отырып, өзіндік өрнекпен өрнектеу әрбір қаламгердің еншісіне тие бермейтін

бақыт екендігін тұжырымдайды.

Тірек сөздер:

 Абай, Шәкәрім, шығыс, поэзия, үндестік, классикалық туынды.

Абайдың  ұлылығы  өзі  нәр  алған

бастауларының құнарлылығында жатыр. Абайды

танытушы М.Әуезов кезінде ұлы ақынның нәр

алған  бұлақтарын  былайша  таратып  айтқан

болатын: «Мұның біріншісі – қазақ халқының есте

жоқ  ескі  заманнан  жиып,  өсіріп  келген  өз

даналығы, халықтың ауызша әдебиет қоры, ақын

Абай осы қордан көп нәр алып, сол арқылы өз

өлеңін көп көркейтті.

Екінші  бір  қол  артқан  қазынасы  -  араб,

парсы, түрік тіліндегі шығыстың көркем классик

поэзиясы.

Үшінші  үлкен  өнер,  мол  азық  алған  зор

саласы  –  орыс  халқының  мәдениеті  және  сол

арқылы Европа мәдениеті» [1, 270].

Ғалымның бұл пікіріне қоса айтарымыз тек

Абай поэзиясы ғана емес, жалпы қазақ әдебиеті

мен  мәдениеті  ғасырлар  бойы  Шығыстан

сусындап, солармен сарындас болып келе жатыр.

Бұл пікірді академик З.Ахметов те өзінің «Қазақ

әдебиеті тарихы» еңбегіндегі «Қазақ әдебиетінің

Шығыс әдебиетімен байланысы» деп аталатын

тарауын жазғанда  ұлтымыздың әдебиеті – күллі

Шығыс мәдениетінің бөлшегі екенін, одан үнемі

нәр алып тұрғанын айтып өткен. Демек, мұнан

қазақ  әдебиеті  мен  мәдениеті  ғасырлар  бойы

Шығыстан  сусындап,  соларға  үн  қосып  келе

жатқанын аңғарамыз.

М.Әуезов айтып өткендей, расында Абай

Шығыстың  көркем  классик  поэзиясынан

сусындады.    Оның  өлең  құрылысындағы  тың

жаңалықты шығыс әдебиеті қорына қол артқан

кезде  мол  тапқандығын  байқаймыз.  Мұны

белгілі абайтанушы ғалым М.Мырзахметұлының

мына бір ойлы пікірімен нақтылай түскенді жөн

деп  тауып  отырмыз:  «Білімдіден  шыққан  сөз»

деген өлеңінде 44 жастағы ақын балаң кезіндегі

еліктеу  дәрежесінде  бір  соғып,  тастап  кеткен

түрки ғаруз уәзіндегі ұйқас түріне назар аударады.

Сегіз  шумақ  өлеңнің  барлық  жолдары  жеті

буынға құрылып, бірінші шумақтан басқа шумақ

атаулының  бәрі  де  «а-а-а-б»  тәрізді  көне  түрік

поэзиясының ұйқасымен беріледі. Сегіз шумақ

өлеңнің әр шумағының ең соңғы өлең жолдары

түп-түгел  бірыңғай  ұйқас  сөзбен,  яғни,

шумақаралық  желілі  ұйқаспен  үйлестірілген

ғажап тың өлең өрнегін көз алдыңа әкеледі.

...Бір ғажабы, осы өлеңдегі түрге ұқсас өлең

өрнегі 


сонау  орта 

ғасырдағы 

түрік

халықт арының  аузынан  жазып  алған



М.Қашқаридің  «Диуани  лұғат  ат-түрік»  атты

еңбегінде  үзік  ретінде  келтірілген  өлеңдер

тобында бір рет қана кездесіп қоймай, әр жерде-

ақ  бірнеше  рет  қайталанып  отыруы  мұның

тұрақты форма екендігін айғақтайды. Арғы жағы

біздің заманымызға дейінгі кезеңде туып таралған

Тұран  патшасы  Афрасиаб  (Ер  Тоңа  Алып

Дулухан Ү-ҮІғ.) туралы жоқтау өлеңі де осы өлең

кестесін  көз  алдымызға  келтіргендей...  Бұдан

Абайдың  есте  жоқ  ертедегі  халық  санасында

ӘОЖ 821.512.122

2015  №4  (29)


21

АБАЙТАНУ

тебіндеп  барып,  көктемей  қалған,  қаулай  өніп

барып кідіріп қалған, бірақ түбінде бір дүбір салар

өлең  өрнегіндегі  үлгілерді  іздестіріп,  зерттеу

арқылы  ақындықтың  дарқан  қуатымен

жандандырып, жаңадан тірілтіп, қатарға қосып

жібергендей құдіретін анық сезінеміз, - дей келіп,

өте  көне  дәуір  поэзиясындағы  ескі  түрік  өлең

өрнегінің үлгісін қайта жаңарту арқылы мүлде

жаңа сипаттағы өлең өрнегін тудыра алған» [2,

181-182], - дейді. Бұған қоса аталмыш пішіннің

тек М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» атты

еңбегінде ғана емес, сонымен қатар А.Ясауидің

«Диуани  хикметінде»  де  кездесетінін  ғалым

Р.Сыздықова өзінің «Ясауи хикметтерінің тілі» [3]

атты іргелі зерттеу еңбегінде кездесетінін айтып

өткен. Автор хикметтердің буындық жүйесіне,

ұйқас  суретіне, шумақ  түрлеріне талдау  жасай

отырып, хикметтердің бір шумағында «ішкі» (бір

шумақтың  алғашқы  үш  жолындағы)  және

«желілік» (бір шумақты тұтастырып, бір желіге

байлап  тұратын  төртінші  тармақтағы  ұйқас)

ұйқас түрлерінің кездесетіні жайлы тұжырымды

дәлелдермен берген. Мұның өзі Ясауи қолданған

өлең  өлшемінің  төл  түркілік  негізден  тамыр

тартуының  белгісі  іспетті.  Филология

ғылымдарының  кандидаты  А.Әбдірәсілқызы

«Қожа Ахмет Йассауидің ақындық әлемі» [4, 168]

атты  еңбегінде.  «...Біздіңше,  аты  сырттан

таңылған  бұл  өлең  түрінің  заты  таза  түркілік

екеніне  оның  ұйқас  суретінің  көне  түркі

өлеңдерімен  сәйкестігі  ғана  емес,  белгілі  бір

қалыптармен, қағидалармен шектелмегендігі де

дәлел  бола  алады.    Басқаша  айтқанда,

зерттеушілер парсы поэтикасының терминімен

«мураббағ» атаған (бәлкім, кездейсоқ атаған- А.

Ә.) бұл өлең түрі дәстүрлі түркілік төрттік өлең

аясында  дамыған  ұлттық  әдебиетіміздің  төл

пішіні болып табылады. Парсылық мураббағ -

түбірімен  басқа  құбылыс...  Ендігі  назарды

мураббағпен 

сырттай 


ұқс ас, 

Йасауи


хикметтерінің  құрылысымен  барынша  сәйкес

төрттіктер – тәрбиғ пен шарқыға аударамыз» -

дей келіп, - ...Түрік жазба әдебиетінде сыртқы

құрылымы  жөнінен  Йасауи  хикметтерімен

толығымен сәйкес келетін «шарқы» атты өлең

түрі кездеседі. Ұйқас ерекшелігіне орай шарқы

бірнеше  топқа  бөлінеді.  Солардың  ішінде

хикметтермен  үйлесетіні  -  чапраш  (аралас

ұйкасты), шарқы (абаб вввб гггб) және накарат

(қайталама-редиф  ұйқасты)  шарқы...  ...Йасауи

хикметтерімен құрылысы жөнінен сәйкестігімен

назар аудартатын ендігі бір құбылыстар - түрік

ауыз әдебиеті үлгілеріне тән дастан, кошма, шарқы

өлеңдері.  Дастандардың  көлемі  5-7  шумақтан

басталып, 100 шумаққа дейін жетеді. Ұйқас үлгісі

- абаб вввб гггб, яғни кошма өлеңдермен сәйкес

келеді» - дейді. [4, 171].

Түрік  әдебиеттануындағы  «кошма»  атты

өлең түрі 11 буынды абвб гггб дддб ұйқасымен

жазылатындығы белгілі. Бұл үлгі бірқатар түркі

халықтарының әдебиетінде кездеседі. «Осы өлең

үлгісін белсенді түрде қолданған Анадолы ашық

ақындар  әдебиеті  XIII  ғасырдағы  Юнус  Эмре

шығармашылығынан  бастау  алады.  Көрнекті

түркітанушы  Ф.Көпрүлү  ашық  ақындар

шығармашылығын  тікелей 

Йас ауимен

байланыстырады.  Ашықтар  әдебиетінің

қалыптасуына сопылық поэзия тікелей әсер етті.

Ал  түркі  сопылық  поэзиясының  бастауында

Қожа  Ахмет  Йасауидің  тұрғаны  белгілі  жайт.

Анадолы, Кавказ, Еділ бойы түркілерінің Х-ХІ

ғасырларда  Сыр  өңірінен  -  Йасауи  өмір  сүріп,

шығармашылық із қалдырған өлкеден кеткенін,

атажұртта орныққан әдеби-мәдени істерді жаңа

жерде  жаңғыртқанын  ескерсек,  бірдей  өлең

үлгісін пайдаланған Йасауи хикметтері мен ашық

ақындар өлендері бірдей дәстүрден бастау алған

деуге  негіз  бар.  Демек,  абаб  вввб  ұйқасымен

жазылатын түрік әдебиетінде «кошма» аталған

өлең  түрінің  төл  әдебиетімізде  де  ежелден

орныққан болуы, бәлкім  басқа атаумен берілуі

немесе қара өлең секілді халық өлеңдерінің түрі

ретінде қолданыста жүрген болуы ықтимал» [4,

172-173]  –  деген  о й  білдірсе,  ғалым

М.Мырзахметұлы  өз  еңбегінде  бұл  өрнектің

бастауында  Тұран  патшасы  Афрасиабты  (Ер

Тоңа) жоқтау өлеңі тұрғандығын айтып өткен.

Енді осы өрнектің тек М.Қашқаридің «Диуани

лұғат ат-түрік» атты еңбегінде ғана емес екендігін

жо ғарыда  айтып  өттік.  Енді  осыларға

тоқталамыз.

Бірінші М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-

түрік» атты еңбегінен үзінді келтіреміз:

Қар, боз кәмұғ эрушді,

7 а


Тағләр сууі ақішді,

7 а


2015  №4  (29)

22

АБАЙТАНУ

Көкшін бүліт өрүшді,

7 а

Қәйғұқ болуб окрішүр.



7 б

Ұрді бүліт інграшу,

7 в

Ақті ақін мунгрәшу,



7 в

Қалді бүдүн танглашу,

7 в

Көкрәр тәкі мәңгрәшур.



7 б

Қақләр кәмұғ көләрді,

7 г

Тағләр баши іләрді,



7 г

Ажүн тані йілірді,

7 г

Туту чәчәк жәркәшур.



7 б

Енді  А.Ясауидің  хикметтерінен  үзінді

келтірсек:

Он секкіз мың ғаламға

7 а

Хайран болған ғашықлар.



7 б

Табмай мағшуқ сұрағын,

7 в

Сарсаң болған ғашықлар.



7 б

Һәр дем башы үргүліб,

7 г

Көзі халққа телміріб,



7 г

һу-һу тию чур күліб,

7 г

Кирйан болған ғашықлар. 7 б



Күйіб-йаныб күл болған,

7 д


Ишқыда бұлбұл болған,

7 д


Кімні көрсә, құл болған,

7 д


Мардан болған ғашықлар. 7 б

Осы 


өрнек 

кейінгі 


ақындар

шығармашылығында өз жалғасын тапты ма? –

деген  негізгі  мәселеге  көшейік.  Әрине,  мұны

алдымен  қазақ  әдебиетінің  классигі  Абай

поэзиясынан қарастырамыз.

Білімдіден шыққан сөз

7 а

Талаптыға болсын кез.



7 а

Нұрын, сырын көруге

7 а

Көкірегінде болсын көз.



7 б

Жүрегі – айна, көңлі – ояу, 7 в

Сөз тыңдамас ол баяу.

7 в


Өз өнері тұр таяу

7 в


Ұқпасын ба сөзді тез.

7 б


Сөзге жуық келер ме?

7 г


Әбілет басқан елер ме?

7 г


Түзу сөзге сенер ме?

7 г


Түзелмесін білген ез?

7 б


Енді ғалым М.Мырзахметұлы «түбінде бір

дүбір  салар  өлең  өрнегі»  деп  айтқанда,  ойы

ұшқыр  ғалым  нені  меңзеді  екен  дегенде  Абай

маңайында  топтасқан  талапты  жастар

шоғырының  шоқтықты  өкілі  -  Шәкәрім

поэзиясын назарға алған болса керек деген пікір

туады.  Өйткені  Шәкәрім  поэзиясының  бастау

алған қайнар көзі ұлы Абайдың құдіретті жыры

екені мәлім. Мүмкін мына естелікті оқи отырып,

бұл үлгіге ақынның көзі сол сапарында түсті ме

екен деген ой да келеді. Ақынның баласы Ахат

Шәкәрімұлының  естелігінде  Шәкәрімнің

мынадай  естелігі  бар:  «Меккеге  барам  деп

шықтым, ары бара жатқанда Стамбулда 13 күн

бо лып,  қанша  тарихты  ақтарып,  керек

кітаптарды  почтамен  үйге  жіберіп  отырдым.

Меккенің  де,  Мәдиненің  де  тарихтарын

ақтардым.  Бірақ  қатынасы  жайсыз  болып,

Египетке  рұқсат  ала  алмадым.  Сол  кездері

Шығыс,  Батыс  ғалымдарымен  көп  сөйлесіп,

олардың  ой-пікірлерімен,  Шығыс,  Батыстың

ертедегі  ғалымдарының  шығармаларымен

танысып, оларды жаздырып алдым. Александр

салдырған  кітапханада  қызмет  еткен

ғалымдардан  сұрап,  керекті  кітаптарды

жаздырып алдым...» [5]

Жоғарыдағы  сөз  етіліп  отырған  үлгіні

Шәкәрім  де  пайдаланған.  Мәселен,  ақынның

«Көңіл»  атты  туындысын  қарасақ,  ұйқасы

мынадай болып келеді: абаб вввб гггб дддб ...

Ясауи хикметтерінің үлгісі мен бұл өрнекті қарай

отырып, мынадай ой келеді. Шәкәрім бұл үлгіні

ұлы Абайдан емес, Ясауи хикметтерінен алды ма

екен  деген.  Өйткені  Ясауи  өз  хикметінің  әр

шумағының  соңын  «ғашықлар»  деген  сөзбен

тәмамдап отырса (жоғарыда көрсетілді – Т.К.),

Шәкәрім «көңіл» деп бітіруде. Мәселен,

Басында жас бала едің сен

Ойың бұзылмаған, көңіл!

Періштеден таза едің сен

Қиянат қылмаған, көңіл!

Ата-анаң, махаббатың,

Бояусыз нұр, кәрәматың,

Жоғары ғарыштан затың,



2015  №4  (29)

23

АБАЙТАНУ

Анық шын бұл маған, көңіл!

Жігіттікке жетелеген

Секунд, минут, сағат деген

Жаралыс бұл солай деген,

Балалықты ұрлаған көңіл!

...Асығыс зырлаған көңіл

...Боялып сырлаған көңіл...

Бұдан  шығар  қорытынды  Шәкәрім  ақын

өзіне дейінгі әдеби дәстүрлерден жақсы хабардар

болған.  Расында  да  алдыңғы  ұрпақ  жасаған

рухани  мәдениетті  келер  ұрпақтың  иеленіп,

мұраға  берік  болуы  табиғи  заңдылық.  Екінші

түрде  айтқанда,  дәстүрге  сүйенбей,  дәстүр

дамымайды.  Дәстүрдің  үзілуі  -  ұлттық

мәдениеттің  жұтаңдауына  әкеліп  соғады.

Алдыңғы ұрпақтың бай мұрасына терең бойлай,

ондағы  өміршең  элементтерді  сұрыптай  келе,

оны  өз  бойындағы  талантымен  қоса  білімінің

қайнар  бұлағында  қорыту, одан  шыққан  ойлы

өлеңді  соны  өрнекпен  беру  әрбір  қаламгердің

еншісіне тие бермейтін ұлы бақыт.

Бірақ, тыңға түрен салғандай ұлы ақынның

өлең  құрылысындағы  бұл  өрнек  Абайдың

жаңашылдығы  емес,төл  топырағымызда  бар

өрнек  еді дегенде Ұлы ақынды «қазақ өлеңінің

реформаторы» деген аттан төмендетіп алмаймыз

ба?  -  деген  сұрақ  тууы  мүмкін.  Бірақ  бұл  ой

ортақтастығы 

мен 


өлең 

өрнегіндегі

сабақтастықтар Абайды аласартпайды. Қайта ол

жай - Абайдың ақындық нәр, қор алған тектері,

іздену  өрісі,  жалпы  ойшылдық,  ақындық

диапазоны  кең  болғанын  көрсетеді.  Мысалы,

Грузияның атақты классигі Шота Руставилидің

идеялық,  поэзиялық,  философиялық  негіз

қорларын айтқанда, барлық зерттеушілер оның

араб, иран мәдениетінен және орта ғасырлардағы

батыстық мәдениеттен екі жақты үлгі-өнегелер

алғанын жасырмайды, ашып айтады. Тіпті, оны

Руставилидің өз заманынан бойы озған ерекше

қасиеті деп айтады. Өз тұсындағы дүние жүзілік

мәдениетке  кең  құлаш  жайып,  еркін

пайдаланғанын  мақтан  етеді.  Сол  сияқты  ұлы

Абайдың да шығыстык классиктерден өз үлесін

ойып алғандығын көреміз.

Біз бұл мақалада әдебиеттегі ұлы тұлғалар:

М.Қашқари,  А.Ясауи,  Абай,  Шәкәрімнің

туындыларындағы бір ғана өрнектің жалғастығы

туралы  айтып  өттік.  Жалпы  жоғарыда  аты

аталған  таланттардың  шығармаларының

идеялық  мазмұнында  да  күрделі  сабақтастық

байқалады:  дәуір  шындығын,  әлеумет  мұңын

жыр етіп, рухани құндылықтарды, адамгершілік

мұраттарды бағдар тұтқан, ақиқатты іздеп, бүкіл

адамзаттық биіктен ой толғаған шығармашылық

иелері  сомдаған  лирикалық  кейіпкерлердің

табиғаты бір. Кез келген мазмұнның өзіне лайық

пішінді талап ететінін ескерсек, туындыларының

бірдей мазмұны туындыгерлердің бірдей пішінге

жүгінуіне алғышарт болды деуге негіз бар.

Қорыта айтқанда, бүгінгі қазақ әдебиеттану

ғылымындағы  үлкен  міндеттердің  бірі  кейінгі

әдеби  шығармаларды  пішін  жөнінен  ежелгі

әдебиет туындыларымен байланыстыра зерттеу

болмақ. Бұл мақала соған бастау болсын деген

ниеттен туындаған.

Әдебиет

1 Әуезов М. Абай Құнанбаев. А., 1967.

2 Мырзахметов М. Абай және шығыс. А.,

1994.


3 Сыздықова Р. Ясауи хикметтерінің тілі.

А., 2004.

4 Әбдірәсілқызы А. Қожа Ахмет Йассауидің

ақындық әлемі. А., 2007.

5 Құдайбердиев А.  Әкемнің шығармалары

жайында //Совхоз туы, 1988, 19 сәуір



Резюме

В  статье  говорится  о  тесной  взаимосвязи  творчества  М.Кашкари,  А.Ясауи,  Абая

Кунанбаева и Шакарима Кудайбердиева.

АБАЙТАНУ__Resume__2015_№4_(29)'>2015  №4  (29)

24

АБАЙТАНУ

Resume

2015  №4  (29)

The article refers to the close relationship of creativity M.Kashgari, A.Yasaui, Abay and Shakarim

Kudaiberdiev.

25

АБАЙТАНУ

М. ТУМАБАЕВА

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Талдықорған қаласы

АБАЙДЫҢ «ЖАЗ» ӨЛЕҢІНІҢ ТЕКСТОЛОГИЯСЫ

Мақалада автор Абайдың «Дала уалаятының газетінде» жарияланған біраз өлеңдерін 1995

жылғы академиялық толық жинағымен мұқият салыстырып, текстологиялық зерттеу жүргізеді.

Тірек сөздер: Абай, текстология, қолжазба, жинақ, мәтін.

Филологияның шығарма тексін зерттейтін

күрделі  саласының  бірі  “Текстология”  деген

терминнің анықтамасы мен міндеті жайлы пікір

көп. Солардың ішінде Б.В.Томашевский ұсынған

анықтама  теориялық    текстологияның  мән-

мазмұнын, мақсатын дұрыс ашады. Текстология

ғылымы жөнінде құнды пікірлер айтқан ғылым

Д.С.  Лихачев:  “Текстология  дегеніміз-тексті

жарыққа шығаруды реттейтін қосымша пән емес,

ол шығарма тексінің тарихын зерттейтін жеке

ғылым. Оның іс жүзіндегі көрінісінің бір белгісі

–  текстің  ғылыми  басылымы”.    Шығарма

мәтінінің  тарихын  зерттей  отырып,  оны

ғылыми    негізде  баспаға    дайындау    міндеті-

текстологияның  теориялық,  практикалық

маңызын  да  айқындайды.  Қалай  дегенмен  де

текстология ғылым ретінде текстің туу, өзгеру,

кейінгіге  жету  тарихымен  қоса  текстің  дұрыс

болуын,  мағына  түсінігі  айқын  болуын,

редакторлық  өңдеу,  түзетулердің  орынды,

ғылыми дәлелді болуын қадағалау керек.

Қазақ 

әдебиеттану 



ғылымында

текстология ғылымы кенжелей дамып, әлі күнге

дейін    дербес  ғылым  есебінде  то лық

қалыптасып,  жүйелі  сипат  ала    қойған  жоқ.

Текстологиялық тұрғыдан алғаш  зерттеу үлгісі

болған  -  Абай  шығармалары.  1923  жылы

жазылған І.Жансүгіровтің “Абай кітабы” атты

мақаласында Абай өлеңдері мәтініне жасалған

текстологиялық    тұрғыдағы  түзетулер

қисындылығы  мен  құндылығын  айту  парыз.

1940 жылы жазылғын М.Әуезовтің “Абай жайын

зерттеушілерге”  деген  мақаласындағы  “Абай

сөзін көбейтеміз деп көбік етіп алмайық” деген

өзекжарды  ойы мәтінтану мәселесінің күрделілігі

мен  жауаптылығын  аңғарт ады.    Қазақ

әдебиеттану 

ғылымында 

жеке-жеке

мәтінтанулық  мәселелерді  қарастырған    азды-

көпті  зерттеулер  құндылығын  айту  да  ләзім.

Текстология    жайында    жазылған  зерттеулер

ішінен  Қ.Мұхамедхановтың,  З.Ахметовтің,

Р.Сыздықованың,  Қ.Өмірәлиевтің  Бұхар,

Махамбет,  Абай  өлеңдерінің  текстологиясы

жайындағы  мақалары  мен  Ш.Сарыбаев  пен

Ә.Құрыштановтың  эпос  шығармалары  мен

халық  жырларының  текстологиясына  арнап

жазған, М.Жармұхамедовтің айтыс өлеңдерінің

текстологиялық мәселелеріне қатысты мақала,

зерттеулерлері  бағалы  еңбектер.  1983  жылы

“Ғылым”  баспасынан  жарық  көрген  “Қазақ

фольклоры  мен  әдебиет»    шығармаларының

текстологиялық  зерттелуі  атты  ғылыми  еңбек

текстология мәселесін арнайы зерттеуге деген

талаптан  туған  оңды  іс.  Қазақ  әдебиетінде

фольклорлық  шығармалары  мен  қатар  жазба

ақындар шығармаларының көшірме арқылы, ел

аузынан  жиналып  жазылуы  арқылы,  яғни  бір

шығарманың бірнеше нұсқасы болуы, автордың

қолжазбасы сақталмай  шығарма басқалардың

қолжазбасы  арқылы    не  ауызша  жетуі  немесе

2015  №4  (29)

ӘОЖ 245.160.



26

АБАЙТАНУ

кейін  әртүрлі  деректер  негізінде  жариялануы,

текстологиялық  тексеру  жұмысын  жүргізуде

қиындық келтіруі түсінікті.

«Дала  уалаяты  газетінде»  қазақтың  ұлы

ақыны Абай Құнанбаевтың  көзі тірісінде «Жазды

күн шілде болғанда» (1889 №7), «Болыс болды

кей кісі» (1889, №12) атты өлеңдері жарық көрді.

Бұл  шығармалар  кейінгі  шыққан  Абай

жинақтарындағы нұсқалардан өзгешелік танытса

да,  әдебиет  ғылымыда  осы  газеттік  нұсқаның

орны елеусіз қалып, өз бағасын ала алмай келеді.

Газеттік  мәтінді  түпнұсқа  деп  санап,

текстологиялық  талдау  жасасақ,  көптеген

маңызды мәселелердің беті өздігінен ашылатыны

даусыз.


М.Әуезовтің:  «Бүтіндей  алғанда  Абай

текстерінің дұрыстығына келтірілген көптеген

күдіктер  сол  текстің  ауызша  және  қолжазба

нұсқаларының 

барлық 

жиынтығын



текстологиялық  талдау  жасау  жолымен  жоққа

шығарылады...», - деген ғылыми тұжырымына

сүйене отырып, текстология шарттары бойынша

газеттік  нұсқаларды  ақынның  1995  жылғы

академиялық  толық  жинағымен  мұқият

салыстырып шығудың артықтығы жоқ.

«Жазды  күн  шілде  бо лғанда»  деп

басталатын өлең «Дала уалаятының газетінде»

48  жол,  жинақта  60  жол.  Ең  алдымен  артық

жолдардың ретіне келсек, жинақтығы:

Білімділер сөз айтса

Бәйге атындай аңқылдап,

Өзгелер басын изейді,

«Әрине» деп мақұлдап.

Ақ көйлекті, таяқты

Ақсақал шығар бір шеттен:

Малыңды әрі қайтар деп,

Малшыларға қаңқылдап.

Бай «байқұсым десін» деп,

«Шақырып қымыз берсін» деп

Жарамсақсып, жалпылдап.

...Өткен күннің бәрі ұмыт,

Қолдан келер қайрат жоқ,

Бағанағы байқұс шал

Ауылда тұрып күледі...-

деген жолдар газеттік нұсқада жоқ. Және осы

«Жаз» өлеңіндегі:

Өткен күннің бәрі ұмыт

Қолдан келер қайрат жоқ,-

деген  жолдар 1909  жылғы  кітапта  да жоқ.  Ал

түпнұсқадағы:

Салтанатты байлардың

Жай отырған сөйлемей

Самаурыны бұрқылдап,-

деген жолдар жинақта:

Салтанатты байлардың

Самаурыны бұрқылдап,-

деп берілген.

Абай  бұл  жерде  сапырылған  қымызды

еме с,  бұрқылдаған  с амаурынды  алып

отырғаннан  кейін  түпнұсқадағысы  қонымды

болар.  Салтанатта  о тырған  байларға

сапырылған қымыз да жарасар еді. Бірақ ақын

ыстықта шаршаған соң сөйлемей, жай отырған

салтанатты 

байлардың 

самаурынын

бұрқылдатқанды жөн көрген.

Ал  түпнұсқада  жоқ  жолдарға  келсек,

М.Әуезовтің  айтуынша,  «...бұл  жағдайда

текстологиялық талдаудың негізі болып Абайдың

ақындық тілі мен шығармашылық әдісінің өзіндік

ерекшелігі» еске алынуға тиіс еді.

Жыр үлгісінде жазылған бұл өлеңнің тақырыбы

мен  идеялық  мазмұнына,  әсіресе,  соңғы  төрт

жолы сай келмейді. Мәселен, «Байғұс шалдың»

қошемет  қылып  қарқылдап  кімге  күлетіні

түсініксіз.  Негізінен  жыр  үлгісінде  жазылған

өлеңдердің соңғы тармақтары мәндірек болуға

тиіс. Жинақтағы «қошемет қылып қарқылдап»

деген  соңғы  жолы  «қаз  сыпырса  жарқылдап»

деген  төменнен  санағанда  алтыншы  жолмен

ғана ұйқасып тұр. Ал түпнұсқада анық әрі толық

берілген:

Тамашасын шалдардың

Қошемет қылып қарқылдап.

Қаз сыпырып жарқылдаған жас бозбалалардың

шалдардың тамашасын қошеметтеп қарқылдап




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет