ерекшелік Спиральді білім беру бағдарламасының мазмұны
Байланысты:
zhanart lgan normativtik kuzhattar 2 1 ерекшел ік Спиральді білім беру бағдарламасының мазмұны:
Тақырыптар әртүрлі деңгейлерде қайталанып отырады , кейде бір тоқсан аясында, кейде бірнеше тоқсанда ;
Тақырыптар әрбір келесі деңгейде алдыңғы деңгейге қарағанда анағұрлым тереңдетіліп оқытылуы тиіс;
Деңгей жоғарылаған сайын , тақырыптың күрделілігі артып отырады.
Спиральді білім беру бағдарламасының басымдықтары: оқушыларды межеленген оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады; жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады ; әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі; спиральді білім беру бағдарламасы қарапайым идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді. 2 ерекшелік Блум таксономиясы бойынша тапсырмалардың жоспарлауы және таңдалуы Сабақтағы тапсырмалар оқу мақсаттарына сәйкес , оқушылардың ойлау әрекетін дамытуға бағытталған Блум таксономиясының түрлі деңгейін қамтуы тиіс Білім игеруге бағытталған 6 қадам Сабақта ортақ тақырып қалай іске асырылады? - пәнаралық біріктіру арқылы; Ортақ тақырыптар. Мысал
«Тамақ және сусындар» ортақ тақырыбы
Математика
Бір күнге азық-түлік өнімдерін сатып алу үшін қажетті ақшаны анықтау
(күнделікті өмірдегі практикалық есептерді шешу)
Дүниетану
Біз үйде және мектепте қалай тамақтанамыз? Дұрыс тамақтану дегеніміз не? Қазақтанда қандай азық-түлік өнімдері өндіріледі? ( ас мәзірлерін құрастыру , азық-түлік түрлерін және бұрынғы мен қазіргі нарықтағы олардың бағасын салыстыру)
Достарыңызбен бөлісу: