2015 №4 (29)
27
АБАЙТАНУ
күлулері қисынды болса газеттік нұсқада көз
жазбау керек, өйткені ол - түпнұсқа.
Енді қарқылдаудан құтылған «байғұс
шалдың» жарамсақсып, жалпылдағаны мен
қаңқылдағынына келсек, академиялық
жинақтағы ақ көйлекті, таяқты ақсақалдың бұл
қылығы қүдікті ой туғызады. Жинақтағы бұл
жолдар өлеңнің шығу тарихын әңгімелеп берген
Көкбайдың естелігінен шыққан сияқты. Онда:
«Жаз» өлеңіндегі Абайдың суреттеген ауылы өз
ауылы. Байдың (1933жылғы толық жинақта
«Абайдың» деп берілген (338-бет) астындағы
аяңшыл - Абайдың Әбдірахметтен алған
«аяңшыл күрең төбел аты». Айқайшы шалы: сол
жылы өз ауылымен көрші болып отырған Әнет
Бармақ деген шал. Құс салып жүрген жас
жігіттер өзінің балалары: Ақылбай,Әбдірахман
болатын» делінген. Сол беттің соңында қызыл
қаламмен жазылған гло ссты (ескертпені)
кездестіреміз. Онда мынадай сөздер бар.
«Көкпай «Жаз» өлеңіндегі аты аталмай жазылып
айтылған адам атаулының барлығын өзінше атап,
танытып пәлен-пәлен деп береді. Бірақ біздің
ойымызда бұл Көкпайдың өз топшылауы, өз
шешуі. Дәліне келгенде өз шешуі ұқсаса да, тақ
аяңшылға мініп келген бәйге атындай
аңқылдайтын байды Абай өзім деп қойдыма
екен. Бұл тым надан бай, ол Абай болмас».
Көкбайдың естелігін өз аузынан естіген жазушы
М.Әуезовтің сөзі екендігіне шүбә жоқ.
Түпнұсқадағыдай «байғұс шалдың» бейнесі
аңғартылмаса, байдың «надандығы» да
байқалмас еді... Біз негізінен газетте жарияланған
мәтіннен көз жазбауға тиіспіз, өйткені қолымызда
түпнұсқа деп танырлық қолжазба жоқ қой.
Сонымен, «Абайдың әдетінде бір жазған
өлеңін қайта түзеп жазып, қайтадан қарастыру
машығы жоқ. Жалғыз ғана «Сегіз аяқ» деген
өлеңінің басын қайта бір түрлі қылып айтып еді
деген сөз бар», - деп жазған М.Әуезовтің пікіріне
сүйенсек, жинақтағы артық жолдар Абайдың
атына шаң жуытпау «саясатынан» сол кездегі
шәкірттерінің немесе көшіруші мен жинаушы,
жариялаушылардың түзетулері ме екен деген
ойға бастайды.
Енді «Жаз» өлеңіндегі жекелеген сөздердің
дұрыс-бұрыстығына келсек, түп нұсқада:
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жүні қылтылдап
Құр ағарып алыстан –
делінсе, академиялық жинақта:
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап, -
деп келтіріледі. Түсінікте: «І. Жансүгіров 1923ж.
«Тілші» газетінде Ташкентте шыққан жинаққа
сын пікір ретінде «Абай кітабы» атты мақала
жазып, бір алуан қате басылған сөздерде қалай
дұрыстап оқу керек екендігін нанымды көрсетті.
Мысалы «Шалғыннан жүні қылтыңдап» емес,
«шалғыннан жоны қылтыңдап» деген дұрыс
екенін,алғаш көрсеткен І. Жансүгіров болатын»
(246-бет), - деп берілген.
Жалпы алғанда, «жон» қылтыңдамайды,
қылтылдамайды да.
«Түсіндірме сөздіктің» (1982) 6-томында
«қылтылда» сөз «бір байқалып, бір жоқ боп,
болар болмас қана көріну» делінген. Олай болса,
«шұрқырап жатқан жылқының» яғни, көп
жылқының жоны шалғыннан болар-болмас қана
көрінбесе керек. Со ндай-ақ «құр ағарып
алыстан» деген өлең жолы академиялық жинақта
алынып қалған. Түпнұсқадағы шалғында
шұрқырап жатқан жылқының жүні алыстан құр
ағарып қылтылдап тұрған суреттің қандай
өзгешелігі бар.
Енді «әзілдесіп сылқылдап» деген сөз
тіркесіне келсек ғалым Қ.Мұхамедханов өзінің
«Абай шығармаларының текстологиясы
жайында» еңбегінде: «Жаз» өлеңінің 1909 жылғы
жинақта:
«Жасы үлкендер бір бөлек
Кеңесіп күліп, сылқылдап», -
деп басылған жиырма жетінші жолы – 1954
жылғы жинақта одан бұрынғы жинақтарда:
«Әзілдесіп сылқылдап», -
деп қате басылып жүр.
Шынында «Жасы үлкендер» деген соң
«кеңесіп, күліп» деген орынды айтылып тұрғаны
2015 №4 (29)
28
АБАЙТАНУ
даусыз. Сондықтан, 1909 жылғы кітапта Абай
сөзі дәл берілген. Өлеңіннің 19-шы жолында:
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып
Әзілдесіп сыңқылдап,-
деп «әзілдесіп» деген сөзі жастарға арналып өз
орнында айтылып тұр. Сондықтан 1909 жылғы
кітапта Абай сөзі дәл берілген дейміз» (20-бет)
деген тұжырым жасайды. Ал газеттік нұсқада:
Қыз-келіншек үй тігер
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып
Сыбырласып сыңқылдап.
...Жасы үлкенге бір бөлек
Әзілдесіп сылқылдап,-
деп берілген. Мұнда да ақ білегін сыбанған қыз-
келіншектердің сыбырласып сыңқылдағаны,
«көңілі жақсы жайланған» жасы үлкендердің
әзілдесіп сылқылдағаны өз үйлесімін тауып
тұрғандай. Абайдың «сыбырласып» деген сөзді
қолданғандығы шүбә тудырмайды. Оған дәлел,
Абайдың жарияланбаған өлеңдерінің ішінде
мынадай жолдар кездеседі:
Ел қонса үй тігісіп, жүк жыйысып,
Сыпсыңдар қыз-келіншек сыбырласып.
Сонымен бірге академиялық жинақтағы «ет
әпер», «көк құсы» деген сөздерден гөрі
түпнұсқадағы «тамақ бер», «құстары» деген
ұғымдар мағынаны аша түседі. Біріншіден, «ет
әпер», «нан әпер», «қымыз әпер» дейтіндей
талғаммен ішетін бай, манап емес, қарны тойса
мәз болатын кедей баласына тамақ сұратқаны
орынды сияқты. Екіншіден, жаздың жалпы
көрінісін суреттеген кезде жеке бөлшекті тым
даралау да әсерлі шықпайды. «Көк құсы» да
соған саяды. Ақынның тілінде бозбала жалғыз
емес және «көк құс» пен «қазды» қатар келтіру
шығармаға ажар бермейтінін де естен
шығармаған абзал.
«Жазды күн шілде бо лғанда» деп
басталатын
өлеңінің
текстологиясын
тексергенде, ең бірінші: «Дала уалаятының
газетінде» жарияланған нұсқа негізге алынып,
одан кейінгі жарияланымдар мен естеліктер
со ған
бейімделе
баяндалып,
Абай
шығармаларының кейінгі басылымында осы
шарт ескерілуі қажет.
Қорыта айтс ақ, Абай мұрасының
жинақтарындағы емлелік қателердің әлі де
кездесуі
баспа
қызметкерлерінің
жауапсыздығынан десек те ақын мұрасын дұрыс
түсінуде қиындық туғызатыны да аян. Бір
өлеңінен 4-5 қатеден шыққанда бар өлеңдерінен
қаншама кездеспек? Ал, тыныс белгілерінің
дұрыс қойылмауы өлеңнің мағынасын мүлде
өзгертіп жіберетінін жоғарыда байқадық. Ұлы
Абайдың мұраларына жауапкершілікпен қарап,
оны құрметтеу әрқайсысымыздың бірден-бір
парызымыз.
Резюме
Resume
В статье автор изучает текстологию произведений Абая, проводит сравнительный анализ
стихов, опубликованных в газете «Дала уалаяты» со сборником стихов, вышедший в 1995 году.
2015 №4 (29)
The author examines textology of Abai, a comparative analysis of poems published in the newspaper
"Dala ualayaty" with a collection of poems, published in 1995.
29
АБАЙТАНУ
Н.КУДУШЕВА, магистр
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Алматы қаласы
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АДАМ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX
ғасыр басында алғаш рет ұлт тілінде шығып ұзақ
жылдар бойы бодандықтың құрсауында
болғандардың сана- сезімін оятып, көкіректерін
ашуға өзінің көсем сөзімен, асқан даналығымен
барша әлем халқын тәнті қылған дана ақын, дара
ақын- Абай деп толық айта аламыз. Абай - иісі
қазақ жұртының мақтанышы, Абай арқылы қазақ
елі әлемге танылды десек тағы да
қателеспейтініміз анық.
Бүгінгі таңда Абай шығармаларындағы
мәселелердің кез-келгені өте өзекті мәселелер.
Соның арасында психологиялық, педагогикалық
көзқарастары да өз алдына үлкен дәріс. Олай
айтатын себебіміз ақынның шығармаларындағы
адамға қатысты айтылатын ой- пікірлер. Абай
психология ғылымына арнап арнайы өлең-
жырларын арнамаған десек те оның
шығармаларының өзегінде тұнып тұрған
психологияны байқаймыз.
Абайдың психологиялық көзқарастарын
танытатын да материал мол. Әсіресе, ұлы
ақынның қара сөздерін қайталап оқыған сайын
оның адам жанының нәзік білгірі болғанына көз
жеткіземіз. Абайдың психологиялық
көзқарастары қазіргі ғылымда жан жақты
қарастырылуда. Осы ретте психолог – педагог
ғалымдар Т.Т.Тәжібаев, Қ.Б.Бержано в,
Ә.У.Сембаев,
Қ.Б.Жарықбаев,
С.Қ.Қалиевтардың еңбектерін ерекше атап
өткен жөн.
Абай шығармаларында мінез-құлық
мәселелері оның өлеңдері мен қара сөздерінде
орын алған. Психология ғылымы бойынша мінез
– өз алдына дараланған тұлғалық болмысты
құрастырушы әрекет-қылықтардың сеп-
түрткілері мен әдістерінің тұрақтанған жүйесі.
Мінез – тұлғаның әлеуметтік қалыптасқан
әрекет-қылығының жөн-жобасы, бекіген,
өзгеріске келмейтін жекеленген қылықтар
ерекшелігі. Осыдан да бір адам екіншіге
ұқсамайды. Дегенмен, мінездің бір беткейлігін
мойындай отырып, әрқилы өмір жағдайларында
бір адамның өзінде де түрлі, тіпті бір-біріне қайшы
келетін мінез сапалары көрініс беретінін есте
ұстағанымыз жөн.
Мінез және оның әрқилы қырларының
қалыптасуында қоршаған ортаның сындарлы
талаптары, адамның өмір жолында кезігетін аса
қажетті жағдайлар өте маңызды рөл атқарады.
Абай өзі сүрген қоғамын, заманын сынай
отырып, сол заманның ығына жығылып,
озбырлық танытатын би-болыстардың мінез-
құлқын қатал сынға алып, тәржімелейді. Ұлы
ойшыл Абай адамның өсіп- жетілуіндегі
тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала келе, өзінің 19-
қара сөзінде “Адам баласы туа сала есті
болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің
айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында
болады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу
Абайдың шығармаларындағы педагогикалық, психологиялық көзқарастарды, ой-пікірлерді
қарастыра отырып, адамның қалыптасуына әсер ететін факторларды талдайды.
Тірек сөздер: Абай, тұлға, мінез-құлық, психология, педагогика.
2015 №4 (29)
ӘОЖ 821.512.122
30
АБАЙТАНУ
ғана есті етеді” – ақыл-естің тәрбиенің жемісі
арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп
береді. Абай “сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге
кетеді” дейтін теріс көзқарасты әшекерлеп, адам
мінезі өмір сүру барысынан сабақ алып, өзін
қоршаған жағдайларға байланысты өзгеріске
еніп, оның іс- әрекеттері арқылы көрінеді деген
тұжырым жасайды. Адам мінезінің түрлерін
адамгершілік,
моральдық
имандылық
тұрғысынан қарастырып, оларды жақсы және
жаман деп жіктейді. Әдептілікті, сыпайылықты,
құмарлықты, тәуелсіздікті, беріктікті жақсы
мінезге жатқызса, озбырлықты, қыңырлықты,
сенгіштікті, арсыздықты, мақтаншақтықты,
қулықты, жауыздықты, т.б. жаман мінез деп
есептейді.
Абай: “Адам баласы бір-бірінен ақыл, білім,
ғылым, ар, мінезбен озады, онан басқа
нәрселермен оздым ғой демектің бәрі
ақымақтық” – дей келе, өсіп келе жатқан
ұрпақты тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның
рөлінің ерекшелігін саралап көрсете білді.
Өсе, ер жете келе, әртүрлі тәрбие
құралдары арқылы баланың жанына
жақсылық ұрықтарын егіп, оларды игі
сезімдерге, адамгершілікке, имандылыққа,
тәрбиелеуге болады. Бұл ретте ақын бала
міне зін қалыптастыруда ата-анасының,
ұстаздарының, құрдастары мен достарының
үлгі-өнегелері мен тәрбиесінің маңызы зор деп
дұрыс түйіндейді. Сонымен қатар отбасынан
алатын тәлім-тәрбиенің әсері ерекше екенін де
баса айтады.
Осы айтылғандар және жеке басының
ерекшеліктері жайлы айтқан психологиялық
пайымдаулары өзінің ғылыми тереңділігімен
ерекше бағалы.
Баланың жақсы азамат болып өсуіне әр
түрлі факторлар ықпал етеді дейді, мұндай
ықпалды жағдаяттар, әсіресе, адамға оның
балалық және жас өспірімдік шақтарында күшті
әсер жасап, нақты мінез бітімін қамтамасыз етеді.
Алайда, мінез тұлғаның дүниетаным, өмірлік
бағыт-бағдарымен байланысты болатындықтан,
ол ересек шақта да белгілі мақсатты бағдарда
жедел күйде қалыптасып, өрістеп баруы мүмкін.
Мінездің біршама элементтерден құралатынын
бүгінде барша ғалымдар мойындап отыр. Ондай
элементтер - бітістер, қасиеттер, сапалар және
т.б.
Мінез бітістері – бұл жеке адам
ерекшеліктерінің даралықты көрсеткіш, белгілері.
Бітістерді зерттеуде аса маңызды келетіні олар
арасында нақты адам бойындағы жетекші бітісті
таба білу. Осы талапқа орай ғалымдар барша
мінез бітістерін екі топқа бөледі: бағыт-бағдар
бітістері және ерік
Мінезде әрбір адамның әлеуметтік ортақ
және даралықты, жеке өзіне тән сапа-қасиеттері
бекиді, оның әлеуметтенуі мен тәрбиесінен
қаланған сапалар көрініс береді.
Бір мінез бітістері жетекшілік деңгейде
көрініп, тұлғаның мінездік кейпін танытады. Ал
өзгелері екінші дәрежелі болуы мүмкін. Мінездегі
мәнді сапа – бұл психикалық бітістердің өзара
сәйкес келуі, яғни тұтастығы, тұрақтылығы, тепе-
теңдігі.
Мінездің еріктік бітістері - әрекет-қылықты
саналы реттеу үшін қажет тұлғалық, тұрақты
дараланған типологиялық ерекшеліктері.
Мінездің негізгі сапалары: табандылығы,
жігерлілігі, ұстамдылығы мен байсалдылығы –
тұлғаның еріктік болмысына байланысты келеді.
Мінез табандылығы – әрқилы жағдайлардағы
бағыт-бағдар және көзқарастар тұрақтылығы,
сөз бен әрекет-қылық үйлесімділігі.
Мінез
күш-қуаты
–
адамның
қайраттылығы, ұзақты төзімділікпен күрделі
жағдайлардағы кедергілерді жеңе білу қабілеті.
Мінез беріктігі – мінез күші мен тұлғалық
принциптілік бірлігі.
Мінез байсалдылығы – әрекет-қылықтық
бір қалыптылығы мен ұстамдылығы, тұлғаның
көңіл-күй – еріктік тұрақтылығы.
Мінез сан – алуан бітістерге ие, дегенмен,
әрекет-қылықты реттеу қажеттігі туғанда олар
арасынан нақты мезетте керек болатыны алғы
шепке шығады. Бұл орайда, әсіресе, адам
психикасының еріктік тарапы маңызды келеді.
Себебі, өмірдің әрқандай күрделі жағдайларында
адамның өзін-өзі билей алу қабілеті оның саналы
ерік күшіне, бұл сапамен бірге жүретін
тұрақтылық пен табандылық қасиеттеріне
байланысты келеді. Ал тұлғаның құндылықтық
сапалары оның инабаттылық және танымдық
(ко гнитивтік)
бағыт-бағдарларымен
2015 №4 (29)
31
айқындалады.
Жетінші сөзіне зер салалық. Мұнда жас
баланың анасынан туғанда екі түрлі мінезбен
туатынын, біреуі – ішсем, жесем дейтінін, онысы
тәнқұмарлығы екенін, екіншісі – білуге құштар
келетінін, онысы жанқұмарлығы екенін
әңгімелеген тұстар нағыз психолог екенінен хабар
береді. «Ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе
де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «Ол немене?»,
«Бұл немене?», деп «Ол неге үйтеді?», «Бұл неге
бүйтеді?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін
сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан
құмары» дей келіп есейгенде қазақтардың одан
айырылып, қалу себебін қарастырып: Тәннен
жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғысса керек еді.
Жоқ, біз олай қылмадық деп қынжылады.
Ақын өзі өмір сүрген дәуірдің өзінде-ақ,
адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға
байланысты екенін мойындады. Өзінің отыз
жетінші қара сөзінде: «Мен, егер заң қуаты
қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп
болмайды деген кісінің тілін кесер едім»,-деп
көрсетеді
Қоғамның әлеуметтік жағдайы, оның
мәдениеті, тілі мен діні дұрыс болуы үшін сол
қоғамда өмір сүріп отырған адамы түзу болу
керек. Адам мінезінің қалыптасып, жетілуінің
негізгі көздері ақынның мына толғанысында
байқалады.
Ойға түстім толғандым,
Өз мінімді қолға алдым.
Мінезіме көз салдым,
Тексеруге ойландым.
Міне, бұл жерде адам мінез-құлқының
қалыптасуына үлкен мән бере отырып, адам
өзін-өзі тәрбиелеуі қажет дегенді баса айтты.
Адамның өз ісіне, өзіне баға бере алуы, өзін-өзі
тануы аса маңызды. Бұл жөнінде Абай былай
дейді: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың
келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында
бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!
Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай
өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге
жарамды күніңде өзің өкінбестей қылықпен
өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді
өзің де білмей қалыппысың? Өз-өзіңнен есеп
ала білу жақсы мен жаманды ажырата білуге
жетелейді. Есеп алу жолын былайша көрсетуге
болады.
АБАЙТАНУ
2015 №4 (29)
Абай шығармашылығынан психологияға
қатысты мәселелерді көптеп келтіруге болады.
Бірақ та, өкінішке орай арада қанша уақыт өтсе
де, Абай заманындағы адамнан бүгінгі адамды
көп өзгере қойды деп айту да қиын. Ол өз
заманының бейнесін келтірген «алауыздық,
пасықтық,
көрсеқызарлық,
арсыздық,
қиянатшылдық, дүниеқорлық, жалпақтық,
менсінбеушілік, жайдақтық, билікке, мансапқа
құмарлық, сатқындық, надандық, бейшаралық»
сияқты мінездер әлі де бүгінгі адам баласының
бойынан арылмай келеді.
Қорыта келгенде, ақынның бай мұрасы
арқылы адам мінез-құлқының қыр-сырын
танылады, мінездің қалыптасуына қоршаған
ортаның ықпалы өте зор екендігі баса айтылады.
Дегенмен, адамның өз тағдыры өз қолында
демекші, әр адам өз-өзіне есеп бере отырып,
бойындағы теріс-жат қылықтары болса, «жаман
мінездік» сапалары бой ұрса, өзін тәрбиелеу
Өзіңнен
өзің
есеп ал !
Жұмасына
бір рет
Айына бір рет
Күніне
бір рет
32
АБАЙТАНУ
Резюме
Resume
В статье рассматриваются педагогические, психологические аспекты в произведениях Абая
и их влияние на формирование человека как личности.
2015 №4 (29)
арқылы олардан аластауына болады деп
айтамыз.
Әдебиет
1 Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-
тәрбиесі. Алматы, 1995.
2 Намазбаева Ж. Психология. Алматы ,
2006 ж
3 Әуезов М. Әр жылдар ойлары. Алматы,
1959.
4 Құнанбаев А. Шығармалары 2 томдық,
1,2 том. Алматы, 1968.
5 Тәжібаев Т., Құнанбаев А. Жастарды
тәрбиелеу туралы. Алматы, 1954.
6 Абай.Қара сөз. Поэмалар. Книга слов.
Поэмы. Алматы, 1993.
The article deals with educational, psychological aspects of the works of Abay and their influence
on the formation of man as a person.
33
ШӘКӘРІМТАНУ
2015 №4 (29)
Қ.МӘДІБАЙ, филология ғылымдарының докторы,
профессор
Е.СОЛТАНАЕВА, филология, ғылымдарының
кандидаты
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Алматы қаласы
ӘОЖ 81-255.2
Ш.ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ДАСТАНДАРЫНДАҒЫ
МҰСЫЛМАНШЫЛЫҚ ҰСТАНЫМДАР
Мақалада Ш.Құдайбердіұлының «Ләйлі-Мәжнүн» шығармасына негіз болған оқиға діни арқау
тұрғысынан зерделенген. Шәкәрімнің әдеби мұрасын зерттеуде аталған туындының нәзира
дәстүрі, ғашықтық дастан бағытындағы қарастырылып келе жатқаны мәлім. Алайда, шығыста
ежелден жырланып келе жатқан осы баянның негізгі ұстанымы Алланың хақтығы, оның пәрмені
туралы айтылмай келді. Шығарма Ләйлі мен Мәжнүнге Алланың бұл дүниеде қосылуды
жазбағандығын баяндайды деген ой қозғайды.
«Ләйлі-Мәжнүнді» ХІХ ғасырда қазақ әдебиетіне елеулі ықпалы болған мұсылмандық
ағартушылық арқауында Абайдың «Ескендір» «Масғұт», «Әзім әңгімесі» дастандары да осы
бағытта жазылғандығымен сабақтастыра отырып нақтылы саралаулар жасайды.
Шәкәрім Құдайбердіұлы жырлаған «Ләйлі-Мәжнүн» дастанының әр жылдардағы
басылымдарымен дәйектеле түскен мәтіндік салыстырулар әдеби мұраны игерудің жан-жақты
міндеттері ескеріле отырып жасалған.
Авторлар діни ұстанымның дәріптелу, дін жолындағы күрес арқау болған әдеби
туындылардың ұзақ уақыттар бойы бұра мазмұндалып, бір жақты танылу, бағалану мәселелеріне
көңіл бөлген.
Тірек сөздер: мұсылманшылдық ұстаным, дастан, сопылық поэзия, назира, дүниетаным,
поэтика, ақындық мектеп
Дін жайында, мұсылманшылықтың
мұраттары
тұрғысында
дер
кезінде
дағдыланып, иланып, нұрланбаған, көлеңке
үйірілген жадымызда көмескі ұғым басым.
Жойқын сөз өнеріміздің бар шалқары
құндылық-киесі қату замандарда қағажу көріп,
көркемдік таным кенде қалды.
Әдеби мұраны игеру мен иемдену
жолында бұрмаланған таным шеккен шексіз
мехнаттың тұтас бір ағысы діннің жайы болды
да, тұмшаланған ұрпақ санасы ең маңызды
тұғыр-бастауларды ажырата алу, ыңғай білдіру
әлуетінен айрылды.
Айтылмаған ақиқаттарға кенелу бақыты
бұйырса да, түйсіну бақыты дер кезінде
қонбаған кембағал зерде күрделі дүниелерден
тайсақтай береді.
Шәкәрім ақын, Шәкәрім о йшылдың
әлемінде де бес қаруы сай мықтылардың өзі сырт
айналып өтетін қату қисындар аз емес.
«Шәкәрім – Шығыс шайырлары желісін
үзбей келген ізгілік ілімінің, исламның ішкі
мазмұнының мәнін бізге жеткізуші ұстаз. Әр сөзі
Құран аяттарымен астасып жататын ақын
жырларындағы кәміл махаббат үнін есту үшін
қадірлі оқырманның дін тарихы мен ислам
даналығынан, пайғамбар хадистері мен Ибраһим
Эдһам Зуи Нун Мисри, Баязид Бистами, Омар
Һәйам, Фариздад Дин Әттар, Джаллаләддин
Руми, Әмір Хұсрау Деһиәуи, Муслихуддин Сағди,
Қожа Ахмет Йасауи, Шамсуддин Хафиз, Низами
Биджәуи, Әлішер Науаи сынды әулие-
34
ШӘКӘРІМТАНУ
Достарыңызбен бөлісу: |