Кəсіпорын қызметінің мəні – мемлекеттік бақылау желісін пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, мететорологиялық жəне гидрологиялық мониторинг жүргізу болып табылады.
Кəсіпорын қызметінің мақсаты – сенімді гидрометеорологиялық ақпарат алу, гидрометеорологиялық жəне агрометеорологиялық болжамдар мен қоршаған ортаның жай- күйі туралы ақпараттың сапасын арттыру, мемлекеттік бақылау желісінде жүйелік бақылау жүргізу кезінде алынған деректерді жинау жəне қорыту болып табылады.
Қоршаған орта жай-күйінің мониторингі:
Атмосфералық ауа жай-күйінің мониторингі;
Атмосфералық жауын-шашын жай-күйінің мониторингі;
Су ресурстарының сапалық жай-күйінің мониторингі;
Топырақ жай-күйінің мониторингі;
Метеорологиялық мониторинг;
Радиациялық мониторинг;
Трансшекаралық ластану мониторингі;
Гидрологиялық мониторинг;
Фондық мониторинг.
Негізгі қызмет түрлеріне сəйкес мемлекеттік бақылау желісінде жүйелі бақылау жүргізу:
Гидрометеорологиялық құбылыстарды болжау əдістерін жетілдіру;
Қоршаған орта жай-күйінің мониторингімен, метеорологиялық, гидрологиялық мониторингпен байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
Шарт негізінде мемлекеттік органдар мен басқа да мүдделі тұлғаларды гидрометеорологиялық ақпаратпен, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйі, гидрометеорологиялық жағдайлардың нақты жəне күтілетін өзгерістері, климаттың жай- күйі жəне оның өзгерістері, қоршаған ортаның ластану жай-күйі жəне олардың негізгі қызмет түрлері бойынша себептері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
Негізгі қызмет түрлерімен байланысты ғылыми-техникалық жəне ғылыми-қолданбалы əдебиеттерді басып шығару бойынша жұмыстарды дайындау жəне ұйымдастыру;
Негізгі қызмет түрлерімен байланысты салаларда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Кəсіпорын зертханаларын аккредиттеу саласына сəйкес аспаптарды жөндеу, тексеру жəне калибрлеу бойынша жұмыстарды жүргізу жəне (немесе) ұйымдастыру;
Жеке жəне заңды тұлғаларға шарттық негізде қоршаған ортаның сапасы параметрлерінің фондық шоғырлануы бойынша деректерді жəне қолайсыз метеорологиялық құбылыстар туралы болжамдарды ұсыну;
Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу, метеорологиялық жəне гидрологиялық мониторинг жүргізу нəтижесінде алынған деректердің республикалық қорын жүргізу.
Гидрометорталық «Қазгидромет» РМК-ның негізгі өндірістік құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оның маңызды міндеті қауіпті жəне дүлей гидрометеорологиялық құбылыстарды барынша алдын ала болжау, адамдардың қаза болуын болдырмау жəне экономикалық залалды азайту мақсатында мемлекеттік органдарды, экономика салаларын жəне еліміздің халқын осы құбылыстар туралы ескерту, Қазақстан бойынша қысқа мерзімді, орта мерзімді жəне ұзақ мерзімді ауа райы болжамдарын жасау болып табылады. Гидрометорталықты директор басқарады.
Гидрометорталықтың құрылымына үш басқарма кіреді:
Ауа райын қысқа мерзімге болжау басқармасы;
Ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасы;
Орталық диспетчерлік қызмет.
Достарыңызбен бөлісу: |