Жаңартылған білім мазмұнындағы


Қазақ әдебиеті пәнінің бағдарламалық - окулықтық құрылымының жасалуын (1932-57 ж.) сипаттап жазыңыз



бет5/32
Дата19.12.2022
өлшемі1,79 Mb.
#58184
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
ҚӘОӘ сессия НОВЫЙ

8.Қазақ әдебиеті пәнінің бағдарламалық - окулықтық құрылымының жасалуын (1932-57 ж.) сипаттап жазыңыз.
1932-1933 жылы Қазақ Оқу комиссариаты бекіткен орта мектептің бағдарламасы фабрика, завод және колхоз жастары жеті жылдық мектебіне арналып жазылды. а) 4-6-сыныптарда ең алдымен кеңес әдебиетінің шығармалары енді. ә) Қазан тӛңкерісіне дейінгі әдебиет үлгілері берілді. Бағдарламада кӛптеген кемшіліктер орын алды. Материалдар кӛлемі нақты белгіленбеді. Жүйелі білім мен тәрбие беру мәселелері ескерілмеді. Шығармалардың идеялық-кӛркемдік сапасы тӛмен болды. Бағдарламаға енген шығармалардың тақырыбы, идеясы, мазмұны, образдар жүйесі кӛркемдік ерекшеліктері жағынан ашылмай, құрғақ тізім ғана берілді. б) Саяси мәселелердің ықпалы бағдарламаларда да басым болды. в) Әдебиет майданы мектепке де зор әсерін тигізді. г) Ақын-жазушылардың ӛмірбаянына мүлде кӛңіл бӛлінбеді. д) әдебиет теориясынан берілуге тиісті білім мен мәліметтер кӛрсетілмеді.
1934 жылғы бағдарлама алғашқысына қарағанда біраз ӛңделіп басылды, дегенмен бағдарламаның түзілуінде кемшіліктер баршылық еді. Бұл туралы 1934 жылы «Ауыл мұғалімі» журналында «Орталау және орта мектептеріміз үшін қазақ әдебиеті программасын беретін уақыт жетті» деген тақырыпта мақала жарияланды2 . Бұл бағдарламада әдеби шығармалардың қоғамтану негізіне сүйене отырып, қоғамдық саяси тақырыптардың тӛңірегіне шоғырландырып берді. Аталған бағдарламаның жаңалығы: әдебиетті тарихи-әдебиеттік курс ретімен оқытуға бейімдеп беруінде болды. 5-сынып бағдарламасына енген шығармалар үш тарауға бӛлініп берілген. Олар: қазақ кеңес әдебиеті, ескі әдеби мұралар және фольклор. 6-сыныптың бағдарламасы қазақ және орыс кеңес әдебиеті, кеңес одағы халықтарының әдебиеті және шетелдің тӛңкерісшіл әдебиеті деген бӛлімдерден құралды. Бұл бағдарламаларда оқушыға берілетін әдеби білім мазмұны, оқушы біліміне қойылатын талап кӛрсетілмеген, тек шығармалар тізімі ұсынылған.
1938-1939 жылы Қазақ Оқу Комиссариаты бекіткен орта мектеп бағдарламасы шықты1 . ( Орта мектеп программалары II қазақ әдебиеті, Алматы; 1939)
1939-1940 жылы бадарлама белгілі педагог ғалым Ш.Кәрібаевтың басшылығымен және әдіскер мұғалімдердің қатысуымен жасалды. ( орта мектеп программалары IY-YII. YIII-X тарихи әдеби хрс. 1939-40)
1947 жылы қазақ әдебиетінің жаңа бағдарламасы шықты 3 . Онда білім берумен бірге идеялық-саяси тәрбие беру ісін жандандыру, әрі әдебиет сабағының осы мақсатта тікелей жетекші рӛлін кӛтеру мәселелеріне кӛп кӛңіл бӛлінді.( орта мектеп программалары. Әдебиет VIII-Xкластар, Алматы)
1948-1949ж қазақ тілі мен әдебиет оқыту әдістемесінің тарихында болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет