6.Қазақ әдебиеті пәнінің алғашқы бағдарламаға дейінгі оқытылу жайын сипаттаңыз (1879-1930 ж.). Қазақ әдебиеті мұралары үлгілерін оқу құралына енгізуді алғаш Ы.Алтынсарин бастады. Ол 1861 жылы Торғайда «Қазақ даласында өзіне дейінгі мектептерден және сол кездегі діни мектептерден мүлде өзгеше жаңа бағытта мектеп ашып, орыс тілінен басқа пәннің таза қазақ тілінде жүргізілуіне назар аударып қазақ халқының келешегі осы мектептерде» - деп жазды.Олар үшін ендігі жерде оқулық жасауға кірісіп 1876-1879 жылдары бұл мақсатына жетіп, 1879 жылы Орынборда «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы»деген оқулық жазып баспадан шығарды.
Ы.Алтынсариннің қазақ әдебиеті үлгілерін енгізіп алғаш жазған қазақ оқулығының дүниеге келу себебінің өзі, біріншіден қазақ балалары үшін оның өзі ашып ұйымдастырған мектептердің қажеттігінен, сұранысынан туған еді.Ыбырай Алтынсаринге дейін әдеби мазмұндағы қазақ оқулығы былай тұрсын, таза қазақ тілінде оқытатын мектептің де болмаған.
А. Байтұрсынұлының “Әліппе” (1921), “Оқу құралы” (1921), “Әдебиет танытқыш” (1926), “Әліп би”, “Жаңа құрал” (1926), Т.Шонанұлымен бірігіп жазған оқу құралы (1927), М.Жұмабаевтың “Сауатты бол” (1923), Ж.Аймауытұлының “Жаңа ауыл” (1929 ж.) атты окулықтарымен тағы басқа оқулық-хрестоматиялар ұлттық әдебиеттің мектепте жеке пән ретінде жүре бастауына жетекші ықпал жасады.
Қазақ халқын тұтастай сауаттандыру ісі 1920-30 жылдардағы маңызды жұмыстардың ішіндегі ең бастысы болып саналады. Ол үшін оқу-ағарту және тәрбие жұмыстарын жаңа өмір салтына байланысты қайта құру, қазақ жастарына өз ана тілдерінде оқулықтар мен оқу құралдарын жазу және оларды пайдалануға жәрдемдесетін оқу бағдарламаларын даярлау қажет болды.Бұл істі жүзеге асыруға Ғабдулғали Балғынбаев, Молдағали Жолдыбаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Мұқанов, ҚЖұмалиев, Ө.Тұрманжанов т.б. қазақ арасынан шыкқан жас оқытушылар, ақын-жазушылар мен халыққа білім беру саласының алғашқы қайраткерлері ат салысты.
7.Әдебиет пәнін оқытуда қалыптасқан әдіс-тәсілдер жүйесін мысалдар негізінде сипаттап жазыңыз. Оқыту әдісі деп мұғалімдердің оқушыларды біліммен қаруландыру тәсілдерін және оқушылардың материалды қабылдау жолдарын айтады. Әдіс оқытудың мақсаты мен мазмұнына байланысты құрылады. Оның өзгеруіне қарай әдіс те түрленіп отыруы қажет. Оқыту әдісі баланың жас ерекшелігіне қарай құрылады. Оқыту әдісін тәсілмен шатастыруға болмайды.Оқыту тәсілдері оқу әдістерінің кейбір элементтері, нәтижеге жетудің жолдары ғана болып табылады. Мысалы сӛздік әдіспен жанама толып жатқан тәсілдер жүзеге асырылады. Әдеби айтыс тудыратын сұрақтар оқушы белсенділігін тудыратын тәсіл түрлеріне жатады.
Әдебиет пәнін оқытуда алғаш әдіс-тәсілдер жіктемесінің ӛзгеше құрылымын ұсынған ғалым – Н.Кудрящев.2 Ол әдістерді ішінара үйлестіре қолдану арқылы оқутаным әрекеттерін белсенді етуді кӛздейді. Әдіскер-ғалым М.Н.Скаткиннің, И.Я.Ларнердің әдістер жүйесіндегі еңбектеріне сүйене отырып, бірнеше әдістәсілдерді жіктейді. Оқытушы мен оқушының оқу әрекетіне қарай: 1.Түсіндірмелі-иллюстративті; 2.Ақрапатты; 3.Репродуктивті; 4.Проблемалық баяндау әдісі; 5.Эвристкалық әдіс немесе ішінара ізденіс әдісі; 6.Зерттеу әдісі. Кӛп жылғы әдебиет пәнін оқыту әдістемесінің тәжірибесіне сүйене отырып, әдебиет пәнін оқытуды ӛзіне тән әдістер жүйесінің қалыптасқанын кӛруге болады. Оқыту әдістері туралы В.В.Голубков «Оқыту әдісі жүйелі қолданылытын педагогикалық еңбекке үлкен ықпалы бар оқыту түрі» деген тұжырым білдіреді. Ол әдебиет пәніне тән әдістер жүйесін былайша топтайды: 1.Лекция әдісін кең кӛлемде қабылданатын негізгі әдістің бірі ретінде жаңа оқу материалын түсіндіруде, мұғалімнің әңгімесі түрінде түсінік бере отырып оқу түрінде қолданылатынын айтады. Оқу материалын мәнерлеп оқи отырып тыңдаушыға жеткізетін, жаңа оқу материалын баяндайтын лекциялық әдіс деп түйеді. 2.Әдеби-сұхбат әдісі. 3.Оқушылардың ӛздік жұмыс әдісі деп оған шығарма, баяндама, ауызша баяндама, жазба жұмыс түрлерін жатқызады. Яғни, оқушының ауызша, жазбаша баяндамасы және шығармасына бағытталған ӛздік жұмыс әдісі. Сонымен қатар В.В.Голубков жұмысты ұйымдастырудың формасы мен тәсілі туралы айта келіп, әдіске қарағанда тәсіл ұғымының ауқымы тарлығын, әдістің құрамды бӛлігіне жататынын білдіреді. Әдебиеттік оқу сыныптарының әдістемелік жүйесін қалыптастырудағы еңбегімен еленетін әдіскер– М.А.Рыбникова. Әдіскер кӛптеген әдіс-тәсілдердің түрлері мен қоданылу ерекшелікетерін топтастырған. Оның еңбектерінде лекция әдісі, әңгіме әдісі, оқушылардың ӛзіндік шығармашылық жұмыс тәсілдері, түрлі түсініктемелер, мәнерлеп оқу, әдеби кӛрме ойындары, сыныпта және сыныптан тыс жұмыстар т.б. кӛптеген әдістемелік нұсқаулар беріледі. Ал әдіскер-ғалым Н.И.Кудряшев әдебиет пәнінен оқу-танымдық жұмыстарды ұйымдастырудың тұтас құрылым жүйесін ойластырады. Ғалым бірнеше әдістерді ұсынады. Олар: 1.Шығармашылық оқу әдісі; 2.Эвристикалық әдіс; 3.Зерттеу әдісі; 4.Репродуктивті әдіс.