ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ: «GAUHAR» ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК, ПОЛИГРАФИЯЛЫҚ БАСПА КОМПАНИЯСЫ
АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОР: Гүлбаршын МҮТАЛАПҚЫЗЫ
БАС РЕДАКТОР: Жасұлан МӘУЛЕНҰЛЫ
БАС РЕДАКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Гүлмаржан ТОРҒАУЫТҚЫЗЫ
КӨРКЕМДЕУШІ РЕДАКТОР: Айнұр ҚАЙРАТБЕКҚЫЗЫ
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
Қоғабай СӘРСЕКЕЕВ, Кенжеғали САҒАДИЕВ, Серік ҚИРАБАЕВ,
Махмұт НӘЛІБАЕВ, Уәлихан ҚАЛИЖАН, Сейітбек НҰРХАНОВ,
Сайлау БАЙЗАҚОВ, Әбдісағит ТӘТІҒҰЛОВ, Жүрсін ЕРМАНОВ,
Хұсайын УӘЛИЕВ, Кеңес ҮШБАЕВ
Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінде тіркеліп, есепке қою туралы №6897-Г куәлігі 2006 жылдың 7 ақпан айында берілді.
Мақала авторларының пікірлері редакцияның көзқарасын білдірмейді, авторлардың мақалалары қысқартылып, редакцияланады. Редакция авторлар мақаласы мен
жарнама мазмұнына, тіліне жауап бермейді. Газетте жарияланған материалдарды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға болмайды. Газетте интернет
сайттарының фотолары мен nur.kz, tengrinews.kz, inform.kz, baq.kz ақпараттық агенттіктерінің мақалалары мен деректері қолданылды. Газет «GAUHAR» ғылыми-өндірістік
полиграфиялық баспа компаниясының компьютер орталығында теріліп, беттелді. Газет әр аптаның жұма күндері жарық көреді. Газеттің қаржылық қоры жоқ
болғандықтан авторларға қаламақы төленбейді. Қолжазба авторларға кері қайтарылмайды. Газет Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында таралады.
ТАРАЛЫМЫ:
11 000
ТАПСЫРЫС: №392
ИНДЕКС
Баспахананың мекенжайы: Алматы қаласы, Егізбаев көшесі, 7 «В»,
«Кредосс-Б». Байланыс телефондары: 8 (727) 391-10-06, 391-10-70
РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
050000, Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы,
№392 (Мәметова к-нің қиылысы), 5-қабат,
505-кеңсе, «Senim Capital» бизнес орталығы
ТЕЛ./ФАКС: 8 (727)
278-00-98
«ДҮБІРЛІ ДОДА» –
«ҚАЗАҚ»-тың
СПОРТ БҰРЫШЫ
Бетті әзірлеген:
Жанар ДӘУЛЕТҚЫЗЫ
АПЫР-АЙ, А!..
МИНИСТР VS РЕЖИССЕР
CОТТА МҰХАМЕДИҰЛЫ ӨЗІН МАСҚАРАЛАҒАН
ЖӘНІБЕКОВТЕН 1 ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ӨТЕМАҚЫ ТАЛАП ЕТТІ
Отандық режиссер Талғат Жәнібеков өткен айда ҚР Мәдениет
және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының пара сұрағанын
айтып айыптап, шулы бейнемәлімдеме жасаған еді. Режиссер
өзінің «Феникс» фильмін соңына дейін түсіріп бітіруге министрдің
кедергі келтіріп отырғанын ашық айтқан болатын. Өз кезегінде
Арыстанбек Мұхамедиұлы Талғат Жәнібековтің мәлімдемесі шындыққа
жанаспайтынын айтып, ақыры режиссерді сотқа берді.
Бүгінгі даудың басы Дайрабайдың көк
сиырынан емес, соңғы кездері айқай-шудың
ортасынан табылып жүрген Арыстанбек
Мұхамедиұлынан басталды. Әлқисса, өзінің видео
мәлімдемесінде Талғат Жәнібеков «Феникс»
атты фантастикалық триллерді уақытылы
аяқтай алмайтынын айтқан. Ғарышкерлер
күніне түсіріліп бітуі тиіс фильмнің тұралап
қалғанына режиссер министрді кінәлады.
«Біз «Феникс» фильмін Ғарышкерлер
күніне жақын аяқтаймыз деп жоспарлаған
болатынбыз. Алайда Мәдениет және спорт
министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы болғалы
бері бар жоспарымыз іске аспай қалды. Жаңа
басшылық біздің картинаны заңсыз қысып
тастады. Енді біз әрі қарай жылжи алар емеспіз»,
– деп назын білдірді режиссер.
«Арыстанбек Мұхамедиұлы халықты
күлдіріп, талай былыққа кірді. Алайда бұл
жай күлкі емес, күйінішке толы күлкі болып
отыр. Көзімізге жас алып күлуімізге тура
келіп отыр. Ондай адам мәдениет саласын
басқарғаннан кейін бүкіл әлем біз туралы
не ойлайды?» – деп сұрақ қойды режиссер.
Режиссердің айтуынша, жоба тоқтап қалған
соң түсірілім тобы сотқа жүгінген.
«Біз былыққа толы бірнеше соттың алдынан
өттік. Мұның бәрі қоңыраумен шешілетінін
жақсы білемін. Америкалық әріптестерім
барлық дәлелді құжаттар бола тұра, сотта
жеңілгенімізге таң болды», – деген режиссер
киноны қаржыландыру үшін министр одан
пара сұрағанын алға тартты.
«Билік жұмыс істемейді. Біз ұрлық болып
жатқанын дәлелдейтін құжаттарды көрсетудеміз.
Ұрлыққа қатысы барлар арасында актер,
продюсер, «Қазақфильм» продюсерлік
орталығының вице-президенті Серік Жұбандықов
және министр Арыстанбек Мұхамедиұлы бар.
Мұхамедиұлының адамдары маған мүлдем
келісімімді бере алмайтын сұрақтармен келді.
«Жоқ» дегеннен кейін жобамызды тоқтатып
тастады», – деп ашық айтты Талғат Жәнібеков.
Өз кезегінде 2015 жылдан басталған
«Феникс» фильмі төңірегінде дау-дамай туралы
Арыстанбек Мұхамедиұлы кей жерлері жөнге
келтірілмегендіктен жобаны қаржыландыру
уақытша тоқтатылғанын алға тартты.
«Фильмнің бастпақы жұмыстарына 100
млн теңге бөлінді. Мен режиссерге фильмді
қолдайтынымды айттым. Алайда өзіне одақтас
ретінде үздік танымал шеберлерді тартуы
керектігін айттым. Алайда өзі режиссер, өзі
продюсер, өзі сценарий авторы болса, бұл
күмән келтіреді. Ол Ермек Тұрсынов, Ардақ
Әмірқұлов секілді өз ісінің шебері болса,
әңгіме өзгеше болар еді. Ол «Өзім түсіремін»
деп қоймайды. Фильмді түсіру үшін 550 млн
теңге сұрап отыр, бұл дегеніңіз 3 млн доллардан
көп. Мен «Феникске» қарсы емеспін. Тек
жақсы туынды шығуы үшін бәрін ескергенін
қалаймын», – деп түсіндірген еді министр.
Енді режиссердің бұл мәлімдемесінен кейін
министрдің үнсіз қалмайтыны белгілі еді. Солай
болды да, өзін «парақор» деп айыптаған Талғат
Жәнібековті Арыстанбек Мұхамедиұлы сотқа
берді. Министр өзін масқаралаған режиссерден
1 теңге көлемінде өтемақы талап етті. Иә, дұрыс
оқыдыңыз – 1 миллион теңге емес, 1 теңге!
Министрдің қорғаушысы Ескендір Әлімбаевтің
айтуынша, Арыстанбек Мұхамедиұлының
талап-арызы сотқа 19 шілде күні өткізілген.
«Өзінің конституциялық құқығын пайдалана
отырып, 2016 жылдың 19 шілдесінде Мұхамедиұлы
сотқа шағымданды және өзінің ар-ожданы
мен іскерлік репутациясын қорғауды талап
етті. Өз талабында А.Мұхамедиұлы бұған дейін
айтылған әңгімені жоққа шығарып, моральдық
залал келтіргені үшін айыпталушыдан 1 теңге
көлемінде символикалық өтемақы беруін талап
етті», – деді Е.Әлімбаев.
Адвокаттың айтуынша, Жәнібековтің
жариялаған бейнеүндеуінде Қазақстан
Республикасының билігіне де кір келтірілген.
Ол билік өкілдерін А.Мұхамедиұлының заңсыз
әрекеттеріне көз жұма қарап отырғаны жөнінде
айыптаған.
Бұл іс бойынша соттың қандай үкім
шығаратынын, кімнің жеңіліп, кімнің
жеңетінін алдағы уақытта білетін боламыз.
Тек айтпағымыз, мәдениет саласында жүрген
мәдениетті адамдардың бұл тірліктері халықтан
ұят болды-ау!..
РИОДА АУЫР
АТЛЕТТЕРІМІЗДІҢ
ЖАРЫСҚА
ШЫҒАТЫН КҮНДЕРІ
Риода қазақ ауыр атлеттерінен ең бірінші болып, 6
тамыз күні сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 7
тамыз таңғы сағат 04:00) әйелдер арасындағы бәсекеде
48 келідегі қызымыз М.Елисеева өнер көрсетеді.
Ал жарыстың екінші күні сағат 19:00-де (Астана уақыты
бойынша 8 тамыз таңғы сағат 04:00) ерлер арасында
56 келі салмақтағы легионеріміз А.Чонтей ел намысын
қорғайды.
Тамыздың 8-і күні сағат 19:00-де (Астана уақыты
бойынша 9 тамыз таңғы сағат 04:00) тағы бір легионер,
ауыр атлетіміз 62 келі салмақтағы Ф. Харкидің зілтемірді
қалай көтергенін көретін боламыз.
Тамыздың 9-ы күні сағат 15:30-да (Астана уақыты
бойынша 10 тамыз сағат 00:30) 63 келі салмақтағы ауыр
атлет қызымыз Л. Горичеваның өнерін тамашалаймыз.
Тамыздың 10-ы күні 15:30-да (Астана уақыты бойынша 11
тамыз сағат 00:30) қазақтың қаракөз қызы Ж. Жаппарқұл
69 келі салмақта ел намысын қорғайды. Осы күні кешкі
сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 11 тамыз таңғы
сағат 04:00) 77 келіде ерлер арасында Н. Рахимов сынға
түседі.
Тамыздың 12-і күні сағат 19:00-де (Астана уақыты
бойынша 13 тамыз таңғы сағат 04:00) ерлер арасында
85 келі салмақта Д. Ұланов өз өнерін пәш етеді.
Ауыр атлеттеріміздің бәсекесі үш күн үзілістен кейін,
яғни тамыздың 15-і күні қайта жалғасады. Бұл күні сағат
19:00-де (Астана уақыты бойынша 16 тамыз таңғы сағат
04:00) +105 келі салмақтағы зілтеміршіміз қызылордалық
А. Зайчиков ел намысын қорғайды.
ЦЫРУЛЬНИКОВ ШЕГЕНІ
МАЙЫСТЫРУДАН
ЕЛ РЕКОРДЫН ОРНАТТЫ
Астана тұрғыны Сергей
Цырульников шегені
майыстырудан Қазақстан
рекордын орнатты. Ол
бұл шараны биыл
туғанына 145 жыл
толып отырған қазақ
палуаны Қажымұқан
Мұңайтпасұлының
құрметіне Ақмола
о б л ы с ы н д а ғ ы
Қажымұқан ауылында
жасаған екен.
«Бұл рекорд Қазақстан рекордтар
кітабына тіркелді. Рекордты қазақстандық
рекордтар кітабының ресми өкілі
Қуандық Құдайбергенов бақылады»,
– деді Сергей Цырульников.
«Бұдан да жақсы жасауға болушы еді, өзіме толықтай
көңілім толмайды. Әйтсе де рекордқа қанағаттандым. Біз
өзіміздің мықты палуандарымызбен мақтануымыз керек.
Қажымұқан, Балуан Шолақ секілді атағы алысқа кеткен
күш иелерін құрметтейміз», – деді қара күштің иесі.
Қазақстан ММА федерациясының президенті Анатолий
Кимнің айтуынша, Цырульников 1 минут 41 секунд ішінде
12 шегені бұрап майыстыра алған.
ҚАЗАҚ БАЛУАНДАРЫ
ЖАРЫСТЫ
19 ТАМЫЗДА БАСТАЙДЫ
Риода еркін күрестен қазақ балуандары жарысты 19
тамызда бастайды. Бұл күні еркін күрестен екі балуанымыз
боз кілемге шығады.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де (Астана
уақытымен – 19:00) 57 келі салмақтағы балуанымыз Артас
Сана мен 74 келідегі балуанымыз Ғалымжан Өсербаев
сынға түседі.
Финалдық бәсекелер сағат 16:00-де (Астана уақытымен
– түнгі 01:00) басталады.
20 тамыз күні сағат 10:00-де (Астана уақытымен –
19:00) 86 келі салмақтағы балуанымыз Аслан Кахидзе
мен 125 келі салмақтағы балуанымыз Дәулет Шабанбай
ел намысын қорғайды.
Финалдық бәсекелер жергілікті уақытпен 16:00-де
(Астана уақытымен – түнгі 01:00) басталады.
Ал Олимпиаданың соңғы күні, яғни 21 тамызда жергілікті
уақытпен 08:30-да (Астана уақытымен – 17:30) 97 келі
салмақтағы балуанымыз Мамед Ибрагимов ел намысын
қорғап, еркін күресті аяқтайды.
Бұл салмақтың финалдық бәсекелері 12:45-те (Астана
уақытымен 21:45) басталады.
ФОТОАйҒАҚ
Иран Ислам Республикасының 2005-2013 жылдардағы президенті 60 жастағы Махмұт Ахмадинежад
қазір оқытушы болып жұмыс істейді. Әлеуметтік желіде экс-президенттің қоғамдық көліктегі суреті
жарияланып, оның жұмысқа автобуспен қатынайтыны белгілі болды. Бір қызығы, президент кезінде
Махмұт Ахмадинежад қазынадан бір тиын алмай, мұғалімнің жалақысына күн көріпті. Кейбіреулер
билікте жүргенде артын ойлап «экс-президенттер туралы» заң шығарып, зейнетақысын тағайындап
кететін еді. Ал, мемлекетті 8 жыл басқарған ол оған да бармады. Биліктен босағаннан кейін бұрынғы
оқытушылық жұмысына қайта оралған екен.
ИРАНДЫ 8 ЖЫЛ БАСҚАРҒАН
ПРЕЗИДЕНТ ЖҰМЫСЫНА
АВТОБУСПЕН ҚАТЫНАЙДЫ
Емен ағашы жуан, жапырағы қалың
болғанына қарамастан қатты жел тұрса
тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал
қайың ағашы жіңішке, нәзік болғанымен
қатты жел тұрғанда сәл майысады да,
жел басылған соң бойын қайта тіктеп,
жапырақтарын күннің нұрына малындырып
жайқалып тұрады. Бүгінгі туған күн иесі –
Шу қаласының тұрғыны Назгүл Санабекова
да осы қайын ағашы тәріздес – өмірде де,
қызметте де басына қандай қиын іс түссе
де жасымаған, бағы жанса тасымаған,
тіршіліктің қандай ауыртпалықтарын, қиын
кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе
білген асыл жар, аяулы ана, ардақты әпке.
Туған күн иесін 35 жасқа толған мерей
жасымен құттықтай отырып, алдағы өмірде
де абыройыңыз артып, еңбегіңіз жана
берсін! Туған-туыс, дос-жарандарыңыздың
ортасында сыйлы болып, Қуат екеуіңіз
балаларыңыздың қызығына тоймай,
бақытты ғұмыр кешіңіздер!
ІЗГІ ТІЛЕКПЕН, БАУЫРЛАРЫ