Қызметіне виртуалды экскурсия



бет13/14
Дата25.03.2023
өлшемі242,59 Kb.
#76164
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Сел үдерістерін зерттеу жəне селді болжау басқармасы жаңбыр генезисті сел қауіптілігіне мониторинг жүргізеді, Кіші жəне Үлкен Алматы өзендерінің алаптары үшін жаңбыр генезисті апатты селдерінің қысқамерзімді болжамдарын шығарады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының таулы аумақтары үшін жаңбыр генезисті сел қауіптілігіне кеңестер береді; сел болжамының əдістерін жəне нормативтік құжаттарды əзірлеумен айналысады; сел мəселесі бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайды.



Халықаралық ынтымақтастық əр түрлі мемлекеттердің Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтерімен екі жақты жəне көп жақты Келісімдер, Меморандумдар, Ынтымақтастық бағдарламалары мен Хаттамалар шеңберінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің («Қазгидромет» РМК) негізгі бағыттары:

  • Халықаралық ұйымдар мен конвенциялар шеңберіндегі ынтымақтастық;

  • Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) шеңберіндегі ынтымақтастық;

  • Каспий теңізінің Гидрометеорология жəне ластану мониторингі жөніндегі үйлестіру комитетін (КАСПКОМ) қоса алғанда, Каспий теңізінің мəселелері бойынша ынтымақтастық;

  • ТМД елдерінің Гидрометеорология жөніндегі мемлекетаралық кеңес шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастық;

  • Метеорологиялық спутниктер бойынша Еуропалық агенттікпен ынтымақтастық (EUMETSAT);

  • ECMWF, РЭЦЦА, USAID жəне Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастық;

  • Басқа халықаралық ұйымдар мен конвенциялардың қызметіне қатысу.

Екіжақты ынтымақтастық жақын жəне алыс шетелдермен (Əзірбайжан, Беларусь, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Словакия, Тəжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Финляндия, Түркия, Украина жəне басқа да) үздіксіз қамтамасыз етіледі. ДМҰ – бұл метеорология саласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мамандандырылған үкіметаралық мекемесі жəне жер атмосферасының, мұхиттар, климаттың жай-күйі мəселелері бойынша БҰҰ-ның беделді көзі. ДМҰ құрамына 193 мүше мемлекет кіреді. Толық ақпарат ресми сайтта https://public.wmo.int/en.
Қазақстан Республикасы ДМҰ конвенциясына: ҚР Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 13 сəуірдегі № 296 қаулысымен қосылды.
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының өкілі бола отырып, «Қазгидромет»РМК метеорология, климатология жəне гидрология саласындағы оның барлық негізгі бағдарламалары мен жобаларына қатысады.
Гидрометеорологиялық деректер Халықаралық деректермен алмасу үшін жаһандық жəне өңірлік орталықтарға беріледі.
ДМҰ ұйымдастырылатын Аймақтық қауымдастықтардың сессияларында (ҚР аумақтық тиістілігі бойынша II жəне VI-ға жатады) жəне жаһандық конференцияларда, семинарларда
«Қазгидромет» өкілдері қатысады жəне ДМҰ-ға мүше елдермен халықаралық тəжірибе алмасуды кеңейтеді.
ДМҰ жыл сайын техникалық мамандарға қысқа мерзімді, орта мерзімді жəне ұзақ мерзімді оқуға стипендия бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет