Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата06.03.2017
өлшемі2,32 Mb.
#8300
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

2015  №4  (29)

ақындардың  сырға  толы  жырларымен

таныстығы болуға керек» [1, 311].

Шығыстанушы  зерттеуші  Абдулғалым

Маралбек  сопылықтың  ислам  дінінің  ділі

екендігін көпшілік ажырата бермейді, кеңестік

дәуірде суфизм атүсті айқындалды деген ойлар

айтады.


Шәкәрімнің  сопылық  әдебиет  үлгілеріне

ден  қою,  сопылық  ұстанымдар  бағытындағы

дүниетаным өрісі туралы шығыстанушы Ақбота

Ахметбекованың  еңбегінде  (2014)  жүйелі,

толымды  пайымдаулар  жасағандығы  о сы

бағыттағы  олқы  танымымызды  орнықтыра

түскен олжалы іс болды.

Заманының  бағыты  мен  қалауын

жалпыадамзаттық кемел  ой талқысына  салуда

Шәкәрім қажы өрісті жол ашты.

Білім, білігі озық ойшыл Шәкәрім поэзиясының

алдырмай  келе  жатқан  асу,  асыл  өзегінің  бір

бағыты  –  ақынның  діни-ағартушылық

ұстанымдағы туындылары.

Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуде әдеби

шығармашылықтың  түпнегізі  жатқан  діни

иланым-сенім,  дүниені  т ану,  болжау

аңсарларының 

қаншалықты 

қағаберіс

қалғандығы күні бүгінге шейін «Жүсіп-Злиха»,

«Ләйлі-Мәжнүн»  сынды  бастауын  ежелгі

дүниеден  алатын  мұсылмандық-сопылық

әдебиет  туындыларын  ғашықтық,  махаббат

жайлы дастандар деп, келе жатқандығымыз да

көрсетеді.

Шәкәрімнің 

дастан 


баст ауында

«Мәжнүннің Ләйліменен сыры қиын, Еш адам

байыбына бара алмайды», – деуінде қандай сыр

бар?


Физулидің тәтті жырын айтуға тіл жетпейді

деп отырып, Мәжнүннің атын білгенімен, жайын

білмейтін қазаққа ұқтырайын дейді.

Шәкәрім  осы  туындысында  бар

құбылыстың бастауында тұрған құдірет туралы

отыз жерде еске салып өтеді.

Жылай берген сәбидің уануын

Баланы даяшы қыз алып жүрді,

Артынан ата-анасы қарап тұрды.

Көтерген бір баланы даяшыға

Құдайым әлгі қызды жолықтырды.

... Баласы оның-дағы жылайды екен,

Көтеріп уатқаны ұнайды екен.

Балалар жылағанын қоя қойды,

Себебі әр нәрсенің Құдайда екен... [2, 351].

Әрбір  әдеби  әдеби  туындының  жазылу

тарихы бар. Дәстүрі бар. Жаңа бағыты бар. Осы

тұрғыда  шығармашылық  мұрасын  кейінгі

кезеңде ғана жан-жақты зерттеу мүмкіндігі туған

Шәкәрім  қажы  Құдайбердіұлының  қазақ

әдебиеті  тарихындағы  нәзира  дәстүрінде

жырланып,  төл  эпикалық  дастаншылдық

мұраның  көркемдік  әлуетіне  қазірге  шейін

дендеп  қарастырылмай  келе  жатқан  діни

ағартушылық  бағыттағы  мазмұн  дарытқан

«Ләйлі-Мәжнүн» дастанының көркемдік құнары,

оқиғалық,  құрылымдық,  тақырыптық  арқауы

шәкәрімтануда ұдайы назарда болып келеді.

Заманынан  о зып  туған,  діни  ілімді

болмысына  барынша  ынтығып,  иланып

дарытқан  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  жалпы

дүниетанымдық  бағытын,  діншілдік  тұғырын

назарда ұстап отырып қана ой-тоқтамдар айтуға

болатын шығармасының бірі – «Ләйлі-Мәжнүн».

«Ләйлі-Мәжнүн»  –  әлем  әдебиетінде

«ғашықтық  дастан»  атауымен  алға  шыққан

жырдың бірі, тіпті, бірегейі. «Жүсіп-Злиха» да

солай.  Негізінде,  ХІХ  ғасырдағы  қазақ  сөз

өнерінің  даму  бағыттарында  шығармашылық

ықпалы  мол  болған,  ортағасырлық  түрік

әдебиетіндегі  нәзира  дәстүрімен  қанаттанған

әдебиеттің ежелгі бастауы – ежелгі дәуірлердің

діни ұғым, ұстанымдарымен тамырласқан қисса

өлең  саласы  туралы  басын  ашып  алатын  бір

көркемдік  проблемасы  осы  «ғашықтық»

ұғымымен сабақтас.

Шығыс әдебиетін зерттеушілер бір ауыздан

«ғашықтық»  деп  жүйелеген  дастандар

табиғатындағы дін жұмбағы туралы арнайы ой

қозғайтын уақыт әлдеқашан жетті.

Алма  Қыраубайқызының  «Мен  сорлы

жоққа  ғашық  болып  өттім»  атты  зерттеуінде

(тақырып Шәкәрімнің өлең жолынан қойылған)

«Ләйлі-Мәжнүннің» мазмұндық  желісін әдеби

мұраның  дәстүрлі  арна-арқауларымен  ашу

бағытын ұстанған. Шағын зерттеуде дастанның

көркемдік табиғатын сіңіруде септігі тиетін елеулі

тоқтам, болжамдар бар.

Алма Қыраубайқызы Шәкәрім дастанына


35

қатысты  сөз  басында  оның  ақындық  мұраты

тұрғысында негізгі салмақты ақынның Мәжнүн

барға ғашық еді, мен сорлы жоққа ғашық болдым

деген ойына сала сөйлейді.

Шәкәрімнің ежелгі Шығыс дәстүріне арқа

сүйеуі,  дастан  соңындағы  өз  жанынан  қосқан

арнау сөзі туралы А.Қыраубайқызының мән бере

тоқталуы ақын шығармашылығындағы қанатын

жайған асыл мұраттардың дәстүр дамытып, мән

байытқан  айрықша  сипаттарды  аша  түсуімен

бағалы.


А.Қыраубайқызының  Шәкәрімнің  ежелгі

Шығыс үлгісіндегі ғашықтық дастан жазуы осы

бағыттағы  дәстүрлі  тәрбиелік  негізде  деп

тоқталуы ізгілік, адамгершілік қағидалардың діни

арқаулары ғашықтық, сүйіспеншілік әңгімесінің

тасасында айтылмай келгендігі тұрғысында ой

қозғауды қажетсінеді.

А.Қыраубайқызы  Шәкәрімнің  ел  мінезін

түзеу  бағытында  ежелгі  дәстүрлі  арналарға

қайырылып отыруында нәзираның нәзирашыл

ақындардың  арабша,  парсыша,  шағатайша

дастандардың  соңында  өз  жанынан  өлең  қосу

мүмкіндігін ұтымды пайдаланғанына зер салады.

«Шәкәрімнің дастан соңындағы авторлық сөзі де

ежелгі  әдебиетіміздің  осы  дәстүрін  сақтай

жазылған» [3, 147].

Шәкәрімнің ғашық болған жоғы – махаббат,

ғаділет,  таза  жүрек,  бостандық,  терең  ғылым.

«Ләйлі-Мәжнүнді»  Шәкәрім  нендей  себептен

жазғандығы  арғы-бергінің  рухани  дүниесіне

жетік 

ақынның 


шығармашылық

зертханасындағы  әлі  де  бүккен  сыры  көп

бағыттарымен сабақтасып жатқандығы даусыз.

Қазақ әдебиетінің тарихындағы дастаншылдық

дәстүр,  қисса  баяндардың  бастауын  дін

негіздерінен  алғандығы  тұрғысында  осыған

шейін сақтық танытып келуіміз бар, тұтас қамтып

аңғарудағы  тарихи-көркемдік  негіздердің

тапшылығы  бар  –  әйтеуір  толып  жатқан

себептерден  Алланың  барлығын,  бірлігін

ақпақұлақ  адамзатқа  айту  мұратымен  кең

жайылған әдеби шығармашылықтың түпкі мәні

ұдайы  қағаберістеу  қалып  отырғандықтан  да

Жүсіп пен Злиха, Ләйлі мен Мәжнүн туралы –

Хақтың  құдіреті  туралы  баяндар  ұдайы

ғашықтық, 

махаббат 

тақырыбындағы

дастаншылдықтың туын ұстап, көшін бастаумен

келеді.


Қырық  жыл  ғашық  болып,  жасамаған

айласы,  қолданбаған  амалы  қалмаған  пұтқа

табынушы әйел Злиха  намазға жығылған күні

Алла тілегін беріп Жүсіптің жүзі жылыған.

Дүниеге  келмей  тұрып-ақ  Алланың

қалауымен біріне бірі ынтызар болған Ләйлі мен

Мәжнүн  хикаясында  жарылқаушы  Жаратқан

Алланың  Мекеде  Қайыстың  «бұ  дүниеде

қоспасаң  да,  о  дүниеде  қос»  деген  тілеуін

бергеніне аласапыран уақыттарда, дін маңызы

жүректен  лақтырылып  тасталғанда,  ентелеп,

екпіндеп жасампаздық өз қолымызда деп кетіп

бара жатқан замандарда мән берген кім бар.

«Мұның  өзі:  «Адам  құдайдың  құдіретін

танып,  оны  сүю  арқылы  махаббатты  біледі.

Сүйіспеншілік  әр  нәрсенің  себебі  Құдайдан»

дейтін  орта  ғасыр  әдебиетінде  айтылатын

ойлардан шыққан» [3, 151].

Шығыстық, мұсылмандық арғыбастаулар

дегенде  зерек,  сергек,  озық  ойлы  Рахманқұл

Бердібай: «Ал ақынның дастаншылық тараптағы

ізденістері жөнінде, белгілі дәрежеде қорытып

пікір айтуға мүмкіндік  мол. Біздің ойымызша,

Шәкәрім Абай дәстүрін барлық тақырыптар мен

формалар бойынша дамытқанда, әсіресе, дастан

жанрында  ерекше  табысқа  жеткен.  Және  бұл

оның әдебиетінің реалистік қуатын арттырудағы

басты табыстарының бірі  деп саналуға лайық.

Тіпті  ол  дастаншылдықтың  өзіне  дейінгі

үлгілерінен  мүлде  бөлек,  жаңа  сападағы

туындылар жасаған», – дейді [3, 67].

Осында 


ғалым 

Шәкәрімнің

дастаншылдықта  Абай  дастандарындағы  діни

маңызды жаңа мазмұнмен  шалқыта айқындап

жырлағаны  да  меңзелген  деген  ой  келеді.

Абайдың «Ескендірде» де, «Масғұтта» да, «Әзім

әңгімесінде» де дін жолындағы күрес, Алланың

құдіреті бағытын ұстанғандығы айқын.

Абай жырлаған дастандарда жарты әлемді

табанға таптаған Ескендірге Құдайға бастайтын

қақпа  ашылмайды.  «Масғұт»  поэмасын  Абай

барша мұсылман, пайғамбар үмбетінің үрдісімен

Алла атымен бастайды.

«Әзім әңгімесіндегі» алтын жасайтын шал

Әзімді кемемен  алып бара  жатып өз  жайынан

айтатын әңгіме – шығарманың өзегі. Абай «Мың

бір  түннен»  осы хикаяны  алып,  өлеңмен  баян

ШӘКӘРІМТАНУ

2015  №4  (29)


36

етіп  беруінде  мұсылманшылықтың,  діни

ұстанымның, сонау арғы замандардан үзілмей

жалғасып келе жатқан дін жолындағы жанкешті

күрестің жайын жеткізуді көздеп отырғандай.

Бұл дүниені бізге берді тағат қыл деп,

Хақ зікірін дәйім айтып, рахат қыл деп,

Зікірін айтып, шайтан үйін қират деп,

Қайрат қылсаң «файз уа футух» алармын ба?

(Қ.А.Йассауи).

Қазақ 

дастаншылдығының 



жаңа

бағыттары айқын көркемдік негізде даму арнасын

ашқан  ХХ  ғасыр  басындағы  әдеби  үдеріс,

Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр»,

«Нартайлақ  пен  Айсұлу»,  «Ләйлі-Мәжнүн»

туындылары, осындағы көркемдеу қисындары

бағыттарында  әдебиет  тарихын  зерттеудің

кейінгі  кезеңдегі  мүмкіндіктері  молыға  түсіп

отыр.

Шәкәрім 


дастандарындағы 

жанр


талаптарындағы  жан-жақтылық  туралы  адам

образдарын,  суреттеу,  бейнелеу  тәсілдерін,

құрылымдық кемелдік, т.б. көркемдік негіздерде

шәкәрімтануда  алымды  айқындамалар  бар.

Осында шет жағалап қана сөз қозғауды қанағат

етіп  жүрген  бір  мәселе  бар.  Бұл  –  Шәкәрім

шығармашылығының асыл өзегі болған діннің,

дүниетанымдық  ұстанымның  бағытындағы

әңгіме.

Құран  сүрелері  желісінде  бірнеше



шығарма, мұсылмандықтың шарты еңбегін, «Үш

анық»  дүниетанымдық  толғамын  жазған

Шәкәрімнің 

поэмаларында 

исламдық

ұстанымдар мақсатты түрде баяндалады.

«Еңлік-Кебек»,  «Қалқаман-Мамыр»,

«Ләйлі-Мәжнүн»  дастандарындағы  автордың

исламдық  ілім  негіздерін  арқау  ету  мақсұты

айқын.


ХХ ғасыр басында Алаш зиялылары көп

қозғаған мүфтилік мәселесінде әйелдің шариғат

бекіткен бас бостандық құқының жайы Шәкәрім

шығармаларында көркемдік өріске шықты.

Әйел теңдігі мәселесі бүтін бір ұрпақтың

санасында кеңестік жүйемен келген артықшылық

болып  ұғынылып  еді.  Шариғат  бойынша  ері

өлген әйел белгілі бір мерзімнен (4 ай) кейін ендігі

тағдырын  өз  қалауымен  шешуге  ерікті  екен.

Әмеңгерлік  исламда  жо қ.  Түпкі  мүдде

малқостықпен  сабақтасқан  әдет  заңдарынан

әйелді қорғау әдеби шығармада қызу, жедел, жан-

жақты қозғала бастайды.

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі

әйел  теңдігі  тақырыбы  кеңестік  жүйе  тарихқа

келмес бұрын басталған болатын. Шәкәрімнің

поэмаларындағы  әйелдің  бас  бостандығы

мәселесі дін, шариғаттың негізгі ұстанымдары

арқауында өрбитіндігі айқын көрінеді.

Автор  қазақ  ғұрпында,  ата  салттың

желеуімен адам құқын шектейтін әдет заңдарын

арнайы,  ел  өміріндегі  адам  тағдырлары

арқауында  «Жолсыз  жаза»  деп  ат  қойып,

айыптайды.  Арғыда  бір  атадан  тарайтын

Қалқаман мен Мамырдың ғашықтық тағдырын

ертегідей  емес,  нақтылы,  адам  сезімдерінің

шынайы  әсерлену  құбылыстары  арқылы

баяндайтын  автор  екі  жастың  Мамырға  құда

түсуге келетінін естіген сәт Қалқаманның аузына

мынадай сөз салады.

Ей, Мамыр, бұл іс оңай, алдамасаң,

Зорлық жоқ өзің сүйіп таңдамасаң.

«Ер жеткен қыз еркімен ерге тиер» –

Молдалардан есіттім әлдеқашан.

Мамыр-ау, мені сүйсең, кетпе жатқа,

Құдайға хақ, ісім жөн шариғатқа.

Басы бабаң, аяғы шала молда,

Бәріне анық оқыған жаманатқа [2, 284].

1917 жылы Орынборда өткен жалпы қазақ

съезінде  күн  тәртібіне  қойылған  10  мәселенің

біреуі  әйел  мәселесі  болып,  сәйкес  қаулы

алынған.  Әйелдің  күйеуге  тиюде  еркі  өзінде

болсын, қалың мал, әмеңгерлік болмасын деген,

т.б. әйел еркіндігіне мәселелер қаулыға кірген.

Шариғат  жолымен  әйел  теңдігін  көтеру

бастамасында көпке ой тастауымен, кейінде қазақ

қолымен саяси, рухани күрес жолына шыққан

ұлт 


қайраткерлерінің 

қаламгерлік

бағыттарындағы «Бақытсыз Жамал», «Шұғаның

белгісі», «Мұңлы Мәриям», «Қалың мал», «Қамар

сұлу», «Адасқан өмір», т.б. ондаған туындыларға

өріс ашқан. «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр»,

«Нартайлық  пен  Айсұлу»,  «Әділ-Мәрияны»

жазған Шәкәрім қажы Құдайбердіұлы – ықпалды

шығармашылық тұлға.

ШӘКӘРІМТАНУ

2015  №4  (29)


37

Әлихан  Бөкейханұлының  1915  жылы

Шәкәрімнің  «Қалқаман-Мамыры»  жайында

«Қазақ»  газетінде  басылған  мақаласы  да  осы

тұрғыда бірталай қисынға меңзейтіні көрінеді.

Осы мақалада Шәкәрімнің сезім оты шарпыған

ессіз екі жастың аузына «шариғат» сөзін салғанын

Әлихан Бөкейханұлы шығарманың көркемдігін,

шынайылығындағы кемшілік деп мінеп сөйлейді.

Мұны Шәкәрімнен көп сұрап жаздым (көркемдік

тұрғысында  зор  талап  қойып  –  Қ.М.)»,  –  деп

отырып, шариғатқа қатысты тұстарға мән беріп

тоқталады.

Мамырдың: «Әке берсе, қыз болмыс кімге

қатын», – дегені рас, ал Қалқаман:

Ай, Мамыр, бұл іс оңай алдамасаң,

Зорлық жоқ өзің сүйіп, таңдамасаң.

Ержеткен қыз еркімен ерге тиер,

Молдалардан есіттім әлдеқашан, –

деп айтқан жоқ дейді.

«Қазақ қызына 190 жыл бұрын түгіл осы

күні еркімен ерге тию болған жоқ. Шариғатта бұл

болғанымен мұны ол уақыт сөйлеген жоқ. Бұл

ақынның  Қалқаманмен  өтірік  айтып,  рәсімнің

ыңғайына жайылатын молдаға жапқан жаласы»

[5, 187].

Шәкәрім Құдайбердіұлы дін-ислам жолын

тереңнен қозғап, мақсатты түрде, Меке, қажылық

сапардан кейін, 1907 жылы нәзира дәстүрімен

Физули  желісінде  «Ләйлі-Мәжнүн»  дастанын

жырлады.

Қазақ әдебиеттану ғылымындағы сопылық

әдебиетке  қатысты  зерттеулерге  зер  салсақ,

нәзираның  түп  негізінде  Алланың  пәктігін

жырлау  –  зікір  салу,  түсінікке  түсінік  беру

тұрғысында ой туады.

«Ләйлі-Мәжнүнде»  Алланың  қалауымен

болған  істер  мән  бере  айтылады.  Алланың

құдіретін дәріптеуде қайталау – орныққан бағыт.

Бұл бағытта тұтас шығарма да қайталана береді,

шығарма ішіндегі Алланың қалауымен болатын

құбылыстар да айтыла береді. Мас болу, өртену

мотиві сопылық әдебиеттің көркемдеу тәсілдері

есебінде айқындалған.

«Шәкәрім  Құдайбердіұлы  –  қазақ

әдебиетінде атақты Қожа Ахмет Йасауи жолын

қуып,  сопылық  мәнде  пәлсапалық  өлеңдер

жазған  және  де сопылық  поэзия  элементтерін

біліп  қолданған  бірден-бір  ақын»,  –  дейді

шығыстанушы,  йасауитанушы  ғалым  Ақбота

Ахметбек.

Сопылық поэзия өкілі Хафизден аударған

өлеңдерінде  Шәкәрім  шарап  құюшыны

«қымызшы»  деп  атағаны.  «Ләйлі-Мәжнүн»

бағытында қазақ әдебиеттанушылары ішінде ең

алғаш  Ақбо та  Ахметбек  мынадай  батыл

байламдар  жасады.  «Аталған  дастан  парсы

үлгісінде сопылық мәні әбден айқындалып, бүкіл

Шығыс  елдерінде  Мәжнүн  «Ғашық  сопы»

символы болса, Ләйлі  «Хақ» символы ретінде

жырлану дәстүрі кең танымал еді» [6, 255].

Нәзираның  дін  негіздерін  ұғындыру

бағытындағы  бірте-бірте  кең  орнығып,  бағзы

замандарда  поэзияның  өзі  Алланың  құдіретін

жеткізу миссиясынан өріс алып жайылғанындай

әдеби  шығармашылық  дәстүр  мәні  бел

алғандығы  бағытында  иланымды  зерттеу

жасаған ғалым «Ләйлі-Мәжнүн» дастанындағы

сопылық негіздерді тарқата түскен.

«Мәжнүн  мен  Ләйлә  махаббаты  ерекше,

яғни аллаһи екенін көрсету үшін сопылар үнемі

соған мегзейтін детальдарды кіргізіп отырды: екі

баланың бір-бірін жылап іздеуі – махаббаттың

әлімсақтан  келе  жатқанын  көрсетсе,  екеуінің

физикалық жақындасуынан от шығу, жалын ату

сияқты  көріністер  махаббаттың  бұл  дүниелік

емес екеніне үлкен ишара деп білеміз» [6, 45].

Баласы оның-дағы жылайды екен,

Көтеріп уатқаны ұнайды екен.

Балалар жылағанын қоя қойды,

Себебі әр нәрсенің Құдайда екен [2, 351].

... Іс болды таңқаларлық мұның өзі,

Мінеки сондағы айтқан кемпір сөзі.

«Жан берген қара тасқа, құдайым-ай!

Жетеді қасіретіңе кімнің көзі! [2, 352].

Қайысқа тас емшегі жібіген кемпір Ләйліні

емізе алмайды.

Бұл кемпір ұрғашыдан туған зерек,

Кісі екен оқымысты жөні бөлек.

Екеуін бір емшектен емізбеске

Алланың бір хикметі болса керек [2, 354].

ШӘКӘРІМТАНУ

2015  №4  (29)


38

Шәкәрім  Құдайбердіұлының  ақындық

бағытында  сопылыққа  ден  қойған  астарлы,

аңсарлы  шығармасы  «Ләйлі-Мәжнүнді»  жазу

мақсұты  бес  жоғын  іздеумен  бірге,

дүниетанымдық  бағытын  байытқан  сопылық-

исламдық  арқауды  бекіту,  поэтикалық  арнада

тұғырлау болғандығы анық. «Мәжнүннің шын

жайын түсіндіремін деп аудардым» дегендігі де

осыған меңзейді.

А.Ахметбек 

Н.Пригаринаның,

Е.Э.Бертельстің пікіріне сүйене отырып сопылық

поэзияның  мәні  ең  басынан-ақ  түсіндірме

факторына негізделетінін көрсеткендігі туралы да

ой қозғаған.

Шәкәрім  Құдайбердіұлының  әдеби

мұрасын, ойшылдық, дүниетаным бағдарларын

зерттеушілер 

әрдайым 


оның

шығармашылығындағы  діни  бағыт,  сопылық

поэзия нышандарына зер салады.

Қазақ  елінде  діни-ағартушылық  кең

жайылған  тарихи  бір  кезеңде  өміртанымы

қалыптасқан,  Құнанбай  қажының  мектеп-

медресе  көрген  ұрпағы,  дүниені  ой  көзімен

барлаған  Абай  ақынның  қандас,  рухани  інісі

Шәкәрім қажының мұсылманшылық тұтқасын

айқындау ілімі тұрғысында әлі де айтылуы тиіс,

әсіресе ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының

саяси-әлеуметтік  қал-күйінің  ерекшеліктерін

ескере  сабақтастырып  ой  түюді  қажет  ететін

күрделі факторлар бар.

Шәкәрім  поэзиясындағы  Алланың

құдіретін мойындау бақытымен астасып жатқан

адамсүйгіш 

аңсарлардың 

поэтикалық

түзіліміндегі  әр  тарапты  үлгілер  ақын

дүниетанымындағы қайшылықтар қақтығысын,

түлеу,  үдеу  үдерісін  хабарлайды.  Заманы  жүз

құбылған  Шәкәрім  ойшыл  тау  ішіне  оңаша

кеткенімен,  берекесіз,  құт  қашқан  әңкі-тәңкі

уақытының  мың-сан  қасіретінен  оқшаулана

алған жоқ.

Ақынның адамды жан рахатына бөктіретін

таза нұрға жан ұшырып ынтыға жазылған, ұлы

мәнді басқаға ұғындыру бағытындағы өлеңдері

бар.


Тауық неге шақырар сағат сайын?

Дей ме уақыт өткенін ұқтырайын.

Кейде зарлы дауыспен ит ұлиды,

Білемісің, қылып тұр нені уайым?

... Олар деп тұр – ойға алып бір құдайым, –

Зор құдіретін әлемге ұқтырайын.

Құлшылық, намазы мен иманы сол, –

Күнде бір, айында бір, сағат сайын [2, 261,

262].

Бұл  дүниенің  ауыр  бейнеттерінің  арты



қайыр болатынын жұбаныш етіп те тыншитын

сияқты. Ақырзамандық нышандары тым басым

заманының  ахуалынан  да  баз  кешіп  кете

алмайды,  өз  уақытының  пенделік  күйлерін  де

күйлеген торығу толғамдарын жазады.

Шәкәрім шығармашылығындағы әр тарап

жанрлық өріс, астар мен аңсар алдағы күндерде

де  озық  көркемдік  таным,  талап  ауқымында

зерттеле бермек.

Ақын бірқанша туындысын Йасауидің өлең

өрнегінде жазады.

Әуелі сопыны сойды,

Жүрегін алдына қойды.

Көріп ем талай тойды,

Дедім мен – «астапыралда!»

«Құран», «Інжіл» қылып қақпан,

Адам аулап сойып жатқан.

Шапанымен қанын жапқан...

Дедім  мен  –  «астапыралда!»  («Қырық

жылдан өтіп жасым»).

Соңғы тармақ 18 шумақта қолданылған.

Құранға 


жүгініп 

тәлім 


айтудың

жалпыадамзаттық  дәстүрлі  поэтикалық

арқауларын қилы көркем тәсілмен сәулелендіріп

отыратын  Шәкәрім  тіл  қолданыста  тосын,

қашалған  тастай  қиюлы  тіркестер  туғызады.

Таптырмас аллюзиялар жасайды. Адам аулау, ой

көму, шалғыншы ой, жүректің ақ нұры, мойны

сынбаған  көңіл  сынды  тіркестер  Абайдың

сөзжасамдағы  озық  өнегесі  дәстүрін  де

арқаланады.

Шәкәрім  Құдайбердіұлының  1912  жылы

Семейде «Жәрдем»  баспасында жарық  көрген

«Еңлік-Кебектің»  кіріспесінде  берген  қысқаша

түсініктің мәні елеулі.

«Бұл әңгіме – 1780 жылы шамасында, осы

Шыңғыс тауында Матай мен Тобықты арасында



ШӘКӘРІМТАНУ

2015  №4  (29)

39

болған іс. Шариғатта әкесінің атастырғаны жас

қызға неке есепті десе де, өзге дүниелік пайдасын

ойламай, жалғыз ғана қызының пайдасын ойлап

берер  дегені.  Әйтпесе,  жас  баланы  сатып,

пайдаланып,  кем-кетікке  беріп  обалына  қал

демейді.  «Мен  соны  ойлап,  Еңлік-Кебекті

соншалықты жазалы демеймін».

Зерттеуші  Ө.Әбдиманұлы  «Еңлік-

Кебектің»  1892  жылы  Абай  ықпалымен

жазылғандығын айтады.

Шығарманың жазылу мақсұтында шариғат

жолы  мен  ескі  салттың  ымыраласа  бермейтін

фактілеріне бағытталғандығы айқын. Осында ХХ

ғасыр  басында  алаш қайраткерлері  ұдайы  күн

тәртібінде  ұстаған  мүфтилік,  неке  заңдары

мәселесінің  бастауында  Абай-Шәкәрімдей  ой

алыптарының болғандығы көрінеді.

Шәкәрімтанушы  Балтабай  Әбдіғазиұлы

«Қалқаман-Мамыр»  по эмасындағы  ақын

мұратын тарқата саралайды.

«Поэмадағы  негізгі  ой  арқауы  –  ғашығы

Мамырды өлтірген, өзін ажалға байлап берген

опасыз елдің ішінен Қалқаманның оқшауланып

кетуі. Оның себебі қоғамдағы әділетсіздік, ескілік

психологиясын,  ата-баба  салтына  негізделген

халықтық сана.

Осы  оқшаулану  Қалқаманның  жан

дүниесіндегі  алапат  өзгерістерді,  шариғат  пен

ұлттық әдет-ғұрып арасындағы тартысты көре

тұрып,  соған  қарсы  істер  айла  таппаған

ағайындарына деген көзқарасындағы, перзенттік

сезіміндегі төңкерісті байқатса керек» [7, 35].

Шәкәрім  Құдайбердіұлының  діни-

ағартушылық 

бағыттағы 

о йшылдық

дүниетанымы рухани-эстетикалық тұғыр тапқан

әдеби мұрасы – келешек кешенді зерттеулердің

игілігі.


PS  Шәкәрім  Құдайбердіұлы  қажылық

сапарынан 

соң 

өндіре 


жазып,

мұсылманшылықтың Ақиқатқа ынтық негіздері

мен  ұстанымдары 

тұрғысында  қазақ

поэзиясының тарихындағы әрі соны, әрі ежелгі

көркемдік  мақамында  дәстүрлі  ағыстармен

бойлай  отырып  жаңа  жағалауларға  беттеген

поэтикалық өріс ашты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет