Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет194/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   305
Байланысты:
lesova tagam zhne biotehnologiyalyk ondiristerinin mikrobiologiyalyk negizderi

176
177
 
Аққайнар  өндірісінде  ашытқылардың  таза  культурасын 
 дайындау үшін қоректік орта ретінде құрамында 10-11% спирт, 10-
12% қант, 7-8 г/л – қышқыл бар тиражды шарапты пайдаланады.
Ашытқы жиынын зертханада 4 сатыда кезек-кезек себу арқылы 
көбейтеді.
Алынған  сұйылтуды (15 л  көлемдей)  сыйымдылығы 20-25 
дал  болатын  күбіге  ауыстырып  үстіне  тиражды  шарап  құйып 
толтырады,  сосын  оны 100
о
С  дейін 30 мин  ішінде  қыздырады. 
15
о
С  жоғары  емес  температурада 5-6 күн  ашу  жүргеннен  кейін, 
өндірістік ашытқы ерітіндісін алады, оны тиражды қоспаға 3-4% 
мөлшерде жібереді.
Өндірісте  іріктелген  ашытқыдан  сұйылту  дайындау.  Бұл 
процесті  микробиолог  бақылап  тұратын,  резервуарлы  шампаниза-
ция  зауыттарына  ғана  рұқсат  берілген.  Қажетті  жабдық  пластина-
лары бар ұрықсыздандыратын сүзгі болып табылады. Бұл əдіске тек 
аз инфекцияланған, жоғары сапалы тұрақты купаждарды қолдануға 
болады. Қоректік ортаны ұрықсыздандыратын сүзгіден сүзетін ку-
пажда дайындайды, содан кейін əрқайсысын 14 дал дейін күбілерге 
сорғышпен ауыстырып құяды. 
Себуге ашытқыны ашу жақсы өткен резервуардан алады. Ашытқы 
айырмасын краннан таза ыдысқа 3 дал мөлшерінде жасайды, содан 
кейін оларды қоректік орта бар күбіге құяды. Разводканы 15
0
С тем-
пературада ұстайды, 5-7 күні қарқынды ашу жүріп жатқанда дайын 
ашытқы сұйылтуында 50-60% жуық бүршіктенген клеткалар бола-
ды: өлі клеткалардың саны 5% дан жоғары болмауы керек.
Үздіксіз  əдіспен  ашытқы  сұйылтуын  дайындау.  Бұл  əдістің 
ерекшелігі, ашытқыны себуге резервуардан емес, қарқынды ашу 
жүріп  жатқанда  дрожжанкадан  жасайды.  Залалсыздандырылған 
14  дал  қоректік  ортаны  күбіде  дайындайды  жəне  оған  резер-
вуардан  жақсы  көрсеткіштері  бар  ашытқылардан 3 дал  енгізеді. 
Сусло бар күбіні 12-15
0
С температурада ұстайды. Ашытқы айыр-
масын  шлангпен  залалсыздандыру  ережелерін  сақтай  отырып 
3-4  дал  жасайды.  Бір  күбіден  төрт  күбіге  себуге  сынама  алады, 
содан  кейін  оларды  өндіріске  тиеу  үшін  жібереді,  ал  қалғанын 
толтырып  келесі  разводка  дайындау  үшін  пайдаланады.  Егер 
тазалық  жағдайы  сақталмаса  жəне 3 ай  сайын  кем  дегенде  бір 
рет ашытқыларды жаңартып отырса, онда бұл əдіс жақсы нəтиже 
береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет