Қызметіне виртуалды экскурсия


Қазақстан Республикасының метеорологиялық мониторингі



бет7/14
Дата25.03.2023
өлшемі242,59 Kb.
#76164
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Азимбай Нурсулу казгидромет

Қазақстан Республикасының метеорологиялық мониторингі:


  1. 347 метеорологиялық станцияда;

  2. 43 метеостанцияда актинометриялық бақылау жүргізіледі;

  3. 9 аэрологиялық станцияда;

  4. 5 метеостанцияда озонометриялық бақылау жүргізіледі.



Метеорологиялық бақылаулар 8 негізгі синхрондық мерзімде келесі метеорологиялық сипаттамаларда жүргізіледі: ауаның температурасы мен ылғалдылығы, топырақтың температурасы (жер бетінде жəне тереңдікте), атмосфералық қысым, желдің жылдамдығы мен бағыты, атмосфералық құбылыстар (ҚҚ жəне ҚГҚ), көктайғақ-мұз қату құбылыстары, жауын-шашынның мөлшері мен қарқындылығы, қар жамылғысы (биіктігі, тығыздығы, су қоры), бұлттылық (саны, нысаны, биіктігі).
Автоматтандырылған метеостанциялардың деректері Нұр-Сұлтан қаласындағы ұялы байланыс арналары бойынша ақпарат жинаудың Орталық серверіне келіп түседі.
Барлық метеостанциялар мен автоматтандырылған метеостанциялардың деректері Ташкент қаласындағы ДМҰ өңірлік орталығына жəне Мəскеу қаласындағы ДМҰ Əлемдік деректер орталығына (ГЦИС) жəне Оффенбах қаласына (резервтік орталық) жіберіледі.


Актинометрлік бақылаулар актинометрлік бақылаулар 13 метеостанцияда тікелей, шашыранды, жиынтық радиацияға тəулігіне 6 рет орташа күн уақыты бойынша жүргізіледі.
30 автоматты метеорологиялық станцияда жиынтық радиацияны өлшеу датчиктері орнатылған.
Аэрологиялық бақылаулар 9 аэрологиялық станциядан барикалық түзілімдердің (циклондар, антициклондар) болжамдық модельдерін құру, ауа райының апатты жəне қауіпті құбылыстарын болжау үшін ақпарат алу, сондай-ақ 30 км жəне одан жоғары биіктікте атмосфераның жай-күйін мониторингілеу үшін пайдаланылады. Аэрологиялық бақылау тəулігіне 2 рет жүргізіледі.
Озон қабатына мониторинг (бұдан əрі – ОҚМ) 5 метеорологиялық станцияда жүргізіледі. Бақылау нəтижелері Воейкова атындағы Бас геофизикалық обсерваторияға, содан кейін Канада, Торонто қаласындағы озон бойынша ДМҰ Дүниежүзілік орталығына беріледі, оның негізінде мамырдан қазанға дейін ультракүлгін сəулелену бюллетені шығарылады.
Метеорологиялық мониторингке басшылықты Метеорология департаменті жүзеге асырады, оны директор басқарады
Департамент құрамына 3 басқарма кіреді:
1.Метеорологиялық мониторинг басқармасы; 2.Гидрометқамтамасыз ету, жоспарлау жəне есептілік басқармасы; 3.Климатология басқармасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет