11.Жаңартылған білім мазмұнындағы оқылатын лирикалық шығармалардың тақырыптық аясы, оқыту жолдары. Кӛбіне қазақ әдебиетінде лирикалық тектің жанрлық атауларынан гӛрі, шығарманың кӛтерген тақырыбын меже ету, лирикалық шығарманың мазмұнын айқындау мақсаты басым келеді. З.Қабдолов: «Лириканы тақырыбына қарай топтап талдау оны жазған ақынның творчестволық бітімін пайымдау үшін айрықша мәні бар нәрсе: әр түрінен ақынның әр қырын тануға болады»,-деген пікір білдіреді. Мектеп бағдарламасында табиғат лирикасы, кӛңіл-күй лирикасы, саясиәлеуметтік лирика т.б деп бӛлу басымдығы, оны оқытуда да осы бӛлінісіне сүйену әдебиеттану ғылымындағы ой-пікірлерге де қатысты болса керек. Әр халықтың лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен басталған. Мысалы, қазақ лирикасының басы тұрмыс-салт өлеңдерінде, той бастар мен жар-жарда, сыңсу мен беташарда, қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Бастауыш сыныпта оқытылатын ӛлең шумақтары оқушыларға кӛркем сӛзбен жасалатын ӛмір кӛріністерін түсінуге, сол арқылы қоршаған орта ерекшеліктерін жете тануға кӛмектеседі. Жылдың тӛрт мезгілі, олардың ӛзіндік ерекшеліктері, табиғат сырлары түсіндіріледі. Ӛлеңді түсініп оқуға, жүргізіп оқуға, жаттауға бейімделеді. Сондықтан бастауыш сыныптардағы берілетін лирикалық шығармалардың дені жаттауға лайықталады да баланың есте сақтау қабілетін шыңдап, зейіні мен есінің ұзақтығын, беріктігін қалыптастыруға да ӛзіндік үлесін қосады. Орта буын сыныптарда ӛлеңнің, өнердің сиқырлы күшін, кӛркемдік ерекшелігін, кең дүниетанымын байқатуға бағытталады. Сол арқылы оқушыларға эмоциялық ықпал етуге, сезім-күйін тәрбиелеуге, шығармашылыққа жол ашуға күш салынады. Айтушының сезім-күйіне оранған өлең үлгілері арқылы қарасөзбен жазылған шығарма мен өлең туралы алғашқы ұғымдары қалыптасады. Өлең мазмұнындағы сыртқы әлем, қоршаған орта сырларын түсіне бастайды. Жоғарғы сыныпта лирикалық шығармалар белгілі бір тұлғаның әдеби мұрасына қатысты оқытылады. Аталған сыныпта оқушылар ӛлең мағынасы мен мәнін, тақырыбы мен идеясын, лирикалық қаһарманның сезім толқынын ұғынуға, ӛзінше ой толғап, пікір пайымдауға, салыстырулар мен сыни кӛзқарастарға кӛбірек назар салады. Лирикалық шығармалардың өзіне тән ерекшеліктері мен олардың жанрлары туралы ұғым-түсінікті оқушыларға мектеп қабырғасында қалыптастыру кӛзделеді. Аталған ерекшеліктеріне байланысты лирикалық шығармаларды оқыту әдіс-тәсілдері де түрліше болмақ.
12.Негізгі білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлігілік оқу бағдарламасын: мазмұнын, құрылымын (2017 ж.) сипаттап жазыңыз. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы 2017 жылғы 25 қазандағы №545 бұйрықпен жазылған. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. Бағдарламада әдеби-теориялық ұғымдар, талдауға, бағалау мен салыстыруға негізделген адамзаттың мәңгілік сұрақтары, қазіргі заманғы дилеммалар, мәселелер қарастырылған. "Қазақ әдебиеті" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
2) 6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
3) 7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
4) 8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
5) 9-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.
"Қазақ әдебиеті" пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстырмалы анализ, сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады. Бағдарламаның бұл бөлімі пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады.
"Түсіну және жауап беру" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) көркем шығарма мазмұны мен пішіні;
2) әдеби шығарманың тұжырымдамасы;
3) көркем шығармадағы образ;
4) шығарма үзінділерімен жұмыс.
"Анализ және интерпретация" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) әдеби шығарманың композициясы;
2) автор бейнесі;
3) көркем шығарманың тілі;
4) шығармашылық жұмыс.
"Бағалау және салыстыру" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) тарихи және көркемдік құндылығы;
2) заманауилығы мен жаңашылдығы;
3) әдеби эссе;
4) әдеби сын.
Бағдарламада "оқыту мақсаттары" сан мен әріптен тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, әріппен берілген белгі дағдыны (түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстыру), әріппен қоса берілетін сандар бөлімшедегі оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. 7.2.1.2 кодында: "7" – сынып, "2.1." – бөлім мен бөлімше, "2" – оқыту мақсатының реттік саны. Оқыту мақсаттарының жүйесі бөлім бойынша әр сыныпқа берілген.
13. Негізгі білім беру деңгейінің 10,11-сыныптарына арналған (жаратылыстану-математика бағыты және қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша ) «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлігілік оқу бағдарламасын: мазмұнын, құрылымын (2017 ж.) сипаттап жазыңыз. Негізгі білім беру деңгейінің 10,11-сыныптарына арналған (жаратылыстану-математика бағыты және қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша ) «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлігілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына негізделген.
Бұл оқу бағдарламалары жалпы ережелер, «Қазақ әдебиеті» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру, оқу мақсаттарының жүйесі атты үш тараудан әрі Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын (оқыту қазақ тілінде) жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспардан тұрады. «Қазақ әдебиеті» пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстырмалы анализ, сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады. Бағдарлама пән бойынша оқу мақсаттарынан, оқу пәнінің 10,11-сыныптардағы базалық білім мазмұнынан, оқытылатын көркем шығармалар тізімінен тұрады. Бағдарламада «оқу мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.4. кодында «10» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.
Оқу мақсаттарының жүйесі бөлім бойынша әр сыныпқа берілген. Жаратылыстану-математика бағыттағы оқу бағдарламасында «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат, ал, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқу бағдарламасында «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 102 сағат;
11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды. Осы оқу бағдарламасы қосымшада берілген жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарға арналған «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.