Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет183/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   305
Байланысты:
lesova tagam zhne biotehnologiyalyk ondiristerinin mikrobiologiyalyk negizderi

164
165
 
үшін 2% декстроза, 0,5% ашытқы сығындысы жəне 2% агар соны-
мен қатар уытты агардан таңдаулы ортаны пайдаланады. Бұл орта-
ларда грам
 - 
бактериялар да өседі.
Алкогольсіз сусындар өндірісінде микробиологиялық
бақылау жүргізу
 
Алкогольсіз сусындар өндірісінде бақылау жүргізгенде шикізатты 
жартылай  фабрикаттарды,  жабдықтарды,  ыдыстарды,  дайын 
өнімдерге  бақылау  жүргіземіз.  Жұмысшылардың  киімдері,  аяқ 
киімдері жəне қолдарының санитарлық жағдайы, сыра өндірісіндегі 
сияқты анықталып бақыланады.
Өндірістік  микробиологиялық  бақылау  инфекцияның  негізгі 
көздерін  анықтау  үшін  қажет,  олар  зиянды  микроорганизмдермен 
ластанған  шикізат,  су,  жартылай  фабрикаттар,  лас  жабдық,  ыдыс, 
жұмысшылардың  аяқ  киімі,  киімі,  қолы,  сонымен  бірге  бөлмедегі 
ауа да болуы мүмкін.
Шикізат. Алкогольсіз сусындар зауытында бақылау объектілеріне 
мыналар  жатады:  су,  қант,  бояғыштар,  жеміс-жидек  шырындары, 
сығындылар жəне т.б. Суды жалпы микроорганизмдерге жəне ішек 
таяқшасының титріне бақылаудан өткізу керек.
Лейконосток инфекциясын анықтау үшін зауытқа түсетін барлық 
қанттарға талдау жүргізу керек, себебі лейконостоктың негізгі көзі 
қант құмы болып табылады. Қантта лейконосток мүлдем жоқ болу 
керек. 
Қатты  инфекцияланған,  тұқымдандырылған  шикізатты  шы-
рынға,  сығындыға  жəне  шарапқа  пайдаланғанды  тоқтату  үшін 
микроорганизмдердің жалпы мөлшерін анықтайды. Шикізатта 1мл 
20 өмір сүруге қабілетті микробтан көп болмау керек, егер одан көп 
инфекцияланған болса, онда оны қайта өңдеу керек. Қант шəрбəттің 
жалпы инфекциялануы жəне шырышты бактериялардан таза болуы 
ең маңызды. Микробиологиялық талдау үшін сынаманы алдындағы 
сиропопроводтан  жəне  күбілерден  салқындатылған  шəрбəттардан 
алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет