Құқықтық тәрбие берудің теориялық негіздері



бет12/28
Дата14.08.2023
өлшемі225,66 Kb.
#105256
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
Педагогикалық-ұйымдастырушылық шарт мұғалім жеткіншектерге құқықтық тәрбие беру барысында оқу-тәрбие үдерісінде жағымды орта жасауды; құқықтық білімдер жүйесін (құқықтық тәрбие туралы мемлекеттік нормативті құжаттар оқып үйрену, гуманитарлық қоғамдық пәндер жүйесінде) меңгертуді; соның негізінде жеткіншектердің құқықтық санасын қалыптастыру үдерісін қарастырады.
Психологиялық-педагогикалық шарты меңгерген білімдер негізінде жеткіншектердің мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заң талаптарына сай қалыптастыру үшін ең алдымен мұғалімге оқушының тұлғалық, рухани, әлеуметтік даму деңгейін диагностика арқылы айқындау үшін қажет.
Тұлғаның дамуына психологиялық – педагогикалық қолдау көрсетуді; әрбір оқушының тұлғалық ерекшелігін, деңгейін ескеруі; жеке тұлғаны қоғамның талаптарына сай әлеуметтендіруді; ұжымның алдында тұрған ортақ мақсатты дұрыс белгілеуді, соған сәйкес атқарылатын іс-шараларды дұрыс жоспарлауды қарастырады.
Әдістемелік шарттар - субьектілік іс-әрекеттерді ұйымдастыруды, қарым-қатынас іс-әрекеттерінде (мұғалім – оқушы, ата-аналар, психологтар, құқық қорғау органдар қызметкерлері) бір-біріне белгілі нормаларды, құқықтық ережелерді жүзеге асыра білуді үйрету. Оқу-тәрбие үдерісінің тәрбиелік бағытын күшейтуі; құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және құқықтық тәрбиелігін көрсетуіне бағытталған іс-әрекетте мұғалімнің де оқушының да құқықтық санасының көзі ретінде тәрбие үдерісінде субьект-субьектілі қарым-қатынасты қамтамасыз етуі; мақсатқа бағытталған рефлексияның жүзеге асыруы; жеткіншектерге құқықтық тәрбие беру іс-әрекетіне мұғалімнің дайындығын қалыптастыруы, тәрбие үдерісінің әдістемелік тұрғыдан қамтамасыздандырылуы сипаталады.
Талданған педагогикалық шарттарды іс-әрекетте жүзеге асыруда олардың әрқайсысы өзіндік қызмет атқарады. Жоғарыда берілген педагогикалық шарттардың қызметтік жүйесі және бұларды іске асырудың әдістемесі практикада тексеріліп, оң нәтижелерге жеткізетін іс-әрекеттер жиынтығы ретінде көрсетіледі.
Қорыта келгенде, жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің педагогикалық шарттары педагогикалық-ұйымдастырушылық, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік деп айқындалды. Бұл педагогикалық шарттарды 5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беруге бағытталған іс-әрекеттерде жүзеге асыруда олардың әрқайсысының өзіндік атқаратын қызметтері мен ерекшеліктері жөнінде төмендегідей тұжырым жасауға болады.
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие беру мәселесін зерттеу нақты бағыт алған қоғамда және білім беру жүйесінде болып жатқан үдерістер мен өзгерістерге себеп, фактор мен шарттарын құра білумен байланысты ықпал ету мүмкіндігі ашылады.
Қорыта келгенде, шарттар кең мағынада өзіне себеп-салдар бойынша олардың арасындағы тікелей байланысты біріктіреді. Шарттарға оқушыларда құқықтық нигилизм тудырмайтын, бірақ кейбір жағдайларда оның әрекет етуіне әсер ететін қоғамдағы мектептен тыс және мектеп ішіндегі әртүрлі құбылыстар да жатады. Егер себеп-салдар нақты мүмкіндік тудыратын болса, онда шарттар осы мүмкіндікті жүзеге асыруға сәйкес келеді.
Зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты - жалпы бiлiм беретін мектептегi жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруді теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын белгілеу болғандықтан, ғалымдардың тұлғалық теорияларына тоқталуды жөн көрдік.
Бұл жастағылардың негізгі қажеттіліктері - өздерінің айналадағы адамдарға деген қарым-қатынасын, әлемдегі өзінің орнын табу. Сонымен бірге бұл қажеттілік басқа адамдармен қарым-қатынастарын қанағаттандырады. Олардың тәрбиесі физиологиялық дамуына байланысты белгілі бір қиындықтар тудырады. Егер бастауыш кластарда баланың денесі белгілі бір мөлшермен біртіндеп өсетін болса, жеткіншек кезінде де тез өседі. Бірақ өсуі бір мөлшермен іске аспайды. Кейде тым шапшаң, кейде баяу дамиды. Мұндай түрліше қарқынмен өсу 11-ден 16-ға дейін созылады да, кейін өз қалпына келеді. Қыздардың денесінің тез өсуі 13 жаста, ұлдарда 15 жаста кездеседі. Бұл кезде ересектердің сүйегі мен шеміршектері нығайып, бұлшық еттері күшейеді. Осының нәтижесінде 13 жастағы қыз күш жағынан шешесінен кем емес, 15 жастағы ұлдың күші әкесінің күшіне жақындайды. Жеткіншектер қоғамдық-өндірістік еңбекке қатысады. Ол тек еңбек арқылы ғана қоғамдық өмірде өз орнын таба алады. Білім жеткіншек үшін еңбектің бастысы болып табылады. Өкінішке орай Жеткіншектердің дене құрылысы онша үйлесіп жарымайды. Денесін тік ұстамай, бір жағына еңкейіп, не қисайып тұрған сияқты көрінеді. Себебі дене мөлшері біркелкі дамымайды: аяқтары, қолы, белі, мойны тез өседі де, кеудесі кеш өседі. Осының нәтижесінде жеткіншек денесінің үйлеспеуінен ұялады. Сондықтан дұрыс ұйымдастырылған тәрбие мен отбасының жағдайы арқылы оны қалыптастыруға педагогикалық басшылықтың шамасы жететінін ескеру қажет. Осыған байланысты жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруде олардың жеке бас ерекшеліктерінің белгілі бір заңдылықтармен жүзеге асатындығы зерттеуіміздің шеңберінде қарастырылды.
Кәмелетке толмаған 11 мен 15 жас аралығындағы жеткіншектерге әлеуметтік тәжірибенің жетімсіздігі, жоғары сезімдік, қозғыштық, еліктеуге бейімділік, көзқарасы мен мінез-құлқындағы қарама-қайшылық пен тұрақсыздық, сырт адамның ықпалына икемделгіштік, сырт көзге ересек көріну ниеті тән. Олар тіпті өзін ересек етіп көрсету үшін жұрт көзінше темекі шегіп, ішімдік ішуге, жанжалға, ұрысқа араласуға дайын. Ондай балалардың көпшілігі ата-аналарымен бірлесіп шешетін мәселелерді өз бетінше, үлкендердің келісімінсіз шешуге тырысады (мектепті тастап кету, өзінше бір жұмысқа тұру, өзінің жеке заттарын сатып жіберу немесе басқа зат сатып алу). Ал, жеткіншектік кезеңнің табалдырығын аттаған 11 жастағы бала мен бозбалалық кезеңге ауыса бастаған 15 жастағы жеткіншектің физикалық және психикалық жағынан, ал соған байланысты әлеуметтік сана тұрғысынан ерекшеленетінін, аңғаруға болады. Кіші жастағы жеткіншектік кезең ол балалық шақтан ересек шаққа көшу мерзімінде бала ағзасының мінез-құлық, әрекетіне белгілі бір дәрежеде әсерін тигізетін физиологиялық өзгерістер процесі жүреді. Бұл жас аралығында бала мінез-құлқында көріне бастайтын өзгерістерге байланысты дисгармония (үйлесімсіздік) кезең деп атауға болады. Міне осындай талдаулар арқылы, қылмыстың алдын алуда үлкен жетістіктерге жетуге болатындығы көрсетіледі.
Құқықтық тәрбиеде қолданатын, ескеретін жай қазақ үшін заң – әдет, салт-дәстүрінің өзі моральдық құқық ретінде өмір сүрген. Сондықтан болашақ заңгерлер, педагогтар халықпен, оның ішінде жеткіншектермен құқықтық тәрбие жүргізгенде өз халқының ғасырлар бойы жинаған құқықтық мәдениетін бойына сіңіре, оны бүгінгі талапқа сай кәсіби қызметінде пайдаланса, құқықтық тәрбиенің маңызы арта түседі.
Бұл жеткіншектерде құқыққа қарсы мінез-құлықтың қалыптастыруындағы негізгі тәрбиелік жол болып саналады. Бала жеткіншек кезеңде (яғни-13-17 жастағылар) өте қызба, ашуланшақ, ішкі жан дүниесі толғаныста, өзін-өзі тануға ұмытылыс сезімінде болып жүретіндіктен, оларға байқампаздықпен көңіл бөлу керек, орнымен қадағалауда және талап етуде қажет, бірақ жазалаудың нақты себебі бар болуы керек. Олармен қай жастағы бала болса да, әлі кішкентай деген көзқараста болмай, ашық сөйлесуден қашпауымыз, онымен жеке тұлға ретінде сөйлесуіміз қажет. 
Жеткіншектердің құқықтық тәрбиелiлiгiнiң деңгейi оның ұстанымы адамгершiлiк – құқықтық қатынастар жүйесi сипаттамасымен анықталады. Педагогикалық тұрғыдан бұзақылыққа (кейін құқық бұзушылыққа) бейім оқушы тұлғасы ұстанымының бағыттылығы, тұрақтылығы және белсендiлiгiнiң көрiнiсiн бағалай отырып, бiз оны төмендегiдей бөлдiк:
Белсендi – терiс ұстанымы “үйлесiмдiлiгiмен” сипатталады. Жеткіншектердiң адамгершілік құндылықтарының бұрмаланған жүйесi нормативке қарсы адамгершілік қағидаларын сөздермен, әрекеттермен, сыртқы түрiмен қорғау, мiнез-құлықтың тұрақты басқыншылық түрлері арқылы бiлiнедi. Өнегелік сенiмдер әлеуметсiздендiрiлген, жеткіншектер гуманды емес өзара қатынастардың тәжiрибесiне ие. Олар ызалық, сенiмсiздiк, қорқыныш, сараңдық сезiмiн басынан өткiзедi, өз терiс қылықтарында және бұзықшылықтарында басқа тұлғаны қолдауға ұмтылады. Өз әрекеттерiмен ұжымның қоғамға пайдалы қызметiндегi әлеуметтiк құнды қатынастарды бұзатын тәуекел жағдаяттарды шиеленiстiредi. Ересектер мен құрбыларымен қатынасу түрткiлерi бiрiккен әрекеттiң бағыттылығына тәуелдi: қоғамға маңызды әрекетте оқу мен еңбекте iрiткi салады,терiс қылықтар жасайды, оқушыларды қоғамға қарсы әрекеттерге араластырады. Мiнез-құлықтың ережелерi мен қағидаларын бұзу тұлғаға бағытталған сипатқа ие, яғни нақты тұлғаға және оқушылардың тобына қарсы бағытталған. Тұлғааралық қатынастар жүйесiнде өзiн-өзi шығару, оқудағы жетiстiктерiне немқұрайлылық, ерiншектiк танытады. Дербестiкке, дәлдiкке, адалдыққа, өзiн-өзi сынаушылыққа және сенiмдiлiкке деген ұмтылыс жеткіншектің мiнез-құлқында қыңырлық, ашушаңдық, ұстанымсыздық, басқыншылық, қаталдық және дөрекiлiк пен және де өтiрiкшiлдiк, өзiмшiлдiк пен тығыз өзара байланысты. Жоғарғы тұрақты өзiн-өзi бағалау, талап ету деңгейi, тұлғааралық қатынастар жүйесiнде “қабылданбаған” мәртебесi байқалады. Отбасы мен мектепте сенiмдiлiк қатынастары жоқ. Бiрақ жеткіншектер кейбiр ересектерге, отбасы мүшелерiне, педагогтарға, туыстарына деген қатысушылық болмайды.
Бiрақ жеткіншектер олардың дамуына қолайсыз тәуекел жағдаяттан конструктивтi шығудың таңдауын ұсынатын кейбiр ересектердi, отбасы мүшелерiн, педагогтарды, туыстарын сыйлайды. Осы бағыттағы қалыптасу өлшемдерi бойынша педагогикалық тұрғыдан бұзақылыққа бейім оқушы тұлғасының белсендi – терiс ұстанымы мен сәйкес келетiн жеткіншектің ұстанымы жалпы мазмұнының терiс бағыттылығымен, нормативке қарсы мөлшерлі бiлiмдердi, мақсат пен мөлшерлердің жүзеге асырылуының тұрақтылығымен сипатталады. Мiнез-құлықтың нұсқауларын – құқық бұзушылыққа жақын бұзылуын жиi таңдауын бiз тұлғаның өзiн-өзi жетiлдiруiне бағытталған шынайы белсендiлiгiне қарама-қайшы «белсендi ұстанымының ” өлшемi ретiнде қарастырамыз.
Енжарлы – негативтi ұстаным өзiмшiлдік қатынастарының жүйесiмен сипатталады. Бұрмаланған өнегелiк бiлiмдерiнiң әсерiнен жеткіншектер еңбекке, адамдарға, өзiне деген өзiмшiл қатынасты сақтайды. Жеткіншектер өз өнегелiк пiкiр бiлдiруiнде бұлтарады, өз сенiмдерiн қорғай алмайды, мектептегi тәртiптiң бұзылуына немқұрайлылықпен қарайды, арандатушылық жасауға бейiмдейдi, мiнез-құлық ережелерiн сақтаудан бас тартады, ұмтылмайды. Егер бұзақылығы ашылса, ұят, жабырқаушылық сезiмiне күйзеледi, олай болмаған күнде өз әрекеттерiнiң нәтижелерiне немқұрайлықпен қарайды. Оқушылар бiлiмдерiнiң 3-ке бағалануымен қанағаттанады, оқудағы өз кемшiлiктерiне күйзеледi, бiрiккен қызмет пен қатынастарда көзге түспеуге ұмтылады. Мектептегi тәртiп бұзушылықтан және құқыққа қарсы әрекеттерден бас тартуға ұмтылады, материалдық пайда iздемейдi. Әрекеттерi, жағдаятты, терiс қылықтар деңгейiндегi құқық бұзушылыққа жол бередi. Кикiлжiң жағдаяттарды шешуде өздерiне тиiмдi шешiмдердi iздемейдi. Мiнез-құлықтың тұрақсыздығы бақыланбайтын мектептегі жағдаяттардағы тәуекелділік дәрежесiн, еңбек, дене шынықтыру сабақтарындағы, қоғамға пайдалы қызметтерi мен мiнез-құлық ережелерiнiң бұзылу техникасы мүмкiндiгiн күшейтедi. Сенiмдi қатынастар орнатуға ұмтылыс бiлдiредi, бiрақ сол уақытта ызаланушылық, өтiрiкшiлдiк, алаяқтық танытады. Ата-аналарға, мұғалiмдерге мiнез-құлқын түзетуге уәде бередi, бiрақ оларды орындауға ұмтылмайды. Осындай тұлғалық ұстанымы бар оқушыларда өзiн-өзi бағалауы тұрақсыз, жоғарылатылған, әрекеттенуiнiң деңгейi де тұрақсыз және жоғарылатылған. Тұлғааралық қатынастары жүйесiндегi деңгейi “танымсыз”. Сыныпта достық байланыстары болмайды, қоғамдық тапсырмаларды орындаудан бас тартады, бiрақ олар сынып атынан тапсырылса, онда белсендi түрде орындауға тырысады. Құрбылары алдында олардың iстерiне деген немқұрайлылығымен мақтан тұта алады және жасырын түрде мектептегi тәртiптi бұзушылыққа ықпал етедi. Тұлғааралық қатынастар жүйесiндегi мәртебесiн және талаптану деңгейiн өзгертуге мүмкiндiк жасайтын жағдаяттарда оқушылардың белсендiлiгiнiң кейбiр белгiлерi, өз ұстанымын жақсарту жолдарын iздеу пайда болады. Педагогикалық мақсатқа лайық етiп ұйымдастырылған және бақыланатын жағдаятта жеткіншектердің тәрбиелiк әсерге қарсыласуы көп төмендейдi. Оқушының мiнез-құлқында оның нұсқауларын таңдауда айқын еместiк, жеке жауапкершiлiктен жалтаруға ұмтылыс бiлiнедi. Қоғамға пайдалы еңбекте педагогтың көмегiмен жеткіншек тәуекел жағдаяттан шығу жағдайларын iздейдi.
Тұрақсыз – кері ұстаным жеткіншектiң өзара қатынастарының моральдық қағидаларының мазмұнын анық түсiнбеуiмен, басқалардың сөзiнен өнегелiк дәлелдеумен сипатталады: олардың өнегелiк пiкiрлерi қарама қайшы, сенiмдерi тұрақсыз болып келедi. Егер олардың әрекеттерi залал келтiрсе, олар ұжданы алдында азап шегедi. Өнегелiк қағидаларды орындауға ұмтылады, бiрақ өз әрекеттерiнде бiрiздiлiк сақталмайды, мiнез-құлық жағдаятты. Мектептегi бағаларымен және тұлғааралық қатынастары жүйесiндегi жағдайымен қанағаттанбайды. Бұл ұстанымдағы оқушыларда өзiн-өзi бағалаулары тұрақсыз, әрекеттену деңгейi шайқалады, олар төмендетiлген. Қатынасу стилiне жеткіншектер аса талап қояды, құрметсiздiкке аса күйзеледi, ал өздерi сөйте тұра дөрекiлiк, тәкаппарлық, әдепсiздiк бiлдiредi. Ересектермен, құрбыларымен қатынасу тәсiлдерi өзiн-өзi бекiтуге деген ұмтылысы, сенiмге ие болу, түсiнiк табу, қорғауда болу, ардақтау табу, уақытты бiрге өткiзу, өз әрекеттерiне оң баға алуға деген ықыласы арқылы бiлiнедi. Бiрақ қоғамға құнды мiнез-құлықтың аз ғана тәжiрибесi болғандықтан, қатынасу түрткiлерiн қанағаттандыру түрлері өзiмшiл болып келедi, сол себептен тұлғааралық қатынастар жүйесiндегi жеткіншектің мәртебесi “қабылданған” немесе “танымсыз” болып өзгеруi осыған тәуелдi. Олар қоғамдық тапсырмаларды орындауға ықылас бiлдiредi, бiрақ оларды аяғына дейiн алып баруы сирек кездеседi. Қайсiбiр талаптарға қарсы талаптармен, тiлектермен жауап бередi, өздерi құқық бұзақы бастаушысы бола тұра оған қатысын мойындамайды. Мiнез-құлық түрткiлерi өзiмшiл. Бiрақ қиын жағдаятқа түскен сыныптастарына жолдас ретiнде көмек көрсете алады. Тұрақсыз ұстанымы кейiн өздерi өкiнетiн терiс қылыққа алып барады, кикiлжiң жағдаяттарды өз пайдасына шешуге ұмтылады. Ұрлық, төбелес, тәртiп бұзушылыққа қатысудан қашады, бiрақ оларға куә бола қалса, құрбыларына тосқауыл қоймайды, ал жағдайлар ықпал етсе оған қатысуы да мүмкiн. Сонымен қатар жеткіншектер мектепте терiс қылықпен қатарлас тәртiп бұзушылық жасайды. Терiс әсерге иланады, бiрақ сол деңгейде тәрбиелiк әсерге де көнедi. Олардың бiр iздiлiгi мен үздiксiздiгi аса маңызды болады.
Тәрбиешiлiктiң педагогикалық тұрғыдан бұзақылыққа бейім оқушының тұрақсыз-негативтi ұстанымымен сәйкес келетiн бұл деңгейiнде жеткіншектің ұстанымы жалпы қарама-қайшы болады: қатынастарының бағыты жеткіншектiң бiлiмiнiң мазмұнына сәйкес келмейдi. Оның тұрақсыздығы жағдаяттылығында, өз құқықтары мен мiндеттерiн орындау мүмкiндiгiне байланысты ол белсендiден мүлдем алыс.
Әрбiр топта белсендi-негативтi немесе енжарлы негативтi, немесе тұрақсыз-негативтi ұстанымымен ерекшеленетiн әр жастағы балалар мен жеткіншектердiң әртүрлi кiшi топтарын анықтауға болады. Бұл педагогикалық тұрғыдан бұзақылыққа бейімделушілік әр түрлi жастық кезеңдерде: 10-11 жаста да, 12-13 жаста да, 14-15 жаста да, орын ала беретiнiн көрсетедi. Ең бастысы, оқушының педагогикалық тұрғыдан бұзақылыққа бейімделудің деңгейiн, яғни “бастапқы ұстанымның” деңгейiн уақытылы анықтау. 14-15 жаста белсендi-терiс ұстанымы бiлiне бастаған оқушылар үшiн 10-11 жаста осы ұстанымы орын алған құрбыларынан басқа педагогикалық әсер етудi талап етедi.
Бұл жеткіншектердiң топтарын бастапқы ұстаным деңгейлерi бойынша анықтауға мүкiндiк бередi; бастапқы ұстанымын тұлғаның қоғамға пайдалы іс-әрекеттегі және қатынастардағы белсендiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтiк-педагогикалық жағдаятты түзетуге деген бейiмдiлiгiмен ерекшеленедi:
Жеткіншектер педагогикалық әсерге қарсы тұрады, өзiн-өзi жетiлдiру мақсатында тiршiлiк әрекетiнiң жағдайларын пайдаланбайды. Жеткіншектер тәуекел жағдаятты оң шешуде енжарлық танытады, бiрақ олардың алдын-алуда ересектердiң көмегiн қабылдайды:
Зерттеу жұмысымыздың бағытына қарай ғылыми-педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге талдау жасау нәтижесінде оқушыға құқықтық тәрбие беруде өзін құқықтық сауатты көрсете білу рөлі мен оның тұлға болып қалыптасу кезіндегі тиімді әдіс-тәсілдерді қамтитын білім беру мен тәрбиелеу факторлары арасындағы обьективті тәуелділік, өзара байланыстылық анықталды.
Оқушыларға құқықтық тәрбие беру үдерісі мазмұнының екінші факторы біздің ойымызша, бүгінгі таңда оқушылардың тәжірибелік іс-әрекеті мен болашақта өз бетімен дәстүрлі – құқықтық ортаға түсуіне дайындығы. Бұл фактор өзінің іс-әрекет ортасы бойынша және күнделікті өмірде кездесіп отыратын қоғамдық өмірдің көп жақтылығымен маңызды болып саналады.
Құқықтық тәрбие мазмұнының когнитивті, яғни танымдық компонент құрылымына тарихи – құқықтық, ұлттық, халқының рухани ақыл-ой дәстүрі, тұлғаның құқығы мен міндеттері туралы түсініктері кіреді. Осы тұрғыдан келгенде, құқықтық тәрбие беру үдерісі мазмұнының құрамында басты функцияны когнитивті компонент атқарады. Когнитивті компоненттің критериі біздің отанымыздың өткен және бүгінгі күні тарихи-құқықтық білімі болып табылады. Құқықтық тәрбие мазмұнының когнитивті компонентіне келесідей ұғымдар мен категориялар кіреді: «құқық-қоғам», «адам-тұлға-азамат»; «бостандық – жауапкершілік»; «құқық- мораль», «адам-мәдениет»; «неке-отбасы»; «қоғамның әлеуметтік құрылымы - әлеуметтік қарым-қатынас»; «қоғамның саяси жүйесі» ; «ұлттар-ұлтаралық қарым-қатынас»; «құқықтық мемлекет»; «тұлға – мемлекет» және т.б. Бұл ұғымдар кең мағыналы болғандықтан, әрбір адамның олардың мәні туралы қандайда бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз. Ол жалпы орта білім беретін мектептегі оқушылардың құқықтық тәрбиесіне, қабылдайтын ақпаратарына да тікелей байланысты. Әсіресе жеткіншектерге бұқаралық ақпарат құралдарының зор әсері бар. Олар моралдық заңдылықтарға қарама-қайшы келетін ақпараттарды қабылдауға бейім келеді. Кез келген жастағы индивидтің үйрену қабілеті жоғары болады, бірақ өз әрекетінің нәтижесіне мән бере білмейді.
Сонымен педагогикалық-ұйымдастырушылық, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік шарттар құқықтық тәрбие беруге бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыруда олардың әрқайсысының өзіндік атқаратын қызметтері мен ерекшеліктерінің маңыздылығын айқындай түседі.
Қорыта келгенде, жүргізілген теориялық және мектептің құқықтық тәрбиелік тәжірибесін зерттеудің нәтижесінде анықталған құқықтық тәрбие беруге мүмкіндік туғызатын педагогикалық шарттарының тиімділігін төмендегідей тұжырымдаймыз: оқу-тәрбие үдерісі субьектілерінің құқықтық тәрбиеге дайындығын қамтамасыз етеді; мақсатқа сәйкес құқықтық тәрбиенің міндеттерін жоспарлауға көмектеседі; жеткіншектердің құқықтық тәрбиесін сабақ және сабақтан тыс үрдістерде жүзеге асыруды талап етеді; мектепте «құқықтық орта» құруды айқындайды, біздің пікірімізше «қазіргі мектеп – құқық кеңістігі» болып табылады; мектептің оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың құқықтық тәрбиесі бойынша педагогикалық іс-әрекет мониторингін ұйымдастыруға, құқықтық тәрбиелік іс-әрекеттер түрлерін жоспарлы, жүйелі жүргізілуге ынталандырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет