Бағалау критерийлерін анықтау Тапсырмалар құрастыру Дескрипторлар құрастыру Нәтиже
Бөлім
Бөлімше
Оқу мақсаты
Бөлім:
Оқылым
2.1 Оқу түрлерін қолдану
2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру
2.2.1.1 Мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу/ рөлге бөліп/ мәнерлеп оқу
2.2.3.1Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау
2.2.8.2 Мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Бағалау критерийлері
Қолдану
Анализ
Көркем шығарманы басқа үлгісімен (иллюстрация/ мультфильм) салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.
Б. Соқпақпаевтің «Менің атым Қожа» шығармасынан берілген үзіндіні түсініп оқыңыз.
... Таңертеңгі шайымды ішіп алғаннан кейін, аяңдап мектептің спорт алаңына қарай келе жаттым. Қолтығымда добым бар. Біздің «Спартак» кеше қайраттықтардан жетіде бес болып ұтылған еді. Бүгін оларды қалайда жеңуіміз керек. Команданың капитаны ретінде соған қатты ширығып, іштей дайындықпен келе жатырмын.
Мектептің қасында Жантас ұшыраса кетті. Қолында мөр басылған бір жапырақ жазулы қағазы бар. Соны шертіп-шертіп қойып:
- Қаракөже, мынаның не екенін білесің бе? – дейді.
- Ол не?
Лагерьге жолдама....
«Менің атым Қожа» (https://www.youtube.com/watch?v=SSASQ51Qakw ) көркем фильмінен осы көріністі бейнелейтін үзіндіні қараңыз.
Оқыған үзіндіні аталған шығарманың фильмдегі нұсқасымен салыстырыңыз.
Олардың ұқсастығы мен айырмашылығын сипаттаңыз.
Дескрипторлар
шығарманың үзіндісін түсініп оқиды;
мәтін мен көркем фильм нұсқасының ұқсастығын (мазмұны, құрылымы, кейіпкерлері, сипаты) атайды;
мәтін мен көркем фильм нұсқасының айырмашылықтарын (тілі, сөйлеуі, қимылы) анықтайды .
Пән бойынша оқу бағдарламасына шолу
2. Оқу мақсаттарын ойлау дағдыларының деңгейімен сәйкестендіру.
3. Бағалау критерийлерін құрастыру.
4. Тапсырманың түрін анықтау және құрастыру.
5. Тапсырмаға дескрипторлар құрастыру.