Құқықтық тәрбие берудің теориялық негіздері


Құқықтық тәрбие берудің тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары



бет13/28
Дата14.08.2023
өлшемі225,66 Kb.
#105256
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Байланысты:
маханбетқұл

Құқықтық тәрбие берудің тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары


2.1 Жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруді диагностикалау
Қазіргі философиялық, педагогикалық, психологиялық зерттеулерде жүйетүзуші феномен ретінде тұлға мәселесі әлеуметтік жүйелерде өзара байланыста қарастырылады. Педагогикалық тәжірибеде тұлғаның даму деңгейіне диагностикалық талдау жасау қажеттігі күннен күнге артып отыр. Себебі, тұлғаның қалыптасу үдерісін тиімді басқару үшін болып жатқан өзгерістердің ерекшеліктерін білу қажет.
Осыған орай біздің зерттеуімізде жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруді диагностикалау міндет етіп алынды. Сондықтан жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің мүмкіндіктерін зерттеудің негізгі бағыттарын «жүйе», «педагогикалық жүйе», «тәрбиелік жүйе», «құқықтық жүйе», т.б. ұғымдардың мазмұнын ашумен дәлелдеуге болады. Бұл ұғымдардың мәні өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады.
Жүйе – күрделі жүйенің іс-қимыл жасау (жұмыс істеу ) заңдылықтарын зерделейтін ғылым. Ол қандай да бір ішкі байланыстары болмайтын кездейсоқ объектілердің жиынтығы емес, керісінше бір-бірімен өзара байланысты және өзара ықпалдасу үстінде болатын сыртқы әсерге жауап қайтаратын тұтас организм. Біз зерттеуіміздің алғашқы бөлімінде құқықтық жүйенің құрылымына тоқталдық, ендігі жерде педагогикалық және тәрбиелік жүйелердің құрылымына, мазмұнына тоқталуды жөн көрдік. Олай болса педагогикалық жүйе – шынайы педагогикалық құбылыстың мәнін (педагогикалық үдерістің субъектілері- мұғалім мен оқушы), оның мақсатын, мазмұнын, тәсілдерін, формаларын, әдістерін, құралдарын және жүзеге асырылуын сипаттайтын қажетті әрі жеткілікті элементтердің жиынтығы. Ал тәрбиелік жүйе ұғымы педагогикалық әрекеттің неғұрлым іргелі факторларының бірін, атап айтқанда өзін-өзі реттеу, өзін-өзі ұйымдастыру жүзеге асатын өзіндік қызмет ету және даму логикасы бар, әлеуметтік тұтас ағза ретінде бейнелейді.
Демек тәрбиелік жүйе – 1) тәрбиенің негізгі компоненттерінің өзара іс-қимылдары үдерісінде туындайтын «мақсат, субьектілер, олардың қызметі, пікірлесу, қарым-қатынас, материалдық база) және ұжымдық өмір бейнесі ретінде интегративті сипаттамалар мен олардың психологиялық жағдайы қамтылған тұтас әлеуметтік организм; 2) өзінің басты қызметі – тәрбиеге қатысты ретке келтірілген ашық әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық жүйе.
Тәрбие жүйесі – күрделі әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық білім беретін, көп мағыналы, өзін-өзі реттеп, басқаратын білім беру. Тәрбие жүйесінің негізіне мақсат, міндеттер, ұстанымдар, озат тәжірибе, теориялық тұжырымдама алынады. Негізгі мақсаттарға жеткіншектерді қоғамдық өмірдегі құқықтық сауаттылық пен мәдениетке тарту, құқықтық нормаларды сақтауға, құрметтеуге, өз құқығын қорғай білуге тәрбиелеу, тұлғаның белсенді, шығармашылық дамуы, өзін-өзі дамытуы, мәдениетті игеруі алынады. Тәрбие жүйесінің мақсаты оған қатысушылардың (мұғалім-оқушы) арасындағы қарым-қатынастарын, әрекетін басқару арқылы іске асырылады.
Демек, жеткіншектердің жеке тұлға болып қалыптасуында құқықтық тәрбиенің ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеп, педагогикалық шарттарын анықтап, оны ұрпақ тәрбиесінде ұтымды пайдалану өте маңызды мәселе болып табылады.
Сонымен ұжымның тәрбиелік жүйесінің табысты әрекет етуінің маңызды белгісі – тәрбиелік орта құру болып табылады. Тәрбиелік орта – бұл адамның тұлғалық дамуына әсер ететін және қазіргі заманның қоғамы мен мәдениетіне енуіне септігін тигізетін, оны қорғайтын әлеуметтік құнды жағдайлардың жиынтығы. Құқықтық тәрбие жүйесі – құқықтық тәрбие үдерісінің белгілі бір реті мен ұйымдастырылуын қамтамасыз ететін, оның элементтері мен негізгі бөліктерінің жиынтығы.
Осы орайда тәрбие жүйесін құруда оған негіз болатын мақсаты мен мазмұнына, принциптері мен идеяларына үлкен мән берілген. Онда 5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беруде жалпы тәрбиенің мынандай өмірлік негіздеріне сүйенген дұрыс:

  • Қазақстан азаматын жерін, елін, Отанын сүйетін, ұлттық құндылықтарын жоғары қастерлейтін, рухы биік азамат етіп тәрбиелеу;

  • заңды құрметтейтін азамат етіп тәрбиелеу;

  • салауатты өмір салтын сүйетін, дені сау азамат етіп тәрбиелеу;

  • ертеңіне сеніммен қарайтын адам етіп тербиелеу және т.б.

Зерттеу барысында жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруді диагностикалауда сонымен бірге «диагноз», «диагностика», «педагогикалық диагностика» ұғымдарының мәні мен маңызына, мазмұнына да назар аударылды. Зерттеу барысында «диагноз» ұғымына мән берілді, ол грек тілінен аударғанда танып білу дегенді білдіреді, оқу мен іс-әрекетті, ондағы кездесетін қиындықтың көлемін және сипатын анықтап, оқушылардың оқу бағдарламасын меңгеруін, олардың іс-әрекеті мен жетістік нәтижелерін, т.б. анықтау болып табылады.
Біздің зерттеу бағытымызға байланысты алдымен 5-9 сынып оқушыларын өзінің туған елінің заңы мен құқықтық ережелері мен нормаларын сақтау, қорғау, сыйлау рухында тәрбиелеу болғандықтан, олардың құқықтық сана-сезімінің деңгейін, қоғамға, әлеуметтік ортаға жат әдет-қылыққа, қоғамдық тәртіпті бұзушыларға қарсы күресе алу және өз құқығын қорғау мүмкіндіктерін анықтау мақсат етілді.
Диагностика (грек с.diagnostica, dia – айқын, gnostica - фактіні немесе құбылысты танып білу әдістері мен ұстанымдары туралы ілім) - ғылыми-тәжірибелік әрекетті сипаттайды. Диагностика – оқушыларды жан-жақты зерттеде өте тиімді тәсіл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет