16. «Жер қыртысы» кері байланыс түрін сипаттап жазыңыз.
«Жер қыртысы» кері байланыс түрі үш бөлімнен тұрады: сабақтың тақырыбы бойынша жинаған білім қорын, тапсырмаларды орындау барысында қандай көңіл-күйде болғаны, топта, жұпта қандай қарым-қатынаста болғаны, яғни қалай жұмыс жасағаны туралы оқушылар ой қорытады.
17. «Жетістік ағашы» кері байланыс түрін сипаттап жазыңыз.
Сабақтан алған білімім мен іс-әрекетімді қалай бағалаймын?
18. «Білім кемесі» кері байланыс түрін сипаттап жазыңыз.
Кеме желкенін сәйкес түске бояп, тақырып бойынша өз жетістігіне баға береді.
Жасыл түс - толық түсінік пен белсенділік.
Сары түс - қиындық пен толқыныс.
Қызыл түс - түсініксіздік пен алаңдаушылық.
19.Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10 сыныптың арналған «Қазақ əдебиеті» оқулығына сипаттама беріңіз (құрылымы, тапсырмалар жүйесі). АРМАН-ПВ: Авторлары-Зайкенова Р; Л.Н.Нұрланова.
Шартты белгілері сурет ретінде әр түрлі түсте берілген.Тыңдалым тапсырмалары бар.Әрбір тараудың басында авторлардың пікірлері жазылған.Әр тарауды қорытындылайтын тест тапсырмалары бар. 4 тараудан тұрады.9 автор мен 21 шығарманы құрайды.Сұрақ-жауап,түртіп алу,салыстырмалы,хронологиялық кестелер,венн диаграммасы,попс формуласы,самаралық әдіс тапсырмаларынан тұрады.Кітаптың басында ж/е соңғы беттерінде назар аудар деген белгі берілген.
АТАМҰРА: Авторлары-А.С.Ақтанова, А.Қ.Жүндібаева, Л.К.Жұмекенова.
Шартты белгілері сурет ретінде көк түсте жазылған.4 тараудан тұрады.160 бетті құрайды.9 автор мен 19 шығарманы құрайды.
МЕКТЕП: Авторлары-Г.Орда,С.Дәрібаев,А.Сатылова.
Кітап 2019ж. Алматы қаласында «Мектеп» баспасында басылып шықты.Кітап 120 беттен,4 тараудан тұрады. 9 автор мен 16 шығарманы құрайды.Сұрақ-жауап, салыстырмалы кесте,зерде,білім кемесі мен ойталқы, т.с.с. тапсырмалары бар.
Ерекшелігі- мазмұны басқа баспалардан қарағанда кітаптың алғашқы бетінде жазылған.