Жаңартылған білім мазмұнындағы


Жаңартылған білім мазмұнындағы жоспар түрлерін (ҮОЖ, ҰМЖ,ҚМЖ) саралап көрсетіңіз



бет3/32
Дата19.12.2022
өлшемі1,79 Mb.
#58184
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
ҚӘОӘ сессия НОВЫЙ

4. Жаңартылған білім мазмұнындағы жоспар түрлерін (ҮОЖ, ҰМЖ,ҚМЖ) саралап көрсетіңіз.
Жаңартылған білім беру мазмұнына сай сабақ жоспары жасалатын мақсатты мерзіміне қарай 3-ке бөлінеді:
Қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ)- мұғалімнің күнделікті оқытатын сабақтарының сызбасы (сабақ жоспары);
Орта мерзімді жоспар (ОМЖ)- белгілі бір уақыт аралығында іске асырылатын жұмыстың жеке бөліктерін жоспарлау (әр тоқсанға жазылған оқу жоспары, оқу мақсаттары, іс-әрекеттер).
Ұзақ мерзімді жоспар (ҰМЖ)- бір жылға ұсынған тақырыптық жоспар.
Ұзақ мерзімді жоспар –
- белгілі бір уақыттағы, айталық, бір жыл ішіндегі білім беру бағдарламасының мазмұны
мен ауқымы туралы жалпы түсінік береді;
- мектептің мақсатын, саясатын және материалдық базасын көрсетеді;
- бірнеше жылға арналған кезең ішіндегі жалпы, келісілген бағытты бейнелейді;
- білім беру бағдарламасының «жол картасы» болып табылады;
- бейімдеуге келеді және жағдайға/ қажеттілікке қарай дамиды;
- Білім беру бағдарламасының салалары арасындағы байланысты анықтайды;
- кезеңдер мен жылдар арасындағы алға ілгерілеуді көрсетеді;
- кері байланыс арқылы бағамдайды;
- орта мерзімді жоспарға негіз болады.
Орта мерзімді жоспар

Қысқа мерзімді жоспар орта мерзімді жоспар негізінде белгілі бір тақырып бойынша бір сабаққа арнап құрылады, яғни бұл дегеніміз сабақ жоспары. Сабақ – бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.
5. Ә.Қоңыратбаевтың «Әдебиетті оқыту методикасы» еңбегінің құрылымына талдау жасап, «Шығарма және оны талдау» тарауындағы көркем шығармаға талдау жасау жолдарын сипаттап жазыңыз.
Ғалымның бұл еңбегінде 8-10 сыныптарда әдебиет тарихын оқыту методикасы, текстті,шығарманы, және оның стилін, кейіпкер образдарын талдау, коипозициясы мен сюжетін талдау жұмыстары туралы, және талдау жұмыстарының үлгісі берілген.
«Шығарма және оны талдау» тарауында
А)Талдау сабақтарының жоспарын алдын ала бірлесіп талқылап алу,сол жобада тексті оқытып,бір компонентке бірлескен талдау жүргізу.Бұған мазмұндық-композициялық жоспар,пейзаж,дара мінездеме жасау,үй құрал-жабдығын суреттеу,портрет,сюжет элементтері,көркем тіл (троп) сияқты нақтылы,оңайлау бір компонент объект болады.Үйретуді оңайдан бастап күрделендіреміз.
Ә.Алдын ала берілген жүйелі сұрақ-тапсырмалар бойынша текстің бір объектісін оқушыларға үйде талдатып,жаздырып,соның нәтижесін класта талқылау,тексеру,түзету,түсіндіру.Бұған толық класс қатысады.Не нәрсені болса да мысалмен дәлелдеп,үлгісін дәптерге түсіреміз.
Б. Алдын ала сұрақ-тапсырма берместен,жоспар да ұсынбай ,бір тақырыпты ешбір дайындықсыз бірлесіп талдау.Бұл-алғашқы екі тәсілдің жемісі.Бұған оңайлы объект/компонент алынады.Ондағы мақсат – оқушылардың талдау дағдысының қалай туа бастағанын байқау.
В. Баяндамалар.Бұл кластың жұмыстың бір түрі.Оқушы баяндамасына жеңіл,нақтылы,объект беріледі.Соны олар тексттен мысал келтіре отырып,жүйелеп талдайды.
Г.Диспут-оқушылардың талдау,топшылау тәжірибесі бекінген кезде, көбіне 9-10 сыныптарда,қолданылады.Ол- оқушы баяндамасы кезінде туады,бірақ өте сирек жүргізіледі.
Ғ.Графияка тәсілі.Бұған өмірбаяндық,әдеби ағымдық,талдамалық мәні бар түрліше схема,синхроникалық-салыстырмалы таблица,иллюстрациялық материалдар табу, түрліше дәптер жұмыстары жатады.
Д.Салыстыру түріндегі талқылау.Жинақтау-талдау сабақтарының бір түрі.Графикада екі роман,екі поэма арасында әдіс пен образдар дүниесін салыстыруды көздейді.Олардың ұқсас немесе әдіс жағынан қарсылас болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет