Метеорологиялық мониторинг басқармасы метеорологиялық, актинометрлік, аэрологиялық жəне озонометриялық желіге əдістемелік басшылықты жүзеге асырады. Басқарма ақпаратты жинауды, өңдеуді жəне талдауды жүргізеді, желідегі бақылау əдістемелерінің бірлігін қамтамасыз етеді, метеорологиялық желі жұмысында пайдаланылатын аспаптардың жай-күйі мен жұмысын бақылайды.
Гидрометқамтамасыз ету, жоспарлау жəне есептілік басқармасы бақылау желісінің пайлық үлеспен жəне қатты отынмен уақтылы қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады, метеорологиялық бақылау жоспарларын қалыптастырады жəне келіседі, «Қазгидромет» РМК- ның мақсаттары мен міндеттеріне сəйкес іс- шаралардың орындалуы туралы есептерді ЭГТРМ-не қалыптастырады.
Климатология басқармасы Климаттық деректерді басқаруды жүзеге асырады (метеорологиялық бақылаулардың деректер базасын жинау, талдау жəне қалыптастыру); Қазақстанның климаты бойынша анықтамалықтарды қалыптастырады жəне басып шығарады; мемлекеттік органдар мен халыққа сұрау салу бойынша ұсыну үшін климаттық жəне метеорологиялық ақпаратты өңдейді.
Гидрологиялық қызмет «Қазгидромет» РМК негізгі өндірістік бөлімшелерінің бірі болып табылады, оның міндеттері Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, халқын жəне экономика салаларын елдің су объектілері туралы режимдік, жедел жəне болжамдық гидрологиялық ақпаратпен уақтылы жəне сапалы қамтамасыз ету болып табылады.
Гидрологиялық мониторинг 377 гидрологиялық бекеттерде жүргізіледі:
329 өзен бекеттері;
38 көл бекеттері;
10 теңіз станциялары мен бекеттер.
Күнделікті 2 мезгілде су деңгейіне, су температурасына, ауа температурасына бақылаулар жүргізіледі. Он күн сайын су шығындарын өлшеу жүргізіледі (су тасқыны/су басу кезеңінде жиілетіледі).
Күзгі, қысқы, көктемгі уақытта мұз жағдайына бақылау жүргізіледі, қыс уақытында мұз қалыңдығы мен мұз бетіндегі қардың биіктігіне бақылау жүргізіледі.
Гидрологиялық қызметке басшылық жасауды директор басқаратын Гидрология департаменті жүзеге асырады.
Гидрология департаментінің құрамына:
Гидрологиялық мониторинг басқармасы;
Гидрологиялық болжамдар басқармасы.
Мемлекеттік су кадастры жəне гидрологиялық зерттеулер басқармасы кіреді. Гидрологиялық мониторинг басқармасы гидрологиялық мониторинг жүргізу мəселелері бойынша облыстық филиалдардың əдістемелік басшылығымен жəне
«Қазгидромет» РМК мақсаттары мен міндеттеріне сəйкес гидрологиялық желі жұмысының жоспарларын сапалы орындауды қамтамасыз ету бойынша мəселелерді жедел шешумен айналысады.
Достарыңызбен бөлісу: |