Гидрологиялық болжамдар басқармасы ҚР су объектілерінің нақты жай-күйіне жедел бағалау жүргізеді, гидрологиялық режимінің əр түрлі элементтерін əзірлейді жəне болжайды.
Қазіргі уақытта бұл бөлімшемен болжамдардың келесі түрлері шығарылады:
өзендердің қату жəне ашылу мерзімдері;
көктемгі су тасқыны көлемі (алдын ала жəне негізгі);
көктемгі су тасқыны кезеңіндегі апталық гидрологиялық болжамдар;
бір ай, тоқсан, жыл ішіндегі су қоймаға судың келуі;
вегетациялық кезеңде тау өзендерінің ағуы;
АГҚ туралы дауылды ескертулер;
күнделікті гидрологиялық бюллетень.
Мемлекеттіксукадастрыжəнегидрологиялықзерттеулербасқармасы жер үсті сулары бөлімі бойынша мемлекеттік су кадастрын жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады. Деректерді жинауды, тексеруді, өңдеуді, қорытындылауды жəне сенімділігін талдауды, ақпаратты жинақтауды, сақтауды жəне таратуды, өзендер, көлдер, су қоймалары мен теңіздер бассейндері бойынша жер үсті сулары мониторингінің деректер банкін жүргізуді жүзеге асырады. Гидрологиялық талдаулар мен есептеулерді орындайды, тұтынушылар үшін сұраныс бойынша гидрологиялық ақпаратпен өтінім дайындауды, ынтымақтастық бағдарламаларына сəйкес ЭГТРМ СРК үшін жəне МГИ үшін трансшекаралық бекеттер бойынша алмасу үшін гидрологиялық деректерді дайындауды жүзеге асырады.
МСКжГЗБ анықтамалық-ақпараттық басылымдарды дайындау жəне шығарылымға дайындау жұмыстарын жүргізеді:
«Құрлықтың жер үсті суларының режимі туралы жыл сайынғы деректер» (орташа тəуліктік мониторинг деректері).
«Құрлықтың жер үсті суларының режимі туралы көп жылдық деректер» (барлық бақылау кезеңіндегі көп жылдық мониторинг деректері).
«Су бетінен булану бойынша материалдар» (орташа онкүндік мониторинг деректері).
Қазақстан Республикасының агрометеорологиялық мониторингі209агрометеорологиялықпункттерде, оныңішінде:
121 метеорологиялық станция;
88 агрометеорологиялық бекетте жүргізіледі.
173 пункт астық егетін аудандарда, 26 – жайылымдарда бақылау жүргізеді, сондай-ақ күріш, мақта алқаптарында, бақтарда жəне т.б. бақылау жүргізіледі.
Мемлекеттік бақылау желісінің барлық агрометеорологиялық пункттерінде метеорологиялық бақылаулар (ауа температурасы, жауын-шашын, атмосфералық құбылыстар, сондай-ақ жел, жиынтық күн радиациясы, топырақ бетіндегі жəне тереңдіктегі топырақ температурасы жəне т.б.) жəне ауыл шаруашылығы мен жайылым дақылдарының өсуіне жəне топырақтың жай-күйіне бақылау жүргізіледі.
Агрометеорологиялық мониторингке басшылықты Агрометеорологиялық мониторинг жəне болжау департаменті жүзеге асырады, оны директор басқарады. Департамент құрамына екі басқарма кіреді: