Қызметіне виртуалды экскурсия


Экологиялық мониторинг басқармасы



бет11/14
Дата25.03.2023
өлшемі242,59 Kb.
#76164
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Азимбай Нурсулу казгидромет

Экологиялық мониторинг басқармасы атмосфералық ауаның, жауын-шашынның, қар жамылғысының, топырақтың, радиациялық жағдайдың жай-күйі туралы деректерді жинау, өңдеу жəне талдау бойынша жұмыстарды орындайды, AirKZ мобильді қосымшасының жəне атмосфералық ауаның сапасы бойынша интерактивті картаның жұмысын қамтамасыз етеді.
Жер үсті суларының деректерін талдау басқармасы ҚР жер үсті сулары сапасының жай- күйі туралы деректерді жинауды, өңдеуді, талдауды жүзеге асырады, халықаралық
ынтымақтастық шеңберінде отырыстарға қатысады жəне халықаралық ақпарат алмасу үшін трансшекаралық өзендер суының сапасы туралы ақпаратты дайындауды жүзеге асырады, жер үсті суларының сапасы бойынша интерактивті картаның жұмысын қамтамасыз етеді. Экологиялық желіні əдістемелік қамтамасыз ету басқармасы «Қазгидромет» РМК химиялық-талдау зертханаларын əдістемелік қамтамасыз ету, аккредиттеу рəсімдері саласындағы үйлестіру бойынша жұмыстарды жүргізеді, экологиялық желінің ғылыми- əдістемелік базасын қалыптастырады.


Ғылыми-зерттеу орталығы «Қазгидромет» РМК негізгі ғылыми бөлімшесі болып табылады, оның міндеттері:

  1. Климаттың өңірлік жəне жаһандық модельдері негізінде Қазақстан климатының ауытқуы мен болашақтағы өзгерістерін болжау;

  2. Су тасқыны жəне су басу кезінде Қазақстанның жазық жəне таулы өзендерінің ағынын болжау үшін сандық гидрологиялық модельдерді бейімдеу;

  1. Жазық жəне таулы өзендердің ағынын, су қоймаларына жəне континентішілік су айдындарына су ағынын болжау əдістерін əзірлеу;

  2. Су шаруашылығы бассейндерінің жер үсті суларының ресурстарын бағалау;

  3. Қазақстанның гидрометеорологиялық желісін оңтайландыруға əдістемелік тəсілді əзірлеу;

  4. Каспий теңізі үшін сандық гидродинамикалық модельдерді бейімдеу жəне теңіз болжамдарының əдістерін əзірлеу;

  5. Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің деңгейлік бетінің ауытқу болжамдарын жəне жедел теңіз болжамдары мен Каспий теңізіндегі мұз жағдайына шолуларды шығару.

  6. Селдерді болжау əдістерін əзірлеу;

  7. Кіші жəне Үлкен Алматы өзендерінің алаптары үшін жаңбыр генезисті апатты селдердің жедел болжамдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының таулы аумағы үшін жаңбыр генезисті сел қауіптілігі туралы кеңестер шығару.

Ғылыми-зерттеу орталығының құрамына 5 басқарма кіреді:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет