Қызметіне виртуалды экскурсия



бет6/14
Дата25.03.2023
өлшемі242,59 Kb.
#76164
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Азимбай Нурсулу казгидромет

Ауа райын қысқа мерзімге болжау басқармасы 7/24 тəулік бойы, жедел режимде жұмыс істейді. Əр түрлі мерзімге ауа райы болжамдарын, қауіпті, дүлей метеорологиялық құбылыстар, ауа райының күрт өзгерістері туралы дауылды ескертулерді шығарады, олар
«Қазгидромет» РМК басшылық құжаттарына сəйкес күн сайын бағаланады. Қазіргі уақытта Басқарма келесі болжамдарды шығарады:

  • 1, 2-3 тəулікке қысқа мерзімді ауа райы болжамы;

  • 7 күнге орта мерзімді ауа райы болжамы;

  • қауіпті құбылыстар, апатты метеорологиялық құбылыстар жəне ауа райының күрт өзгеруі туралы дауылды ескерту;

  • күн сайынғы метеорологиялық бюллетень.

Ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасы ұзақ мерзімді ауа райы болжамдарын шығарады, олар жыл-аналог əдісіне, 13 əлемдік болжау орталықтарының сандық гидродинамикалымодельдеріне, Өңірлік Солтүстік-
Еуразиялық климаттық орталықтың, Бас Геофизикалық обсерваторияның жəне Ресейдің Гидрометорталығының гидродинамикалық модельдерінің өнімдеріне негізделеді.
Басқарма келесі болжамдарды шығарады:
  • онкүндік


  • айлық

  • мезгілдік – жылы жарты жылдыққа арналған (сəуір - қазан); суық жарты жылдыққа арналған (қараша - наурыз)

Орталық диспетчерлік қызметтің негізгі міндеті мемлекеттік органдар мен мекемелерді, бұқаралық ақпарат құралдарын жəне мүдделі ұйымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халқын қауіпті ауа райы құбылыстары, нақты ауа райы жəне ауа райы болжамы туралы ақпаратпен жедел қамтамасыз ету болып табылады.




Метеорологиялық қызмет «Қазгидромет» РМК негізгі бөлімшелерінің бірі болып табылады, оның негізгі міндеті бақылау жүргізу болып табылады, бақылау деректері нақты уақыт режимінде ауа райы болжамдарын жəне қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескертулерді дайындау үшін, климатты зерттеу үшін, гидрология жəне ауыл шаруашылығы метеорологиясы мақсаттары үшін ауа райына тəуелді экономика салаларының ағымдағы қызметінде жəне метеорология мен климатология саласында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет