9.М.Мұқановтың «Жас және педагогикалық психология» еңбегінің құрылымына талдау жасап, «Оқыту психологиясы» тарауындағы мәселелерге сипаттама беріңіз. М. Мұқановтың «Жас және педагогикалық психология»еңбегі 1982 жылы Алматы қаласында басылып шыққан. Студенттерге арналған лекциялар осы пәннің жас және педагогикалық психология пәнінен соңғы программасының талаптарына сәйкес оқылды. Лектор бұл лекцияларды өзінің ұзақ уақыт бойы жоғары оқу орындарындағы лекциялар мен сабақ жүргізу тәжірибелерін қорыта отырып, автор осы пән саласындағы өзінің теориялық пікірлеріне сүйенеді. Лекцияларда қамтылған мысалдар мен дәйектеме материалдардың басым көпшілігі қазақ мектептеріндегі оқу-тәрбие жұмысының іс-тәжірибесінен алынған. Еңбек 6 бөлім ( 1. Кіріспе, 2. Мектепке дейінгі жас, 3. Мектеп жасы. 4. Оқыту психологиясы. 5. Тәрбие психологиясы. 6. Ұстаз психологиясы.), 12 лекциядан тұрады.
«Оқыту психологиясы» 4-бөлімде. Ол бөлімде: 1) үйрену, оқыту және оқытудың анықтамасы. Оқытудың көздейтін мақсаты. 2) оқу және ұғыну процестерінің өзіндік сипаты. а) бақылау және оны ұйымдастыру; б) ұғынуда жад пен ес процесінің атқаратын рөлі; в) ұғынудағы ой операциялары және ойдан қорытынды жасау. Құбылыстардың өзара байланысын түсіну. 3) оқуға талпыну, яғни мотивация. 4) білім жүйелеріне ие болу және ұғымның қалыптасуы. 5) ой-өрісті дамытудың жолдары. 6) Дағдының қалыптасуы. 7) ептілік және білімді тәжірибе үстінде пайдалану. Сияқты тақырыптар қозғалады.
Мұнда, үйрену мен оқытудың недәуір айырмашылығы бар екені айтылады мысалы, адам білімді мектепте немесе институтта оқымайды, білімнің басым көпшілігі саяхат жүріп келе жатып немесе өздігінен қызыққан кітабын оқып, не біреуден естіп алынады дейді. Адамның білімі белгілі бір нәрсеге аңдамай зейін қойып, оған еліктеу арқылы үйренуден, не аңдамай біреудің әңгімессін тыңдап, радио не телевизор көру арқылы хабар алудан пайда болады. Осыған қарағанда адамның әдейі мақсат қойып, мектепте не өзге оқу орындарында білгенінен аңдамай, мақсатсыз мағлұматтарға ие болуы әлдеқайда басым келеді деген сөз. Бұл тарауда қысқасынан айтқанда, адамның бірінші оқуы, оны қалай қабылдап ұғынғаны, сол ұққанынан өз миында қортынды жасауы, осының есебінде ой-өрісінің дамуы түсіндіріліп, айтылады. Шыныменде, автор айтқандай, көп студенттер мен оқушылар мақсатты оқуды емес өмірлік тәжірибеден, яғни,күнделікті айналасындағы әңгімелер мен оқиғалардан көп тәжірибе жинайды.
10.Ә.Қоңыратбаевтың «Әдебиетті оқыту методикасы» еңбегінің құрылымына талдау жасап, «Жоғары кластарда окушылардың әдеби-теориялык ұғымдарын қалыптастыру» тарауындағы теориялық ұғымдарды меңгерту әдістемесіне сипаттама беріңіз. Ғалымның бұл еңбегінде 8-10 сыныптарда әдебиет тарихын оқыту методикасы, текстті,шығарманы, және оның стилін, кейіпкер образдарын талдау, коипозициясы мен сюжетін талдау жұмыстары туралы, және талдау жұмыстарының үлгісі берілген. Еңбек 7 тараудан тұрады. Соның 5-тарауы «жоғары кластарда оқушылардың әдеби-теориялық ұғымдарын қалыптастыру» тарауында теориялық ұғымдарды меңгерту әдістемесі туралы былай айтылған:
Әдебиет тарихы тусында тарихи-әдеби жэне теориялык угымдар талдау мен жинактаудың басты бір куралдарына айналады. Мысалы, стиль, әдіс, көзкарас, көркемдік заңдары әрбір кезең, әрбір автор тұсында да, жеке жанрлар тұсында да сөз болмақ. Мұнсыз әдеби процесс пен көркемдік заңын окушылар жете ұғынып, оны талдау мен жинақтауда құрал ете алмас еді. Әдеби теориялық ұгымдар әрбір жанрдың ішкі заңдарын талдаудың негізі болса, әдеби әдіс, әдеби тіл, әдебиеттің партиялығы мен халықтығы, мазмұн мен форма, сындық материалдарды окыту-талдау тұтас әдеби процеске колданылады. Көркемдік заңдарын сөз ететін білімді әдебиет теориясы дейміз. Бұған образ бен типтендіру, композиция мен сюжет, көркем тіл, өлеңнің құрылысы жатады.