Жалғасы 7-бетте



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата11.01.2017
өлшемі13,43 Mb.
#1672
1   2   3   4   5   6   7   8

ЖАЛҒАСЫ КЕЛЕСІ САНДА

Жоба жетекшісі:

Махмұт НӘЛІБАЕВ

Сағадат 

Нұрмағамбетов 

атындағы  Халықаралық 

қайырымдылық Қордың 

ұйытқы болуымен ашылған 

Алматы қаласында Батыр 

атындағы мұражай қызмет 

жасайды. 

Келем деушілерге есік ашық.

Мекенжайы: 



Алматы қаласы, 

Қастеев көшесі, 

65 В үй

ЖАЛҒАСЫ.

 БАСЫ ӨТКЕН САНДАРДА

Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің 

әскери басшыларын қабылдауы

Мен бұрын-соңды эссе жазып, көрген-

білгендерімді қағаз бетіне түсіріп  көрген 

кісі емес едім. Халықаралық «Сократ» 

сыйлығының иегері, «Марсель Групп» 

компаниясының президенті, көптеген 

ұлттық ірі жобалардың авторы, кәсіпкер 

әрі меценат Махмұт Ыбырайханұлы 

Нәлібаев  үшін қолыма қалам алмауым 

орынсыз болып көрінді. Жазу үстінде 

ұзақ ойланып, толғандым. Өйткені, 

бұл үлкен жүректі Азаматты газет-

журналдар арқылы ғана сырттай білемін. 

Таныстығымыз жоқ.  Білетіндер де, 

білмейтіндер де бас салып жазып 

жатқанда менің үндемей қалуым – 

адамгершілік парыздан аттап кеткендігім 

болар еді.

Білетінім – ол меценат. Қазақ әдебиеті 

мен мәдениетінің жанашыры. Туған өлкесіндегі 

(Шиелі ауданы, Қызылорда облысы) балабақша мен 

мектептердің жөндеу жұмыстарына көп жәрдемдесті, 

медицина орталығы мен оқу орындарын тағы ашты. 

Мамыр айында қазағынан орысы көп Қостанай 

қаласында Қобыланды батырдың еңселі ескерткішін 

ашқанын және білеміз. Оның мұндай халық игілігі 

үшін жасаған жақсылықтарын газеттерден оқып 

жүрміз. Міне, Махмұт Нәлібаев нағыз үлкен жүректі 

азамат. 

Рас, қазақ «Азамат» деген сөзді кез-келген 

адамға айта бермейді, кез-келген адамды «Азамат» 

деп те тани бермейді. «Азамат» деген сөз – халық, 

қоғамдық орта беретін атақ. Сондай үлкен атаққа бар 

абыройымен, шынайы кісілігімен ие болған Махмұт 

Нәлібаев жай қазақ емес – нар қазақ!

Газеттерден Махмұт Нәлібаев туралы оқыған 

мақалаларымның көбінде оның сабырлы мінез, 

сырбаз қалпынан, қарапайымдылығынан айнымайтын, 

адамгершілігі мол, жүрген ортасына сыйлы, мейірімді 

де қайырымды екенін оқыдым. Ал, халық айтпайды

халық айтса, қалт айтпайды емес пе?!

Бекзат болмыс, тектілік адамды қашанда биік 

көрсетеді. Биіктігі де, тереңдігі де, кеңдігі де Махмұт 

Нәлібаевтың бір басынан табылатындай әсер қалдырады. 

Біздің қазіргі өмір сүріп жатқан мезгіліміз «Өтпелі 

кезең» аталып кетті. Өтпелі дүние өтер де шығар, бірақ 

осы дәуірдегі Махмұт Нәлібаевтай азаматтардың   іс-

әрекеті мен ой өрісін болашақ ұрпақтың білгені жөн. 

Өйткені, өтпелі кезеңде адамның кісілігі де, қабілеті 

мен білімі де, патриотизмділігі мен ұлтжандылығы да – 

бәрі-бәрі сынға түседі. Және анау-мынау емес, тарихи 

сынға түседі. Оған, бәлкім, біздер (аға буын) ақырғы 

кесімді бағаны бере алмаспыз да, ең дұрысы бағаны 

болашақ ұрпақ беруге тиіс. Олар дұрыс баға беру үшін 

осы кезеңдегі Махмұт Нәлібаев сынды тұлғалардың 

кім, қандай болғанын шынайы суреттейтін осындай 

естеліктер де жазылуы қажет. Мені аталған эссені 

жазуға жетектеген осы ой, осы мақсат еді.

Жексенкүл ЖАЛАУҚЫЗЫ,

М. Мақатаев атындағы 

орта мектептің мұғалімі, 

Жамбыл облысы

ҮЛКЕН ЖҮРЕКТІ 

АЗАМАТ 


Осы жұрт Махмұт Нәлібаевты

біле ме екен?

«ХАТ ЖАЗДЫМ ҚОЛЫМА ҚАЛАМ АЛЫП...»


31-32 [807], 05-12.08.2016

 www.qazaq1913.kz  

6

Қысқа қайырғанда:

АҚТАҢДАҚТАР АҚИҚАТЫ



Астана тұрғындары бос жұмыс орындарын «CZАстана» мобильді қосымшасы арқылы біле алады

Қоғабай 

СӘРСЕКЕЕВ

ЖАЛҒАСЫ БАР.

 БАСЫ ӨТКЕН САНДАРДА

Жо-жоқ, бұлай емес, ажалды неге 

беймезгіл еске алдым, алла сақтасын, 

лаухұл-махбузда (адам тағдыры жазылатын 

тақта) не жазылған, пенде басқа түскенді 

көреді... Ойына шешесі келе қалды. Қайран 

анашым! Бар тауқымет соның мойнында. 

Аяп кетті. Ол енді тездетіп шешесіне хат 

жазғысы келді. Қара сөзбен емес өлеңмен 

жазғанды ұнатты. Қара сөз проза, Ахмет 

үшін өлең жеңіл, өлең – жыр-сыр. «Анама 

хат». Бастады:

Қарағым, дұғакөйім, қамқор анам!

Арнап хат жазайын деп, алдым қалам.

Сені онда, мені мұнда аман сақтап,

Көруге жазуға еді хақта ғалам!

Бара алмай, өтірікші болып әбден,

Семейдің түрмесінде отыр балаң.

Мал ұрлап, кісі өлтірген айыбы жоқ,

Өкімет, өр зорлыққа не бар шараң! – 

дей беріп тоқтады. Түрмеде отырғанымды 

жеткіздім, енді не дейін? Жә, бұл да 

мақтаныш па, ана жүрегі бұл хабарды 

қалай көтерер, ел не дер, жұрт не айтады? 

Табиғатынан сабырлы Ахмет өлеңнің ендігі 

бөлегін анасына басу айта, қуаттандыра 

жалғады.

«Үмітсіз шайтан болсын» деген сөз бар,

Жолдар көп жаннатқа да тарам-тарам.

Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,

Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.

...Тайпалған талай жорға, талай тұлпар,

Тағдырдың кез болып тұр кермесіне.

Солардан жаным-тәнім артық емес,

Орынсыз күйзелейін мен несіне! – 

деп түйді.

Семей түрмесінде сегіз ай отырған 

Ахметке енді сот үкімі бойынша 

административный ссылка дейтін 

статья кесілді. Статьяның сипаты 

бойынша бостандықта жүруге қақылы, 

тек Қазақстаннан тыс жерде жүруі 

керек. Қазақша бұл жер аудару деген 

сөз. Ахмет Байтұрсынов Орынборды 

қалады. Басы бос болғанымен енді ол 

отбасымен бір жарым жыл колониялық 

әкімшіліктің бақылауында болады. Апта 

сайын жандарм комендантына көрініп, 

тіркеуден өтеді. Ахмет бұған да көнді. 

Кентті қала Орынбордың ой-шұқыры көп, 

уақытының көбін кітапханада өткізеді, 

жазу-сызуымен  айналысады, бір мезгіл 

қара жұмыс істейді, әйтеуір күнкөрістің 

қамы, тіршілікте бәріне үлгеруі керек. 

Жанталас өмір. Осылайша уақыт өтіп 

жатты. Сырғып бір жарым жыл да артта 

қалды. Ахметтің құлағы түрулі ғой, күндердің 

күнінде Уфадағы «Ғалияда» оқитын қазақ 

студенттері ұлт тілінде газет шығармақшы 

екен деген хабар естіді. Олар бүгінде 

ел аралап жұрттан қаржы жиыстырып 

жүргенге ұқсайды. Талаптары тәуір 

екен. Қуанды. Өткенде Ыбырайдың бір 

хатын әлде қалай қолына түсіріп еді соны 

қайыра оқыды. Ол хатының бір жерінде 

«Ал енді, құдай басыма не салса да мен 

күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы 

адам болайын деген негізгі ойымнан, 

талабымнан ешуақытта да қайтпайым. 

Құдайым тек адам баласының жауыздық 

қылмыстарына қарсы тұруға, нахақ жала 

жапсырудың күйігінен арманда кетпеуге 

дем берсін!» деп жазыпты. Өз мақсат-

мұратымен өте үндес. Ахмет те іштей 

осындай ойда. Бекіген үстіне беки түсті. 

«Негізгі ойынан, талабынан еш уақытта 

қайтпайды. Туған еліне пайдалы адам 

болғаннан асқан мұрат бар ма!» Ахметтің 

бұл кезде «Масаны» жазып бітірген шағы-

тын. Шабыттанып жүрген. Еңсесі биік. 

Бұрынғыдай емес дос-жарандарымен 

де еркін араласатын болды. Шіркін, 

бостандық! Административный ссылканың 

срогы біткесін жолы ашылғандай, әйтпесе 

жазықсыздан жазықты боп, бетке шіркеу, 

денеге дақ түскен ауыр күндер бастан 

өтіпті, мал құлағы саңырау ...Ахаң бұл 

кезеңді «Замандастарыма» дейтін өлеңінде:

...Бабы жоқ жұмыстағы мен бір арық,

Күн қайда үздік шығар топты жарып.

Ат тұрмас аяғында желі болса,

Дүсірлеп шапса біреу қиқу салып.

Бар болса сондай жүйрік қызар деймін,

Естілсе құлағына дүбір барып.

Әйтпесе арық шауып оңдыра ма,

Жүргенде қамыт басып, қажып талып, 

– деп ағынан жарыла баяндаған. 

«Қырық мысал» шығар шықпастан 

от боп жанды, бірақ тез сөнді. Орыс 

мысалдарын тәржіме еттім дегенімен 

өз пысықтарымыз табылып, қырық 

мысалдың астарын бұрмалап, жеткізетін 

жерге жеткізді. Сол үшін де жазасын алды. 

Бірақ табалаған жау авторды мойытамыз 

деп қайсарландырып алғанын білді ме 

екен, ол енді өршелене түсіп «Масаны» 

жазып шығарды. Сөз иесі ызыңдап ұшқан 

масасын:


Үстіне ұйықтағанның айнала ұшып,

Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша.

Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса?! – 

деп қазақ арасына ұшырып жіберді. Кім 

оянып, кім тұрар? Ахмет – автор бірақ, 

көпке өз ұранын тастады. Елшілдік ұран!

Жылжып 1913 жыл жетті. Бұл жыл 

қазақ қауымы үшін ерекше жыл болғандай. 

Дүниеге «Қазақ» газеті келді. Жас «Қазақ» 

жаңа талап, жарық оймен қол қусырып, 

сәлем бере үйді-үйге өтті. Төрлет «Қазақ», 

жоғары шық! – десті елі.

«Аталы жұртымыздың, ауданды 

ұлтымыздың аруақты аты деп, газетіміздің 

есімін «Қазақ» қойдық», – дейді милләт халын 

ойға алып, қызмет етуді мойнына алған 

шығарушылар алқасы газеттің алғашқы 

саны жарық көргенде. «Әумин» деп қол 

жайып, «әуп» деп күш қосып, «Алла» деп 

іске кіріскен Әлихан Бөкейханов, Ахмет 

Байтұрсынов, Міржақып Дулатов бастаған 

аз ғана топ ұлт үшін деген істі «ә» дегеннен-

ақ дұрыс жолға қойды. Қазақтың үні бола 

білген басылым, сөз жоқ, сол тұста көп 

жұрттың көзін ашты. Ниет ақ болғанда 

пиғыл дұрыс. Ахаң редакторлық еткен 

газеттің басты нысанасы да осы еді. Түзудің 

көлеңкесі де түзу. Ақ жолдағы «Қазақ» 

халық өмірінің сан алуан көкейкесті 

мәселелерін көтерді, елді прогрестік жолға, 

өнер-білімге шақырды. Осы реттен де 

Мұхтар Әуезов: «...Қазақтың еңкейген кәрі, 

еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, 

өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне 

қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей 

шиырықтырған, етек-жеңін жиғызған 

«Қазақ» газеті болатын. Ол газетаның 

жаны кім еді? Ішіндегі қажымайтын қайрат, 

кемімейтін екпін кімнің екпіні еді? Ол 

екпін ұйықтаған қазақты айқайлап оятуға 

заман ерік бермеген соң «маса» болып 

ызыңдап «оятамын» деп ұзақ бейнетті міндет 

қылып алған Ахаңның екпіні болатын», 

– деп жазды. Бұл жолдар дананы дана 

танудың айқын айғағы. Ұстаса етегі бар, 

жексе жетегі барды танығымыз келсе 

бұған Әлихан Бөкейханов пен Міржақып 

Дулатовты қосалық, газетке абырой 

жинаған, міне, осындай зиялылар. Не 

шара, газет ғұмыры ұзаққа бармады, 

алаштың ұранын асқақтатқан басылым 

көп ұзамай 1917 жылы Торғай облыстық 

Советтері съезінің шешімімен жабылды. 

Ахаңның торығатын жылдары осы жылдар. 

Еш кеткен еңбектің орны немен толар, 

«Қазақ» газетін Ахмет Байтұрсынов ұлт 

жұмысы деп қарайтын. Сондықтан да ол: 

«Ұлт жұмысы – үлкен жұмыс. Басқадан 

кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті 

болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. 

Бай болуға күш керек. Күшті болуға бірлік 

керек. Осы керектердің жолында жұмыс 

істеу керек!» деп жазды.

Дүбір! Дүбір көбейді. Патшаның июнь 

жарлығы. 1916 жыл. «Қазақ» қазаққа 

мұны айтып түсіндірген. 1917 жыл келді, 

1918-1919... Бұл жылдарды да көп көрді. 

Ахаңның қамыққан да, торыққан да, түңілген 

де дүбара жылдары, әйтеуір бір күрделі 

жылдар өтіпті-ау... Сонда «Жұртыма» деп 

өлең жазды.

Бірлік қып іс істеуге шорқақ жұртым,

Табылса оңай олжа ортақ жұртым.

Сияқты қара қарға шуылдаған,

Үрейсіз қоян жүрек қорқақ жұртым.

Білмейсің жөнің менен терісіңді,

Ел болып іс етпейсің келісімді.

Үміт қып бәйге атындай талай қосып,

Байқадық шабыс түгіл желісіңді.

Жөн айтқан жұртшылыққа адам болса,

Шығасың қолыңа ала керісіңді,

Бытырап бет-бетіңе жөнелгенде,

Көрдің ғой жайылатын өрісіңді.

Келгенде өзді-өзіңе мықты-ақсыңдар,

Қайтейін өзге десе көнгішіңді.

Сықылды сынық бұтақ төмендесең,

Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді?!

Бұл жыр Ахаңның сыртқа шығарған 

шері еді. Алашы – Ұраны, өзі қолдан 

құрысқан Алашорда не күйде? Алаш 

Туы астында табыламыз деген ұлт қайда, 

халық нешік, не күйде? Қазаққа қазақ 

қалпын айту да бір парыз. Алдымен ойын 

ақ өлеңмен түйді. Қалтылдақ қайық мініп 

еспесі жоқ, теңізде жүрміз қалқып кешпесі 

жоқ. Жел соқса, құйын қуса жылжи 

беру, болғандай табан тіреу еш нәрсе 

жоқ. Бұл күйге бүгін емес, көптен кірдік, 

алды-артын аңдамаған дертпен кірдік. 

Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден 

сөз, алалық алтыбақан дертпен кірдік. 

Бейне бір құдіретті сынағандай, сақтар 

деп сақтар болса сертпен жүрдік. Жат 

жақты жаратқанға көз еттіріп, жақынмен 

араздастық иттей үрдік. Білдірдік елдің 

сырын, ердің құнын, елеріп ерегеске 

екі-үш күндік. Кіреді тентек есі түстен 

кейін, мүшкілін халіміздің жаңа білдік. 

Әлі де саңлаусыз салтын бағып, түрі жоқ 

іс айтатын пәлен дерлік, – деп күбірлей 

қайталап, әлденеше рет іштей жаттап, 

ізінше қағазға түсірді. Қағазға өлең боп 

түсті. «Қазақ қалпы» дейтін жыр дүниеге 

осылай келген-ді.

Бұл кезде кеңес өкіметінің жер-жерде 

орнай бастаған кезі. Өлара. Ескі мен 

жаңаның шайқасы бірде жанып, бірде 

өшіп тұрған сәті. Заманның сазына көз 

жете бастаған. Ұзамай Кеңес жеңді, 

патша құлады. Ақ пен қызылдың күресі 

– қызылдар пайдасына шешілді. 1919 

жылы жаңа өкімет кеңестік платформаға 

көшкен Алашордаға кешірім жариялап, 

ұлттық келісімге келді. Ахмет Байтұрсынов 

үшін бұл жаңа өткел еді. Қол сыбана, бел 

шешіп іске кірісті.

Мен бұқтым, жаттым,

Сен бұқтың, жаттың,

Кім істемек қызмет? – деді Ахаң. 

Өзін де өзгені де қайрады. Әлихан 

Бөкейханов жар салғандай «ұйымдасып 

жаңа үкіметтің күшеюіне қызмет қылалық» 

деді. Бостандық, теңдік, туысқандық ұранын 

қолдады. Ендігі жерде Ахмет Байтұрсынов 

– қоғам қайраткері. Ол Қазақ өлкесін 

басқару жөніндегі Әскери-революциялық 

комитетінің мүшелігіне сайланады. Бұдан 

соң Республика халық ағарту комиссары, 

Бүкіл Одақ Орталық Атқару Комитетінің 

мүшесі болды. Ташкент, Алматы жоғары 

оқу орындарында профессор, Коммунистік 

партия мүшесі (1920-1926 жылдар).

ҚАЗАҚТЫҢ


ҮШ АРЫСЫ

И

манқұлдың Әбдірахманының бастан 



өткізген өмір жолы Ленин дәуірімен 

сәйкес келеді. Екеуіде бір жылы туған, қайтыс болған 

уақыт айырмашылығы 4-5 жылдай.

1917-1930 жылдар аралығында болған жағдайлар 

мен әлеуметтік өзгерістер Қазақстан тарихына белгілі:

- Патша үкіметінің Қазақстанды отарлау саясатының 

аяқталу кезі;

- 1916 жылғы Торғай өңіріндегі қазақтардың азаттық 

үшін күресі;

- 1917 жылғы Қазан төңкерісі;

- 1928-30 жылғы байларды тәркілеу (конфискация);

- 1932-1933 жылдарғы қолдан жасалған аштық;

- 1937-1938 жылдардағы «Халық жауларын анықтау, 

саяси қудалау, жазалау, ату, асу».

Әбдрахманның өмір жолын бірнеше кезеңге бөліп, 

өзінің жазғандары арқылы көз алдымызға келтіруге 

болады. Атамыз Иманқұлдың Әбдірахманы жастық шағы 

туралы бір өлеңінде:

Ауылым, қызық еді бала күнім,

Шықпаған балалықтан шала күнім.

Ісіме қақ жеткізіп ақырында

Орнына келді көбі талабымның.

Мұнан соң балалықтан шыктым сыртқа,

Ойландым танысуға әрбір жұртқа.

Қызуы жиырманың ерікті алып

Жол беріп жүрдік біраз нәпсі-құртқа.

Келгенде әкем қайтты жиырма беске,

Әңгіме шықсын біраз жүрген іште.

Тұрмысты ол кездегі ойлап көрсем

Өң түгіл кірер емес жатсам түске.

Қақ ісін әр не қылса қабыл етіп,

Лайық сабыр ету болған іске.

Қыйсасын әзір етсе құдретім,

Орны жоқ тегіс айтпай кідіретін.

Әкемнен қалған ақша мал мен сома

Оныда айтып өтем жөн ретін,

Ажарлы жүрген жерім бақша болды...

Бәрімізге белгілі, Әбдірахман Иманқұлұлы кедей 

болмаған, әкесінен қалған байлықты өмірінің дұрыс 

жолына пайдаланған. Еліне, кедейлерге, өзінің және 

балаларының оқуына пайдаланып, өмірді қызықты да 

толыққанды өткізуге тырысқан.

Көрсеткен бұл қызықты жаббар ие,

Іс өтті біздің бастан неше жүйе,

Сүт ағып желінінен жүруші еді,

Қонаққа құлындарын сойған бие.

Әбдірахман кезінде Атымтай жомарт атанған.

Келгенде 25-ке келдім ойға,

Лайық іс етсем деп енді бойға.

Көрінді зор дәреже әкімшілік

Жетсем деп талап еттім абыройға.

Бұл жерде Әбдірахманның ойы, халқына әкім болып 

қызмет ету, елді дұрыс жолға салу, оқу-білімге қолын жеткізу 

деп бағалаған жөн.

Жиырма сегіз жасымда болдым болыс,

Болмады жуан қамшы менде қол іс.

Қай ұлттың болса дағы баласына,

Атандым уақытында жайлы қоныс.

Бұл жерде баса айтатын жәй әкімшілік қызметте 

Әбдірахман болыс, Ұлы Абайдың айтатын болысынан 

басқаша. Елге қысымшылықты өз басының баюына 

пайдалану, жерін, шабындықтарын, жайылымын тартып 

алу деген іс Әбдірахманда жоқ. Халқына жайлы, еліне 

қызмет ету ерекшелігі көрінеді.

Имақұлдың Әбдірахманы туралы Мұхамеджан Қаратаев 

өзінің бір еңбегінде: «Орынбор генерал-губернаторы 

Орталық және Батыс Қазақстан өңірін жоспарлы түрде 

аралауға шыққанда арғын руының атынан елдің әлеуметтік 

жағдайын, туындап отырған шешуін керек ететін мәселелерін 

айтуды Әбдірахманға тапсырады екен», – деп жазады. 

Олай болатын себебі – өзі шешен, ақыл-ойдың көсемі, 

елдің танымал арқасүйер азаматы болған кезі осы уақыт 

болса керек.

Әбдірахман бір сөзінде: «Ол кезде Теке бойын қыстап 

жүрдім...» деген өлеңін оқығанда бір болған оқиға еске 

келеді.


1941-1945 соғыс жылдары Смағұл ағам (Қыпшақбайдың 

туған інісі, Сәлімжанның әкесі) Теке өзенінің бас жағында 

(кейін «Бидайық» совхозының жері) жаз айында колхоз 

малын бағып отырды. Ол кезде 9-10 жастағы кезіміз. Теке 

өзенінің  оң жақ беті, өзеннен қашық емес жер. Малдар 

өзеннен су ішеді. Біз отырған жердің қасында, өзеннің 

жағасында, қабырғасының биіктігі бір метр шамасында, үлкен 

салынған, бірнеше бөлмеден тұратын үйдің орны тұрды. Сол 

үйдің қабырғасына шығып, бөлмелердің қабырғаларының 

үстімен айналып жүретінбіз. Соны көріп, Смағұл бізге: 

«Қабырғаның үстіне шықпаңдар, құлатпаңдар. Бұл үй 

Әбдірахман деген аталаларыңның үйінің орны. Ол әулие 

кісі болатын», – деп айтқаны есімде. Былтыр  бір шаруаның 

ретімен Теке өзенінің жоғары басында болдым. Қайтар жолда 

Теке бойымен жүріп «Қасқадағы» әке-шешемнің бейітіне 

соғуды ойладым. Жүргізушім Қостанайдың орысы болды. 

Жолдан адасып, Теке діңінің түбінен шықтық. Жан-жағыма 

қарасам Текенің сол жақ бетіндегі бұлақтары (бастаулар) 

көп – Андағұл жайлауы екен. Өзім өскен (көрген) және 

бала кезімде мал баққан жерім есіме түсті. Суын ішкен 

бұлақ көз алдымда жатыр. Тек бөгет салып, шағын су 

қоймасын жасап қойған екен. Табан астында Теке өзені, 

оның жағасындағы ағаш тоғайлары. Өзеннің арғы (оң) 

беті – қыстаулар, сол жақ беті  – жайлау. Заманында 

Әбдірахман аталарымыз тұсындағы олардың өмір сүру 

қалпы көз алдыма елестеді.

Қажы жол 40 жаста болды нәсіп,

Халықпен сапар шектім амандасып.

Жайлардың шарафатты бәрін көріп

Бес айда елге келдім қадам басып.

Бес айда қажы жолынан елге келдім,

Майғарау ата-мекен жерге келдім.

Иллаһи тілегімді қабыл қылды

Бір барып әкем басын көрмек едім.

Қажыден келген күні Текебаймен,

Қожекем еріп үйге бірге келді.

Көріп отырғандай, Әбдірахман осы кезден имандылық 

жолына түседі. Осы жылдары өзінің «Пайғамбар ата-

анадан қалған жалғыз» (200 жолдық), «Өлген адамды 

қалай тәрбиелеу жөнінде» (104 жолдық) өлеңдерін жазды.

Бірінші өлеңінде мұсылман болып қалу үшін, Ибраһимді 

(пайғамбардың үш баласы болған дейді: Ибраһим, Қасым, 

Таһыр) құрбандыққа шалу туралы:

Пайғамбар отыр еді қайғысынан,

Сақаба 33 мың бек зарланып.

Әкелген Жебірейілдің сөзі мынау,

Тыңдады мұсылмандар құлақ салып.

Бір алла қақ Расул достым деді,

Ар қашан сыйынамын құдіретке,

Бере көр өзің шифа ауыр дертке.

Біз үшін Ибраһимді құрбан қылды

Біз не қызмет еттік Мұхаметке.

Әбдірахман қажының жазуы осылай, ал ел арасындағы 

нұсқа басқаша. Құрбандыққа адам емес, мал шалатыны 

белгілі. Осы өлеңнің аяғын Әбдірахман қажы былай түйіндейді:

Алланның тапсырмасын баян еттім,

Дариға кәрі деген жасқа жеттім.

Ойында тыңдаушының қалмас па екен,

Алдағы болашақты жазып кеттім.

Ойласақ қияметтің жолы мүшкіл,

Пайғамбар шапағатын үміт еттім.

Оқушы, тыңдаушыға бізден ғазал,

Сіздердің дұғаңызға үміт еттім.

Екінші «Өлген адамды қалай тәрбиелеу жөнінде» 

деген өлеңінде философиялық көзқарасын келтіреді. 

Әбдірахманның сөзіне назар аударайық:

Біреуді қатарынан бай жарыттың,

Төрт түлік айдар малға сай жараттың.

Біреуді қатарынан ғалым еттің,

Атырапқа шаһар етіп мәлім еттің.

Күнәлі ғибыраттан қашпайтұғын,

Біреуді ғалым ішінде зәлім еттің.

Біреуді қатарынан басты қылдың,

Адам жоқ мұнымен тең асты қылдың.

Біреуді қатарынан кәрі қылдың,

Ажалын шегіндіріп әрі қылдың.

Біреуді ұшыратып хасретке,

Оңдырып қызыл жүзін сары қылдың.

Біреуді қатарынан бақты қылдың,

Басында тәжі, астында тақты қылдың.

Сөйлетіп кей біреуді лағу сөзге

Көп сөзге қажымайтын жақты қылдың.

Осы өлеңін былай қорытындылайды:

Өлгенде мал көрмедім бейітке кірген,

Қосылып иесімен жерге кірген.

Қотыр қой, кәрі сиыр, қатба түйе

Жаны ашып қатын-бала соны берген.

Осы «малды» деген сөздің орнын «ақша» деп ауыстырып, 

қазіргі кезді көз алдымызға келтіруге болады.

Әбдірахман қажының жоғарыда айтпағы – адамдардың 

әр-түрлі ерекшелігіне қарамай, дүниеден өту жолы бір, 

бәрі бірдей осыны әр адам әрқашанда есте ұстау керек 

деген ақыл.

Иманқұлдың Әбдірахманының өміріндегі бір маңызды 

да күрделі кезең – 1916-1917 жылдар. 300 жылдық өмірі 

бар патша заманның тарауы, жаңа тарихи өзгерістің 

басталуы. Сол кезде тек Торғай өңірінде елдің алдыңғы 

қатарлы азаматтары кімдер болған деген сұраққа жауап 

берген дұрыс болар. Олардың бізге мәлімі:

1. Әбдірахман Иманқұлұлы – 1870 ж. туған,

2. Әбдіғапар Жанбосынұлы – 1870 ж. туған,

3. Шолақ Оспанұлы – т.ж.б.,

4. Кейкі Көкенбайұлы – 1871 ж. туған,

5. Ахмет Бірімжанов – 1871 ж. туған,

6. Ахмет Байтұрсынов – 1872 ж. туған,

7. Амангелді Иманов – 1873 ж. туған,

8. Байқадам Қаралдин – 1877 ж. туған,

9. Нұрғали Құлжанов – 1877 ж. туған,

10. Асқар Дулатов – 1869 ж. туған,

11. Күдері Жолдыбайұлы – 1866 ж. туған.

Аталғандардың ең үлкені Күдері Торғай өңірінде 

ақындар мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Осылардан 

кейінгі толқын:

1. Сейдазым Қадырбаев – 1883 ж. туған,

2. Әліби Жангелдин – 1884 ж. туған,

3. Міржақып Дулатов – 1885 ж. туған,

4. Ғазымбек Бірімжанов – т.ж.б.,

5. Назипа Құлжанова – 1887 ж. туған,

6. Жармағамбет Бейісов – 1892 ж. туған,

7. Ғабдулкәрім (Кәрім) Тоқтабаев – 1892 ж. туған 

және басқалар.

Бәрі де орысша-қазақша сауатты, Ресейде және басқа 

жерде болып жатқан жаңалықтарды қадағалап оқып, біліп 

отырған азаматтар.

Сол кездегі саясат алаңындағы бәрінің мақсаты біреу 

болатын – елдің бостандығы, елдің амандығы.

Ел ішіндегі ең үлкен «дүрбелең» 1916 жылғы Ресей 

Патшасы Николай-II-нің 25 июнь жарлығы. Онда Бірінші 

дүниежүзілік соғысқа қазақтардың 19 бен 43 жастағы 

жастарын қара жұмысқа алу жөніндегі жарлығы шықты. Бұл 

кезде қазақ жерін орыс патшасының отарлау жұмысының 

аяқталған кезі (1864 ж.). Қазақтар жерден айырылып 

және басқа қысымшылыққа төзе алмай, шыдамы кетіп 

отырғанда, мына жарлық оны өршітіп жіберді.

Ол кезде Торғай өңірі 6 болыс  – арғын, 6 болыс – қыпшақ 

және 1 болыс – найман, барлығы 13 болысты ел болған. 

Осы болыстардың өкілдері Жалдама өзенінің бойында 

Құрылтай өткізіп, қыпшақтан – Әбдіғапар Жанбосынұлын, 

арғыннан – Шолақ Оспанұлын хан сайлайды, Амангелді 

Үдербайұлы Имановты бас қолбасшы (сарбегі) етіп 

тағайындайды. Кейкі басқарған мергендер тобын құрады.

ИМАНҚҰЛДЫҢ

 ӘБДІРАХМАНЫ

(1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліске 

100 жыл толуына орай)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет