Ж. И. Сардарова 1, Г. Н. Кисметова



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата06.04.2023
өлшемі425,13 Kb.
#80079
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1218-1-3302-1-10-20220418

4-кесте Цифрлық білім беру ресурстары туралы таным мәліметі (қалыптастыру эксперименті)
Цифрлық білім беру ресурстары туралы 
танымы
Бақылау тобы 
Эксперименттік топ
Төмен
20%
15%
Орташа 
30 %
20%
Орташадан сәл жоғары
25 %
30 %
Жоғары 
25 %
35%
4-сурет – Қалыптастыру эксперименті бойынша цифрлық білім беру 
ресурстары туралы танымын анықтау көрсеткіштері
Қалыптастырушы эксперимент кезінде жүр-
гізілген Н.П. Фетискиннің «Өзін-өзі дамытуға 
қажеттіліктерді жүзеге асыру диагностикасы» 
бойынша бақылау тобы көрсеткіштері 48% 
– өзін-өзі дамытуға белсенді екендігі, 52% – 
өзін-өзі дамыту жүйесі қалыптаспағандығын, 
ал эксперименттік топ бойынша 72% – өзін-
өзі дамытуға белсенді екендігі, 28% – өзін-
өзі дамыту жүйесі дағдыланбағандығын 
аңғартты. Н.Р. Молочниковтың «Өзін-өзі да-
мыту мүмкіндіктерін бағалау» диагности-
касы бойынша бақылау тобы бойынша 16% 
– «төмен», 24% – «орташадан жоғары», 21% 
– «жоғары», 39% – «орташа» деңгейлеріне, 
эксперименттік топ бойынша 9% – «төмен», 
21 % – «орташа, 38% – «орташадан жоғары», 
32% – «жоғары» көрсеткіштерін көрсетті. Бұл 
алынған көрсеткіштер анықтау экспериментімен 
салыстырғанда елеулі басымдылықтар бар 
екенін айқындады.
Бұл өз кезегінде «Цифрлық білім беру ре-
сурстары – кәсіби өзін-өзі дамыту құралы» атты 
курсының және тәжірибелік жұмысы барысында 
қолданылған инновациялық технологиялардың, 
озық әдіс-тәсілдердің тиімділігін дәлелдей 
түседі. 
Қорытынды
Ең алдымен, біз бүгінгі ақпараттандырудан 
цифрландыруға өту кезеңінде білім беруді циф-
рландыруды жүзеге асырдың тиімді құралы – 
цифрлық білім беру ресурстары (ЦББР) деп айта 
аламыз. Сонымен қатар, зерттеліп отырған про-
блема бойынша әдебиетті талдау, білім беруде 
цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланудың 
әлемдік тәжірибесіне және күнделікті практи-
ка ЦББР көмегімен төмендегі педагогикалық 
мақсаттарға қол жеткізуге болатындығын көр-
сетеді: 
- цифрлық технологияларды кеңінен қолдану 
нәтижесінде білім беру жүйесі жұмысын же-
тілдіру (оқу-тәрбие үдерісі тиімділігі мен 
сапа сын арттыру; пәнаралық байланыстар-
ды кеңейту; қажетті ақпаратты іздеу жұмысы 
тиімділігін және көлемін кеңейту; танымдық іс-
әрекет белсенділігін арттыру);
- ЦББР – болжамды нәтижені алу құралы
атап айтқанда, білім алушыларға жоғары нәтиже 
беретін білім беру процесінің икемділігін және 
болашақ жұмыс берушілерге жоғары кәсіби 
мобильді мамандар дайындауды қамтамасыз 
етуі; 


56
Білім беруді цифрландыру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлық білім беру ресурстарын ...
- цифрлық ресурстар дәстүрлі оқытудағы 
кедергілерді еңсеруге мүмкіндік береді: бағдар-
ламаларды игеру қарқыны, педагогты, оқыту ны-
сандары мен әдістерді таңдау;
- білім алушының тұлғасын дамытуы; 
ақпараттық қоғам жағдайындағы тез өзгермелі 
өмірге дайындауы. Педагог цифрландыру жағ-
дайында заманауи сапалы білім алудың қажетті 
траекториясын құруға көмектесетін навигатор 
болып табылады.
Білім беруді цифрландыру жағдайында 
болашақ педагогтердің цифрлық білім беру ре-
сурстарын пайдалану даярлығын сапалы түрде 
жүзеге асыру, біздің пікірімізше, келесі жұмыс 
түрлерінің орын алуын талап етеді: 
- қазіргі цифрлы Қазақстан жағдайында 
цифрлық білім беру ресурстарын пайдалануға 
болашақ мұғалімдердің даярлығын қалып-
тастыру бүгінгі күн сұранысы екендігін ескере 
отырып, оқу-тәрбие үдерісінде кеңінен қолдану;
- цифрлық білім беру ресурстарының орасан 
зор мүмкіндіктерін меңгеру мақсатында жоғары 
оқу орындарында оқу үрдісіне ЖОО-да цифрлық 
білім беру ресурстарын қолдану теориясы мен 
практикасын меңгеруге көмектесетін арнайы 
элективті курстар енгізу;
- ЖОО-да оқу-тәрбие үдерісінде цифрлық 
білім беру ресурстарын қолдануға арналған 
қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік нұсқаулықтар, 
оқулықтар, оқу құралдарын шығару жұмыстарын 
жандандыру;
- білім беру жүйесінде цифрлық білім беру 
ресурстарын қолданудың шетелдік, отандық 
тәжірибесі бойынша пікір алысу, тәжірибе жи-
нақтау мақсатындағы вебинар, онлайн-дәрістер, 
ғылыми-тәжірибелік семинарлар кеңінен ұйым-
дастыру. 
Бұған қоса, біздің тұжырымдауымызша, білім 
беруді цифрландырудың құндылығы, бірінші 
кезекте, ақпараттық-коммуникациялық техно-
логияларды еркін меңгерген және үздіксіз білім 
алуға бағдарланған құзыретті педагогтердің 
зерттеушілік, шығармашылық жұмысын жан-
дан дыруға негіз бола алады. Сонымен қатар, 
қазіргі таңда инклюзия білім берудің қарқынды 
түрде жүзеге асу жағдайында ерекше білім 
беруді қажет ететін білім алушыларды білім 
беру процесіне ендіруге қажетті жағдайлар мен 
білім сапасын қамтамасыз етуде ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың ерекше-
лігі мен маңыздылығы зор. Өйткені зама-
науи цифр лық білім беру ресурстары білім 
беру процесінің барлық субъектілерінің 
қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере оты-
рып, оның инклюзивті білім беру ортасы үшін 
де маңыздылығы артуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет