ТАҒДЫР. ТАҒЫЛЫМ. ТОЛҒАНЫС
№
31-32 [807], 05-12.08.2016
qazaq1913@nur.kz
7
Қысқа қайырғанда:
ОҚЫРМАН ОТАУЫ
Филдингтің ХІХ ғасырда Қазақстанда болған алғашқы британдық саяхатшылардың кітабы таныстырылды
«ҚАЗАҚ» газетінде «...Тіл кеспек жоқ» деген
көне мәтел-айдармен, «Айтсын деп ақиқатты
тіл берілген...» деп өлең тармақты тақырыппен
жарияланған мақаланы (жазған – Ғазизбек Тәшімбай
мырза) оқып, мен де «қатты таңқалдым». Өйткені,
мақаланың айдары мен тақырыбы мазмұнынан
әжептәуір алшақ тұр. Мысалы:
1. Кәрішал Асан Атаның кітаптарын Алматыда
баспау, басқа жақта басылса, Алматыға әкелдірмеу
туралы ауызша пәрмен болған. Автордың Мәскеудегі
дос-жолдастары сонда шығартса да, баспа иесі
баспаханалық деректерді көрсетпеген. Құрығы
ұзындарға шалғай жер жоғын олар да баяғыдан
білетін болса керек. Ондай тәсілден хабары бары
сөзсіз Ғазизбектің соны Кәрішалға кінә етіп тағу
жөн емес. Кәрішал Асан Ата мен Мадат Аққозин
марқұмдардың аруақтарын мазалағаны да орынды
емес. Мен оларды жақсы білемін: екеуі де ақиқатты
серік етті. Әсіресе Кәрішал өз тұсындағы арғы-
бергі биліктің озбырлықтарына үнемі ашық қарсы
шығып, сотқа тартылып, түрмеге қамалды да,
бірақ ақырында жеңіп, ақталып шығатын.
2. Аруаққа тіл тигізу, әлбетте мұсылмандыққа
жатпайды. Сол ретте Кәрішалдың әрекетіне «қайран
қалған» Ғазизбек Димекеңнің – Дінмұхаммед
Меңліахметұлы Қонаевтың – ондай ісі туралы тіс
жармайды. Мақаласын жазу үшін біраз ізденгені
сөзсіз, бірақ Димекеңнің біліп-білмей істеген
қателіктері баспасөз бетінде әр кез айтылып
жүргенінен хабарсыздығына сену қиын. Алда-
жалда білмеген болса, мақала ыңғайына қарай
мынау жәйттерге тоқталайын:
Д. Қонаев Ғылым академиясына өзінің
інісі Асқар Меңліахметұлын президент ету үшін
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевты қырына алды. Ол
туралы жазушы Медеу Сәрсекеевтің «Қуғындалған
Сәтбаев» атты кітабында анық жазылған. Одан
бұрын ғұлама Қанекеңнің өмірі жайында жазған
«Қаныш Сәтбаев» кітабын Алматыда шығаруға тыйым
салынған екен, Медеу ол қиянат кімнен болғанын
іздей-іздей, ақырында Қазақстан КП Орталық
комитетінің хатшысы С. Имашевқа барғанында
хатшы әңгіме соңында: «Менің қатысым жоқ, мәселе
анау жақта» деп сұқ саусағымен жоғары жақты
нұсқапты. Түсінікті. Медеу кітабын ақырында
Мәскеуден әйгілі «ЖЗЛ» («Жизнь замечательных
людей») топтамасымен шығарды.
«...1981-жылы Д. Қонаевқа ССРО Геология
министрі Евгений Козловский келеді. Министр
Сәтбаевты мақтаныш тұтатынын, Үлкен Жезқазғанды
ашқан ұлы геолог ғалымның аруағы алдындағы
борышы жайында айта бастайды, сол кезде
Қонаев министрді тоқтатып, «Сіз қателесіп
отырсыз, Жезқазғанды түбегейлі зерттеп,
ашқан адам – геолог Сейфуллин. Сәтпаев оның
еңбегін пайдаланып кеткен» дейді. Сейфуллині
– Қанекеңнің қоластында болған геологтардың
бірі. Министр дауласпайды, өйткені, СОКП ОК
Саяси бюросының мүшесіне «бәрі жарасымды».
Ал Халықаралық «Сәтбаев» қорының президенті
Кәкімбек Салықов былай деген: «Қаныш Сәтбаев
дүниеден өткеннен кейін кейбір басшылардың
оның есімін ұмыттырып жіберуге тырысқанын
үлкен қынжылыспен айтуға тура келеді. Оның бәрі
биікке шарықтап шыққан Қанекеңнің көлеңкесінде
қалудан қорықты» (М. И. Есенәлиев, «Ірілік пен
ұсақтық». «Қазақ әдебиеті» газеті).
Осындағы: «...Сәтбаев оның еңбегін пайдаланып
кеткен» деген ұсақтық сөз – аруақтан аттап кетудің
ең сұрқылы!
«Қазақфильмнің» Қанекеңе арналған деректі
фильмінің қабылданбай тасталғаны – өз алдына
бір «хикаят».
Димекең Сәкен Сейфуллиннің де аруағын
құрметтемеді. Ақынның мүшелтойлары мейлінше
пәс өткізілді, кітаптары жүйеленіп басылмады.
«Сәкен Сейфуллин» даңғылы бойына мүсін-
ескерткіш орнатуды өтініп (даңғылға ақын аты
Министрлер Кеңесінің қаулысымен берілген. Кеңес
төрағасы – Жұмабек Тәшенев), Сәбит Мұқанов
бастаған ақын-жазушы ағаларымыз Димекеңе
«Қазақ әдебиеті» газеті бетінде хат
жазса да, ештеңе шықпады. Сонда
марқұм С. Сейфуллиннің кінәсі не?
«Кінәсі» – «Тар жол, тайғақ кешу»
романында ақмолалық Ялымов
деген көпестің колчакшылдарға
көмектескенін айтқаны. Ол Ялымов
– Димекеңнің қайынатасы.
Жұмабек Тәшенев туралы да
пікірі орынды емес. Жұмекеңмен
қызметтес болғандар оның
әділдігіне, қазақы рухқа
адалдығына және іскерлігіне
шәк келтірмейді. «Ақжарқын,
айтқыш еді, кімге болсын ой-
пікірін тура айтатын Азамат
болды» деседі. К. Асан Ата
Жұмекеңнің Тың өлкесі
туралы алақұйын Хрущевқа
қарсы сөйлегенін және басқа игі іс-әрекеттерін
құжаттардың көшірмелері негізінде жазғанын
айтқан еді, олар марқұмның мұрағатында
қалған болар. Димекең болса, Жұмекеңді
өрісі тар, ашуланшақ, шолақ ойлайтын кісі етіп
«бағалап», «орнынан алынған соң жанталаса
ізденіп Мәскеуге барды, бірақ ештеңе шығара
алмады...» депті. Өз басым ол сөзіне сенбеймін.
Өзін қудалаған сойқан «көсем» Хрущев екенін біле
тұра, қашанда бірбеткей Жұмекеңнің Кремльге
барып шағымдануы мүмкін емес!
Сондай-ақ, Димекең Ж.Тәшеневті орнынан
алуды бұйырған Хрущев оны қай қызметке
жіберу керек дескенде бірде: «қолын бір-ақ
сілтеп, өзің біл дегендей рай танытты» десе,
бірде: «Орталық бір облысқа атқару комитеті
төрағасының орынбасары етіп жіберуді ұсынды»
депті. Ол Орталық – Хрущев. Ал ол делқұлдың
ұсынуды емес, бұйыруды ғана білгені белгілі.
3. Бүгінде Димекеңе тең таба алмай: «ұлы тұлға,
мың жылда бір туар дана, көреген, данышпан,
киелі қайраткер, кемеңгер, әулие...» деп шаршап
жүрген үлкен-кіші ағайындардың қолындағы
бір көзір – Димекеңнің 42 қала салдырғаны.
Ғазизбек те атапты. Құп делік. Бірақ арырақ
ойлап байқайық: сол бәрі дерлік өнеркәсіптік
42 қалада қанша тұрғын болды және оның
қаншасы қазақ? Бір дерек көзі: «Тұрғын халық
саны – 350 мың, оның 45 мыңы – қазақ» дейді.
Ендеше, ол Қазақстанды орыстандырудағы «Тың
және тыңайған жерлерді игеру» деген сұрқылтай
саясаттың екінші түрі болды емес пе?! Димекеңнің
көпе-көрінеу кремльдік жобаны батпан құйрықтай
малданған ол «ұлы қайраткерлігін» қашанға дейін
мақтаныш ете насихаттауымыз керек?!
Осы ыңғайда Олжас Сүлейменовтің бір дұрыс
сөзі еске түседі. Әу баста Димекеңді «ұстазым»
деп мақтап жүрген, кейін жаңа биліктің ыңғайына
қарай марқұмды қатты сынаған, соңғы жылдары
қайтадан мақтауға кіріскен ақын бірде былай
депті:
«...«Д. А. Кунаев отвечал требованиям той
системы, которой он служил. Он, Кунаев, был
дисциплинирован, любое слово из Кремля
для него – приказ, который не обсуждается, а
исполняется, поэтому рос. В ранге члена политбюро
вслед за другими подписал в начале 70-х годов
невежственное постановление, которое принесло
Аральское море в жертву мифическому хлопку...
В докладах – появились за эти годы десять новых
индустриальных Казахстанов. Опустошались
недра, но росли города, появились новые
дороги, улучшилась инфраструктура. И когда
мы говорим «застой», я это отношу в полной
мере к нашей республике. Она хишнически
грабилась, насиловалась, но рожала» («Ликам
могут противостоять только личности», газета
«Совершенно секретно». 1990 г.).
4. «Исмаил аканың қай сөзіне сенуге боладыға»
жауап қайтарар едім, бірақ мен оның өзін көрген
де, кітабын оқыған да емеспін. Десем де, Тотанов
Сатыпалдының «Өткен өмір өткелдері» естелігінен:
республика Компартиясы Орталық комитетінің
1-хатшысы Н. Назарбаевтың 1990 жылдың
20-сәуірінде Лениннің 120 жылдығын қалай
атап өту керектігін ақылдасу үшін Алматының әр
ауданынан 10 ардагерді өзіне шақырып алғанын,
әртүрлі сұрақтарға, оның ішінде Дінмұхаммед
Қонаевқа қатыстыларына да жауап беріп, ол туралы
артық сөз айтпауды ескерткенін, содан соң, сәл
ойланып алып: «Қонаев – қазақ емес, партияға
өту үшін өз қолымен толтырған анкетасында ұлтын
«татар» деп көрсеткен» деді, деп жазылғанды
оқығаным бар.
Иә, «Айтсын деп ақиқатты тіл берілген...».
Алайда тілдің де иесі бар, соның айтқысы келгенін
ғана айтады. Бұл қаламдас Ғазизбек інімнің де
есінде болғай!
Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ, жазушы
«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ ЖАЗЫП ЕДІ...
ТІЛДІҢ ДЕ
ИЕСІ БАР
ТӨРТІНШІ СӨЗ
Рухани құндылығымыз қандай?
Қазір қай деңгейде?
Оны қалай жаңғыртамыз?
Оразалы
СӘБДЕН,
экономика
ғылымының
докторы,
профессор
СОҢЫ.
БАСЫ 1-БЕТТЕ
Абай
өз дүние-
танымдық көзқарасында адамның
ой-санасына, ішкі жан-дүниесіне
байланысты рухани құндылықтар мен
болмыс деп аталатын терең ауқымды
философиялық ұғымды адамгершілік,
имандылық, игілік, адалдық ізеттілікті,
т.б. сияқты қасиеттерді халқының ой-
санасына, әдет ғұрпына орнықтыруға
күш салды.
М.Әуезовтің: «Абай адамгершілікті,
моральдық философияны барлық
жайдан жоғары қойды», – деген
ойы ақын танымын терең танудан
туған. Абай «Төртінші қара сөзінде»
адамгершіліктің мәніне, сырына үңіле
түсіп, адамның рухани құндылығын
өзіндік терең ауқымды философиялық
ойымен баяндап беруді мақсат етеді.
«Философиялық ойдың даму тарихында
«адам» ұғымының алатын орны орасан
зор», – деп айтқан философ Сократ
болатын. Абай адамның ой-санасына,
ішкі жан-дүниесіне байланысты
болмыс пен этика мәселесі Сократ
айтқан ұлағатты оймен сабақтасып
жатқандығын айтсақ, Абай адам болмысы
мен рухани құндылығын жырлаудағы
ең басты жаңалығы – адамгершілік
мәселесі құбылыс ретінде ізгілікке
дейін дамып, ұштала түседі.
Сол арқылы ғана ел тарихын
әлемге таныта аламыз. Дағдарыстар
біздің көзімізді ашты. Адамзаттың
көпғасырлық тарихында игеріліп, бүгінде
құндылығын жоғалта бастаған рухани
және моральдық құндылықтарымыз
бар. Соларды қайта қалыптастыруға
бізде бүгінде негіз жоқ емес. Қазір
әлемде ізгілік пен әділеттілік идеяларына
қайтадан мұқтаждық туындауда. Өйткені
рухани құндылықтар мен адамгершілік
нормалары – өркениет дамуының
нәтижесі. Қоғамдық байланыстарды
бұзып, рухани өмірдің дағдарысына,
адамгершіліктің құлдырауына жеткізіп
отырған қоғамдық апаттар, табиғи
және әміршілдік режимдер дүниені
дүр сілкіндіруде.
Абай «Қара сөздеріндегі» ел
берекесін кетірген, ел көзін аштырмай
отырған бір-бірімен дауласу, өтірік
арыз беру секілді жаман әдеттер
нақтыланып көрсетіліп, елді бірлікке,
ынтымаққа шақыру мақсат-мұраты терең
ауқымды ойларымен, дүниетанымдық
көзқарасымен түйінделіп отырады. Абай
«Қара сөзінде» рухани құндылықтар
мен адам болмысы, қазақтың мәдени
салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, салт-санасы
шешендік сөздермен өріліп, Хакім
ой тереңдігін таныта түскен.
Біз табиғаттың заңдылықтарымен
өмір сүру ережелерін, әлемдік тарихи
даму жолына сәйкес қоғамды ізгілендіру
туралы кейде ұмытып кетіп жатамыз.
Алайда заңдылық адамгершілік
нормаларына сәйкес болған жағдайда
ғана іске асады. Қоғам өзінің даму
жолында ең алдымен табиғатты қорғауға
тиіс. Өйткені табиғат пен адам өмірі
бір-біріне тәуелді. Алайда, өкінішке
орай табиғи және адам капиталына
басты назар аударылмай келеді, әсіресе
рухани құндылықтар ұмытылған.
Сондықтан қоғамның үйлесімді даму
заңдылықтары бұзылып, «нарықтың
көзге көрінбейтін тетігі» өзінің дегенін
істеді. Соған байланысты дамыған елдер
әлемдік дағдарыстың құрсауында
қалып отыр.
Жалпы қазақ, түрік қауымын
ізгілендіру идеясы бізде ХІ-ХІІІ
ғасырдағы қазақ жерінде пайда болған
«жәуанмәртлік» және «хәл» ілімінде,
немесе мораль философиясында жатыр.
Бұған қоса ХІХ ғасыр соңында Абайдың
«Толық адам» ілімі дүниеге келді. Бұл
ілімдердің бастау көзі б.з.д. VІІ ғасырда
«Алып Ер Тоңға» туралы бізге жеткен
тарихи жырда Ұлы Тұран қағаны Алып
Ер Тоңға аузымен айтылатын «ақи»
(жомарт) ілімнің бастау көзі жатыр.
Осы ілімдердің жиналып, қорытылған
түрі Абайдың «Толық адам» ілімі ата-
баба дәстүрін жалғастырды. Бұл
ілімнің шығуына себепкер құбылыс
– қазақ қауымы дүниенің көрінбеген
сырын ашып, танып-білуге ұмтылды.
Әрі дүниенің көрінген сырын бірлікте
қатар алып танып-білуге мән берді.
Қоғам – көптің, топтың-дүрмектің
әлемі. Бұл әлемнің дертті екенін адам
өзінің ішкі әлеміне үңіліп барып таниды.
Өзінің ішіне үңілмеген, дертіне құлақ
түрмеген адам, өзін қоршаған ортаны
тани алмайды. Өз ғасырында Абай
туған халқын барынша сүйгендіктен,
оның әлеуметтік өміріндегі кемшілігін
мінеп, жоюға күш салды. Өз мінін
көре алмаған халықтың өркениетке
ұмтылмайтынын түсінді. Сондықтан
ол кертартпа салт-дәстүрлерге қатал
да батыл қарсы күресті, әлеуметтік
өмірдің жаңа да озық өлшемдерін
уағыздады, елді бірлікке, татулыққа
шақырды.
Ал еуропалықтар ХVI ғасырдан
бастап «дүниенің көрінген сырын»
ашып, танып-білуге ұмтылды да тек
баюды ойлап, материалистік, атеистік
жолға түсті. Олар «дүниенің көрінбеген
сырын» танып-білудің қажеті аз деп
рухани әлемнен қол үзді. Қазір азғындап,
рухани қасіретке ұрынуының себебі
де осы құбылысқа байланысты. Бұл
қасіреттен қашып құтыла алмайды.
Құтылудың жолы «дүниенің көрінбеген
сырын» танып-білуде жатыр. Оған қол
жеткізу қиын. Өйткені бес ғасырдан астам
уақыт ішінде оларда таза материалистік
таным мен дүниетанымы қалыптасты.
Оны бұзу – қиынның қиыны. Екіншіден,
олар ғылымның табысын имансыздық
жолға бұрды. Суық ақылды тірек
етті. Абайдың «Толық адамы» нұрлы
ақылды тірек етіп, ғылым табысын
имандылық жолына бұрады. Хакім
Абайдың «Толық адам» ілімін барлық
оқу орындарында оқыту арқылы біз
қоғам өмірін ізгілендіре аламыз,
өркениетке жаңаша бет бұрамыз.
Абайдың ойшылдығы қарасөздерінде
толғаған өмір құбылыстарының
ерекшеліктері мен өз тұлға бейнесін, өзі
өмір сүрген заманды қалай танығанын,
халықтың мүддесінен, арман-тілегінен
түйген философиялық ойларынан,
дүниетанымдық көзқарасынан көруге
болатын еді.
Хакім Абайдың: «Адам баласы
жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада,
бұ дүниенің рахатының қайда екенін
білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі
мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа,
жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді
де, таусылған күнде бір күндік өмірді
бар малын сатып алуға таба алмайды.
Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп,
адам саумақ – өнерсіз иттің ісі. Әуелі
Құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа
сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң,
қара жер де береді, құр тастамайды
– ойлы сөздерді Алла берген нығмет-
несібені орнымен пайдалана алмаған
адам жаны мен арын, ой-өрісі мен
рухани құндылықтарының қадірін
білмес» – деп ой түйеді.
Әлемдік қоғамдастықтың дамуына
тікелей әсер етіп отырған әлеуметтік
мәселелер бар. Ол көп жылдар бойы
әлемнің әр аймақтарында қордаланып
қалғандықтан, өзіндік әсерін тигізбей
қоймайды. Әсіресе, қоғамның бүлінуі,
рухани бытыраңқылық, парақорлық,
жергілікті биліктің әділетсіздігі
мен қарапайым адамдардың
мұқтаждығына немқұрайлы қарауы
сияқты келеңсіздіктер уақыт өткен
сайын үдеп келеді. Көптеген елдер
нақты мемлекеттік идеологиясы
болмағандықтан, әлеуметтік бағытын
жоғалтты және есепсіз тұтыну жолына
түсті. Қазақстан да осы кемшіліктерден
сырт қалмады.
Әрбір мемлекетке адамдардың
ақыл-ойына бағытталған жаңа ұлттық
идеялар қажет. Кейінгі кезде, елімізде
жуасып қалған зиялы қауымның үнін
шығару тәжірибесін алып, ұлттың рухын
көтеру керек. Ол ұлттың біртұтастық
қағидатына, оның тілінің, мәдениеті
мен салттарының дамуына негізделуі
тиіс. Ұлттық идея – тек рухани құбылыс
қана емес, ол табиғи түрде ұлттың
мүдделілігін оятатын, оны іске асырумен
байланысты дүние. Алайда жаңа дәуірде
бірде-бір ұлт оқшау, өзге ұлттардан
бөлек тұра алмайды. Өз мүдделерін
басқалардың мүдделеріне қарсы қоя
отырып, өмір сүруі мүмкін емес.
Мұнда Абайдың «Қара сөздері»
тақырыбы жағынан ауқымды
философиялық оймен және адамның
ой-санасына, ішкі жан-дүниесіне
байланысты құндылықтармен
айқындалып, қоғамдық адамгершілік
мәселелерімен сабақтасып жатады.
Абай қазақтың мәдени салт-дәстүрін,
әдет-ғұрпын, салт-санасын шешендік
сөздерін толық пайдаланып, өнер үйрену,
білім-ғылымды игеру имандылық секілді
көптеген мәселелерді философиялық
ұтымды ойлармен кеңінен толғайды.
Сондықтан ұлттық идеяны, ұлттық
мүдделер мен өзара сенімділікті түсіну
– оны жүзеге асырудың бірден-бір
жолы. Осы орайда үлкен мәні бар
мәселе не десек, ол – Түркі тілдес
халықтар Қазақ жеріндегі Түркістанды
«Атажұрт» рухани астанамыз «Екінші
Мекке» деп ағылып келіп, киелі мекеніне
тағзым етіп жатыр. Біз Түркістанның
рухани және экономикалық әлеуетін
пайдалана алмай келеміз. Бұл аймаққа
тек туристік нысан ретінде қарау
мүлдем дұрыс емес. Түркі әлемінің
тірегі, тал бесігі болатындай тарихи
тереңдігі бар Түркістан аймағын рухани,
экономикалық, технологиялық дамыту
арқылы жалпы руханиятымызды жаңа
белеске көтеруге болады.
Осы орайда Түркістанды рухани
астанаға айналдыру ұлттық идеясын
алға тартпақшымын. Қысқаша айтсақ,
бұл мегажобаның аты «Түркістан өңірі»
рухани жаңа технологиялық кластерін
құру – Қазақстан қоғамын ізгілендіру
туралы» идея. Мегажобаның негізгі
мақсаты – «Түркістанды халықаралық
деңгейдегі рухани орталыққа»
(мегаполиске) айналдыру, халықаралық
қауіпсіздікке жаңа қадам жасау.
Тарихымызда алғаш рет бір аймақ
мысалы негізінде екі аса ірі түбегейлі
проблеманы ұштастыру көзделіп отыр.
Ол бір жағынан, адамзаттың рухани-
мәдени және тарихи дамуына, екінші
жағынан, жаңа 6-технологиялық
уклад үйлестіруге бағытталып отыр.
Сол арқылы инновациялық дамудың
Қазақстандық жаңару (ренессанс)
үлгісін дүниежүзіне көрсетуге болады.
Ол үшін кезек күттірмейтін мынандай
іс-шараларды жүзеге асыру қажет.
1) Парламентте «Жаңа Түркістан –
Рухани Астана» туралы заң қабылдау
керек;
2) Түркістан өңіріне «еркін
экономикалық аймақ» статусын беру
қажет, Парламентте заң қабылдау;
3) Түркістан аймағын 5 жылға
дейін салықтан босату қажет.
4) Халықаралық Дін академиясын
ашып, Дінтану орталығын қалыптастыру;
5) Қоғамды ізгілендіру туралы
«Ғылым орталығын» ашу, Қазақ
Ғылымдар Академиясын ашу (Қытайда
бар), Мәдениет университетін ашу;
6) Көне тарихтан бастап қазірге
дейінгі «Тарих қазынасы» атты мұражайы.
Археология музейі (Лондонда география
музейі бар);
7) Жаңа үлгілі, бірақ ескі, көне
архитектура мен Түркістан қаласын
салу.
Рухани Жаңа Түркістан орталығын
салуға Тұран даласына атажұрт деп,
түркі, өзбек, әзірбайжан, түркімен,
қырғыз, татар, т.б. елдері, ал жалпы
ислам әлемі деп араб, иран, мысырлық,
т.б. мемлекеттер өз көмегін береді деген
үміт бар. Олардың өздерінің тарихи
атажұртында, шыққан жерінде өз ұлттық
нақышында ғажап ескерткіштер, зәулім
ғимараттар салуға атсалысу керек.
Түркістанға келіп-кеткен адамдар өз
елінің ежелгі тарихынан сыр шертетін
кесене, ескерткіш, ғимараттарды
көргендей болуы керек.
Жоба 6-кластерді қамтиды; рухани,
технологиялық, жаңа ауыл, туризм,
логистика және инфрақұрылым
кластерлері. Ең маңыздысы – рухани,
мәдени және жаңа инновациялық
технологиялық укладты біріктіріп,
бір процесс ретінде біз ең қымбат
адам капиталын тиімді пайдалануды
қамтамасыз етеміз. Егер адам
капиталына келетін болсақ, жалпы Үлкен
Түркістанда және оның айналасында
кем дегенде 400 млн. адамның осы
жобаға мүдделілігі туындауы мүмкін.
Мұндай ноу-хау әлемге тез тарайды.
Бүкіл Еуропа Кеңесіне кіретін халықтар
саны 500 миллионның айналасы.
Сонда бұл жоба ауқымының жоғары
екенін байқауға болады. Егер 2009
жылы мұсылман халқының әлемде
1,3 млрдтан асқанын, оған қосымша
2020 жылы мұсылман халқының саны
1,8 млрд. адам (әлем халқының 25
пайызы) болатынын ескерсек, Түркістан
жобасының өміршең екеніне көз жеткізу
оңай. Бұл жобаның АҚШ-тағы Силиконово
жазықтығынан айырмашылығы – ол
тарихи, рухани-мәдени дамуы мен
ауылды өркендетуді қазіргі кезеңнің
жаңа талаптарына сәйкес алтыншы
инновациялық технологиялық қалыпты
адамзат игілігіне жұмыс істете отырып
байланыстыру.
Абай «Қара сөздерінің» танымдық
биік шыңы – адам ой санасының
жетілуі мен ішкі жан-дүниесінің бай
болуы деп санайды. Жетілу жолында
әрбір жан ақыл-біліммен адам атанып,
әрі қарай сол ақылмен білімді қару,
құрал етіп ізгілікке, әділетке бет алады.
Ақын «білім-ғылымның өзі адамның
ой-санасына, ішкі жан-дүниесіне
байланысты құнды болуымен бірге
жемісті, табысты болады, адамның
ғылымы, білімі рухани құндылықтар мен
болмыс деп аталатын терең ауқымды
философиялық ұғымына келіп саяды»
– дейді. Жоғарыда Абай айтып өткен
мұндай рухани құндылықтар адам
болмысының өзегі болмақ.
(ЖАЛҒАСЫ БАР)