Жалғасы 7-бетте


[Жер реформасы туралы комиссияның



жүктеу 13.43 Mb.
Pdf просмотр
бет6/8
Дата11.01.2017
өлшемі13.43 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

[Жер реформасы туралы комиссияның 

Атырауда өткен жиынында сөйлеген сөзінен]

«МИЛЛИОНДАҒАН 

ГЕКТАР ЖЕР 

ИЕЛЕНУШІЛЕР 

ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚ 

АШЫЛМАЙ, 

ЖЕР ПРОБЛЕМАСЫ 

ШЕШІЛМЕЙДІ»



Мұхтар 

ШАХАНОВ,

халық 


жазушысы:

СӨЗБЕ-СӨЗ



31-32 [807], 05-12.08.2016

 www.qazaq1913.kz  

10

Қысқа қайырғанда:

ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІК



Қазақстандық жұлдыздар «Таза аула» атты жаңа эстафета бастап, аула сыпырудан жарысып жатыр

Көтерісшілер штабы, Торғай қаласынан 

150 шақырым жердегі «Үрпек» ауылында 

болған (Батпаққараға жақын). Жалпы 

көтерісшілер саны – 50 мыңға жеткен.

22 қазан 1916 жылы 15 мың көтерісшілер 

жасағы Торғай қаласын қоршады.

1916 жылы 6 қарашада Торғай қаласын 

патша өкіметінің өкілеттігінен босатты. Бұл 

біздегі айтулы күн 7 қараша 1917 жылдан 

бір ай, бір жыл бұрын болған еді.

Торғай көтерісшілеріне Қазақстанның 

көптеген аймақтарынан көтеріліс жасақтары 

келіп қосылған.

Осы жерде тағы бір маңызы бар 

мәселеге мән берген жөн болар.

Журналист Бөгетбай Әлмағамбет 

«Торғайдағы азаттық көтерілісі» деген 

кітабында: «Көтерілісті Амангелді батыр 

серіктерімен ұйымдастырды деп келдік. 

Одан кейін Әбдіғапар ұйымдастырды дегенге 

ойыстық. Бұлардың қай-қайсысының 

да еңбегі бар. Осындай кең көлемдегі, 

жалпыхалықтық дүрлігуден елге тұтқа 

болар адамдардың қайсысы болсын тыс 

қала алмас еді. Не көтерілісті қолдайды, 

немесе қарсы болады.

Көтеріліс болмай тұрып мәселенің мәнін 

білейік деген мақсатпен, құрамында: Қабақұлы 

Сейіл, Төкеұлы Смағұл, Тоққожаұлы Бижан 

бар Тоқмағамбеттің Смайлы бастаған бір топ 

адам Торғайдан Орынбор Губернаторына 

барып жолыққан. Олар түңіліп қайтқан. 

Одан кейін халық алдына беделі жоғары 

– Иманқұлдың Әбдірахманы, Көтібардың 

Тоймағамбеті Губернаторға қарсы шығып, 

сол кезде қуғынға түсіп жүрген Қаралдин 

Байқадам бастаған адамдардың көтеріліске 

тікелей ықпалы болды», – деп жазды. Бұл 

ой шындыққа жақын.

Көтеріліс бастапқыда қыпшақтар 

қоныстанған – Қайдауыл, Аққұм, Қараторғай, 

Сарыторғай, Қарақопа болыстарында, 

арғындар қоныстаған Тосын, Майқарау, 

Сарықопа, Науырзым болыстарында 

басталды.

Алаш арыстары мен 1916 жылғы ұлт 

азаттық көтерілісінің белсенділерін бір-

біріне қарсы қоюға болмайды. Себебі сол 

кездің шындығы бойынша екі жақта ел 

үшін өздерінше дұрыс істеген.

Торғай өңіріндегі ұлт-азаттық көтерілісінің 

аяғы қанды қырғынға айналмауына 1917 

жылғы ақпан төңкерісі біраз себеп болды. 

Ресейде Патша тақтан тайып, орнына 

«Уақытша үкімет» орнады. Жаңа үкімет 

Торғайға бағытталған, патшаның жазалау 

отрядтарын тоқтатып, кейін қайырды.

Осы кезде Торғай өңіріндегі болыстықтар 

деңгейіндегі жергілікті билікті күресшілер 

өз қолына алды.

1916 жылы Қазақстанның барлық 

территориясында ұлт-азаттық көтерілісі 

басталды. Бірақ олардың өзара байланысы 

болмады. Соның салдарынан кейбір көтеріліс 

қатты қырғынға ұшырады.

Осы ұлт-азаттық көтерілісін мұқият 

зерттеп, маңызды тарихи еңбек жазған 

Мұхтар Әуезов болды. «Қилы заман» 

деген кітабы сол тарихи кезеңді дұрыс 

көрсеткені үшін Мұхтар Әуезов қайтыс 

болғаннан кейін Шыңғыс Айтматовтың 

беделінің арқасында кейінгі жылдары 

баспадан әрең шықты. Ол кітап Алматы 

облысының Кеген, Нарынқол аудандарының 

қазақтарының Патша жарлығына қарсы 

шыққан 1916 жылғы көтерілісті жазба 

бетінде «Албандар көтерілісі» деп атайды. 

Осы көтерілісті бастаушылар Жәмеңке 

Мәметұлы 1838 жылы туған, 1916 жылы 

оны түрмеге салып, «у» беріп өлтірді – 78 

жасында, екінші Ұзақ Саурықұлы 1855 

жылы туған, 1916 жылы түрмеде отырған 

жерінде бірнеше жолдастарымен  түрменің 

терезесінен патша солдаттары атып өлтірген. 

Осы ұлт-азаттық көтерісшілердің ұраны: 

«Бала өлгенше, шал өлсін» – деп, бастарын 

өлімге қиған.

Сол Қарқара көтерілісіне қатысушы 

Долдабай Сәрсенбіұлының жазғаны: «Суға 

кеткен қатын-бала судың бетін сең қылды», 

– деп көрсетеді. Кейбір қазақтар қашып 

Қытай шекарасынан өткен, одан Қытай 

шекарашыларының қысымына ұшыраған. 

Осындай ауыр кезең Қазақстанның көптеген 

жерінде орын алды.

Иманқұлдың Әбдірахманының күрделі 

өмір кезеңі – Торғайда Совет үкіметін орнату 

уақыты. Бұл іске саясат араласып, тіпті 

шиеленістіріп жіберді. Сол кездегі ел ағалары 

большевик, алашордашылар, байлар немесе 

ұлтшылдар деп бөлініп, арасы ажырай 

бастайды. Ара ағайын болғандары бар. 

Бірақ жағдай шиеленісіп кетті.

1919 жылы Амангелді Имановты 

түрмеге жауып, азаптап өлтірді. Бұл өлімді 

сол кездегі Торғайдағы Алашорда үкіметінің 

мүшесі болған Міржақып Дулатовқа жапты. 

Алашордаға қатысты тергеу істерінің бірінде 

Міржақып Дулатовтың өз қолымен орыс 

тілінде жазып берген түсініктемесінде: «Мен 

Амангелді Имановтың өліміне кінәлімін. 

Бірақ тікелей оны өлтірген мен емес. 

Мен жауапкершілігімді сезінемін, өйткені 

күдікпен Амангелдіні түрмеге жауып қойдық. 

Қостанай жақтан қызылдардың отряды 

келе жатыр деген хабарды естіген соң мен 

отрядтың бір бөлігін алып, Торғайдан 30 

шақырымдай жерде солардың алдынан 

шықтым», – деп жазады. Амангелдіні 

өлтірген кезде Міржақып қалада болмаған.

Кейбір деректе Әбдіғапардың 

серіктестерінен, енді бірі совет чекистерінен 

көреді. Нақты анық-қанығы осы күнге дейін 

ашылмай отыр. Қызылдар мен ақтардың 

арасындағы әр түрлі көзқарастың аяғы 

қайғылы қазаға ұшыраған.

Сол кездегі бір уақиғаны Әбдірахман 

қажы былай суреттеген:

Қиын іс адам айтпас болды пәрым,

ИМАНҚҰЛДЫҢ 

ӘБДІРАХМАНЫ

(1916 жылғы Ұлт-азаттық 

көтеріліске 100 жыл толуына орай)

Бейіштен берсін Алла оларға орын.

Торғайдың күн шығыс жақ қатарына

Бір жерге орындадым сегіз қорым.

Ол жылы көрдім істің ауырларын,

Туысқан кетті біраз бауырларым.

Мұңымды жиып алып айтып көрдім,

Бәріде Мыржақыптан аса алмады,

Салмағы Мыржақыпты баса алмады.

Тайсақтай тая берді тілектестер

Қайғы мен тұрған жаудан басалғалы.

Сүйегін батырлардың алдым жинап,

Тұрса да қайғы жанды қинап.

Болттай болған іске белді байлап,

Көзіме сол уақытта жас та алмадым.

Күдері Жолдыбайұлының сол жылдары 

мерт болған Төкенің Смағұлының қазасы 

жайында оның інісі Қамбарға көңіл айтуы:

Көргенде көз сүйсінер қорым қандай,

Дұшпаны айбарынан қорынғандай,

Мұрын, қабақ, мойыны әммә тұлға,

Байқасаң нәсіл-тұқым орын қандай.

Тереңнен айтқан дәлел сөздеріне

Тоқтаған не бір шешен зорың қандай.

Бас иген орыс-қазақ біліміне,

Сабаздың ел сүйсінген жолы қандай.

Қол қойған біліміне таңсық етіп,

Не түрлі ақ пен ала торың қандай.

Таусылдың, селдің көзі, елдің бегі,

Білмейсің қайнағанын сорың қандай.

Көздің жасы таусылды жылай-жылай,

Көп көрді оларды да бізге құдай,

Тоқсан қатын Торғайда толғатса да,

Ер тумас Төке менен Смағұлдай,

Дұға оқып аруақтарға қолым жайдым,

Арнайы келіп жаттым бір аптадай.

Арғынның босағасы еді ел тоқтаған,

Басында жақсылардың шырақ тұрғай.

Смағұл Төкеұлы ұлт-азаттық күресі 

басталмай тұрып, Орынбор Губернаторына 

Торғай делегациясының белді мүшесі ретінде 

барғаны жоғарыда айтылды. Смағұлдың 

қандай азамат екенін Күдері атамыз жақсы 

суреттеп келтірген.

1919 жылдың көктемінде Ә.Жангелдин 

мен А.Байтұрсынов бастаған топ Ленинмен 

кездеседі. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі 

революциялық Комитет – Кир(Каз)Ревком 

құрылды. Жангелдин, Байтұрсыновтар сол 

комитетке мүше болды, ал Иманқұлдың 

Әбдірахманы Торғай Ревкомының басшысы 

болып тағайындалды. 1920 жылы Қазақ 

автономиялық Республикасы осы Кир(Каз)

ревкомның негізінде құрылған болатын. 

Егемендіктің отауы орнына алғашқы 

қатарда болып қос қолдап қазық қаққандар 

– Иманқұлдың Әбдірахманы, Байтұрсынның 

Ахметі, Тоғжанның Әлібиі және басқаларды 

мақтанышпен атауымыз керек. Содан кейін 

шекарамыз анықталып, 1936 жылы Совет 

Одағы құрамындағы Республика болып, 

енді міне Егеменді ел болғанымыздың 25 

жылдығын атағалы отырмыз.

Егемендікті алу жолындағы Торғай 

қазақтарының қосқан үлесін Ғафу Қайырбеков 

ағамыз бір өлеңінде былай деп келтіреді:

Лениннің өзі хат жазған,

Азамат соғыс күні есте.

Торғайың сонда топта озған,

Азаттық үшін күресте.

Иманқұлдың Әбдірахманы Совет 

кезінде осы тақырыпқа поэма мен өлеңдер 

жазды. Бірақ ол қызметі мен өлеңдерін 

Совет үкіметі бағаламады.

Иманқұлдың Әбдірахманының басынан 

өткен тағы бір күйзеліс кезеңі – 1928-

1930 жылдардағы Совет елінде жүргізілген 

байларды тәркілеу кезеңі.

Менің қолымда 14 беттен тұратын Ахмет 

Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және 42 

адамға 1930 жылдың 2 наурызында ОГПУ-

дың кінәлау (обвинительное) қорытындысы 

бар. Онда барлық тұтқындалғандар – қазір 

Мәскеудің Бутырка түрмесінде қамауда 

екені жазылған. Қамау мерзімі КСРО 

ЦИК-тің шешімімен 31 наурызға дейін 

ұзартылғаны көрсетілген.

Кіналау қорытындыларының түрлері 

(байлар жөніндегі бөлімінде):

- Подготавливал с другими баями 

восстание против Советской власти;

- Являлся активным участником 

контрреволюционный байской группировки;

- Отбирает скот у бедноты, который 

получали от конфискации;

- Участвуя в контр-революционной 

байской группировке, распространял 

к-р агитацию и провакационные слухи о 

скором падении советской власти (это 

фактически произошло через 60 лет);

- Входя в байскую группировку, 

участвовал в нелегальных собраниях 

баев, на которых обсуждался вопрос о 

захвате в свои руки низового соваппарата;

- Входя в к-р байскую группировку, 

возглавляемую Дулатовым Аскаром, принял 

участие в организации демонстрации с 

целью освобождения арестованных 

Дулатова Аскара и других.

Осындай ойдан шығарылған кінәлау 

арқылы көптеген ел азаматтары, оның 

ішінде Иманқұлдың Әбдірахманы да  (құжат 

түрінде дерек жоқ) айдалды, түрмеге 

отырғызылды, азап көрді.

Әбдрахман қажы сол кездегі өмірін 

былай көрсетеді:

Елудің келді жасым сегізіне,

Қайғының шетсіз мұхит теңізіне.

Жүргендей сезінемін өз басымды

Жете алмай ойдың түбі негізіне.

Әркімдер әр уақытта көрген қайғы,

Себебі бір Алладан болған қайғы.

Болмайды тағдыр ісі тоқтамасқа,

Жазмышта болғаннан соң осындайда.

Шарафат Шаһиттерден үміт етпей,

Өтер жоқ аһ ұрғаннан ешбір пайда.

Сақал шаш жылтыр қара күнің қайда,

Ақ бояу ала шапрақ болды пайда,

Бойыңды қанша күтіп баптасаң да

Бір күні ажал шіркін жырымдайды.

Өзі айтқандай, өмірінің соңғы кезі 

осындай ауыр жағдайда өткен.

Қостанайдың «Ақ түрмесінде» сол 

жылдары Әбдірахманмен қатар камерада 

жатқан Бейсембай баласы Жұмаш, руы – 

қырықмылтық. Әбдірахманға өлеңмен танысу 

хат жазды, естігені болмаса, көрмеген. 

Сол хаттың соңғы жолдары:

Дана жоқ жұрттан асқан адам еді,

Жасымда ондай адам мен көрмедім.

Бұл кісі әкем менен құда болған,

Кемеңгер адам еді топтан озған.

Иә, Иманқұлдың Әбдірахманы атамыз 

осындай адам болғанын қаншама уақыт 

өтсе де бүгін толық дәлелдеп отыр.

1976 жылы қыркүйек айында Ғафу 

Қайырбеков ағам өзінің  кітабының бетіне 

маған арнап, былай жазба түрінде аманат 

берген еді:

Аяулы, ардақты інім, Нариманым,

Қазақтың арқалаған Ар-Иманын.

Өзің де суды сүйген бір бала едің,

Мінезін берсін саған дарияның.

Қадірін қайда жүрсең түсірмегейсің,

Торғайдай бізді тапқан қарияның.

Ғафу ағаның аманатын өзімше өтеп 

жүрген сияқтымын. 2013 жылы «Әкелер 

аманаты», 2014 жылы «Торғай мектебі: 

мемлекет және қоғам қайраткерлері»  

деген тарихи жинақ кітаптар шығардым.

Осы еңбектерім Торғай жеріне және сол 

жерден шығып, Қазақстанның мемлекет 

болып қалыптасуына, өнер, білім, ғылым, 

музыка, экономика салаларының дамуына 

ерен үлес қосқан азаматтарына арналған. 

Сол азаматтардың бірі осы Иманқұлдың 

Әбдірахманы.

Қателеспесем, мен бірінші болып, басы 

қосылмаған Торғайдан шыққан ардагерлер, 

олардың Отан алдындағы зор істерін бір 

кітапқа жинақтап және оларды мемлекет және 

қоғам қайраткерлері ретінде елге тараттым. 

Біз, Торғай өңірінің азаматтары, өзіміздің 

бұрынғы өткен дана аталарымыздың ақылы, 

тәрбиесі, істеген істері, батыл қимылдары 

арқылы жол салып берген айқын іздерін 

басып жүру арқылы азамат болғанымызды 

ұмытпауымыз керек. Балаларымыз бен 

немерелерімізге осы өнегелі бастауды 

жеткізіп, жалғастыруымыз абзал.

Аталар аруақтары риза болсын!  

Нариман ҚЫПШАҚБАЕВ,

профессор

ТАҒДЫР. ТАҒЫЛЫМ. ТОЛҒАНЫС

СОҢЫ. 

БАСЫ 6-БЕТТЕ

Жабай әулиенің ұрпағы

Өтіп бара жатқан уақыт-ай... Қазір қарап отырсам, әулетіміздің 

тірегі, асқар тауым, жан әкем Отынбай Жақсанұлының өмірден 

өткеніне де отыз жеті жыл толыпты. Егер ол тірі болғанда, 

биыл ғасырлық мерейтойын атап өтер едік. 

«Тау алыстаған сайын биіктейді» деген ұғым бар. 

Жыл өткен сайын оның қадір-қасиеті артып келеді. Соңғы 

кездері түсіме де жиі кіретін болып жүр. Сол себептен де 

бүгін әкешімнің маған жастайымнан берген тәлім-тәрбиесі, 

артында қалған ұлағатты сөздері, қиын да қызықты ғұмыры 

жайлы әңгімелемекпін. 

Ол өмірінің соңғы жылдарына дейін Сарыағаш ауданындағы 

киелі Дербісек ауылында тіршілік етті. Өзі 1916 жылы дүниеге 

келген. Жақсан атамыздың отбасында төрт баласы болыпты. 

Олардың тұңғышы – Сағындық атам кешегі Ұлы Отан соғысына 

аттанып, содан қайтіп оралмады. Топырақ жат елден бұйырды. 

Одан кейінгі ағасы Көпжасарды мен көрмедім. Жұртшылықтың 

айтуына қарағанда, өте сыйлы азамат болған көрінеді. Менің 

бар білетінім, осы кісінің бәйбішесі Әнапия шешеміз еді. Өзі 

өте ақкөңіл, жайдары кісі-тін.

Әкем осы аяулы жеңгесін өле-өлгенше сыйлады, құрмет 

тұтты. Бұл апамыз да сүйікті қайнысын аузынан тастамайтын. 

Ауылға келген сайын мені көрсе: «Қарағым, сыртта жүрсің 

ғой. Өзіңе-өзің сақ бол, денсаулығыңды күт» дейтін. 

Осы сөздің де мән-мағынасын өзім алпыстың асуына 

көтерілген кезде ғана сезініп жүргендеймін. Бұл аяулы да 

ғазиз кейуана қазір арамызда жоқ. Бақилық болғанына да 

әжептәуір уақыт өтті.

Көңілге медеу болатыны, Көпжасар атамыздың асыл 

тұяғы – Ақжол көкем Шымкент шаһарында тұрады. Ол бұл 

күндері тамырын тереңге жайған бәйтерекке айналған. 

Жеңгеміз Кәрима екеуі ұл-қыздарының қызығына бөленіп 

отырған жайы бар. 

Жақсан атамның тағы бір сүйікті перзенті Ұлболсын 

әпкеміз еді. Маған оны көру бақыты бұйырмады. Әйтеуір, 

бір қуаныштысы, оның ұлы, яғни біздің жиеніміз Ерген бұл 

күндері көршілес Өзбекстанның Ташкент облысы Жоғары 

Шыршық ауданының Жүнсіз деп аталатын ауылында тұрып 

жатыр. Ол асыл жеңгеміз Сапаркүл екеуі тату-тәтті өмір сүрді. 

Гүлчихра, Гүлмира есімді қыздары мен ұлдары Әбдәлім ата-

анасының үкілі үмітін ақтады. Тек өкініштісі, жеңгеміздің 

өмірі тым қысқа болды. Негізі, ол өте ақжарқын, жүзінен 

жылы шуақ пен имандылық төгіліп тұратын мейірімді жан-ды. 

Жақсан атамның шаңырағының кенжесі – менің әкем 

Отынбай өте қайсар, бірбеткей, бірақ ешқашан да ешкімге 

кек сақтамайтын, ашуы тез тарайтын, ақкөңіл азамат-ты. 

Жастайынан еңбекке бейім болыпты. Алайда қиындықты 

да аз көрген жоқ. 

Кезінде темір тұлпарды тізгіндеп, ауылда трактор да 

айдады. Бала-шағасын қатарынан қалдырмау мақсатында 

Дербісек ауылындағы бұрынғы Ленин колхозының Ащықұдық, 

Тасқұдық секілді фермаларында қой бақты. 

Жыл он екі ай бір отар қойдың тауқыметін анамыз екеуі 

көрді. Оның барлық ауыртпалығын бастан өткерді. Біз бір 

үйде екі ұл және екі қыз өстік. Шаңырақтың тұңғышы Шебер 

әпкеміз де отбасын құрып, ұл мен қыз сүйді. Бірақ 37, яғни 

мүшел жасында кенеттен дүние салды. 

Одан кейін мен, інім Мырзалы және қарындасым Өнеркүл 

әке-шешеміздің арқасында ештеңеден кемдік көрген жоқпыз. 

Бәріміз де шама-шарқымыз келгенше оларға қол ұшын беруге 

тырыстық. 

Мен төртінші сыныптан бастап Н.Крупская атындағы 

мектеп-интернатта жатып оқыдым. Сабағым жаман болған 

жоқ. Жазу-сызуға деген құштарлығым осы интернаттың бесінші 

сыныбынан байқалды. Ең алғашқы «Асы дәмді аспазшы» 

деп аталатын шағын ғана хабарым шыққан кезде өзімнен 

асқан бақытты адам болған жоқ шығар. 

Кейіпкерім Ольга Франк біздің аспазшымыз-ды. 

Аудандық «Қызыл Ту» (қазіргі «Сарыағаш») газеті менің 

нағыз шығармашылық қалыптасу мектебім болды. Қазіргі 

Бас редактор Кеңес Балықбаев, байырғы қаламгерлер Тәңір 

Нұржанов, Жақыпбек Аяшев, Кәрім Әзімбаев, Әбілсапар 

Тұрғынбаев және басқалар – менің тәлімгерлерім. 

Осы кісілермен араласқан жылдарымды қазір мен 

ерекше сағынышпен еске аламын. Аталған басылымда жарық 

көрген мақалаларым мен өлеңдерімді оқыған кезде өзінің 

фамилиясын көріп, әкетайым шаттыққа бөленуші еді. Тіпті, 

көрші-көлем үйге келіп, одан сүйінші сұрап, газетті көрсеткен 

кезде ол «жуып» та тастайтын. 

Бәрі қара шалдың арқасы

Жоғары сыныпта жүрген кезімде менің болашақ таңдайтын 

кәсібім – журналистика екендігі айқындалды. Қазақ әдебиеті 

пәнінен дәріс беретін ұстазым Жолдас Бердішев маған Қазақ 

мемлекеттік университетіне баруға кеңес берді. Алайда білім 

ордасын аяқтаған кезде мен Алматыға бара алмадым. Себебі, 

әкем ауруханада төсекке таңылып жатқандықтан оны қалай 

тастайын? Жанарындағы мұңды көргенде өзімді қоярға жер 

таба алмай, қиналатынмын. Бір жағы, ол кезде еліміздің 

маңдай алды оқу орнындағы мен қалаған факультетке түсу үшін 

еңбек өтілі де талап етілетін. Сол себептен еш ойланбастан 

біздің Сарыағаш ауданымен көршілес жатқан Ленин (қазіргі 

Қазығұрт) ауданындағы жылжымалы-механикаландырылған 

колоннаға қатардағы құрылысшы болып жұмысқа тұрдым. 

Олар біздің Дербісек ауылындағы бір нысанды қолға алып, 

соған білек сыбана кірісті.

Бұл құрылыста еңбек етудің тиімді жағы – жалақысы да 

жоғары болатын. Сөйтіп, әкеме дәрі-дәрмек алуға жететін 

табыс таптым. Сондықтан бір жыл аянбай тер төктім. Келесі 

жылдың жаз айында Алматыға барып, көптен бері армандаған 

жоғары оқу орнына құжатымды тапсырдым. 

Сөйтсем, журналистика факультетіне түсуге талапкерлер 

жан-жақтан судай ағылып жатыр екен. Әлгі жылдары Қазақстанда 

19 облыс болатын. Жазу-сызуға икемі бар жастардың бәрі 

де жиналыпты. 

Еліміздегі жалғыз факультеттің деканы, көрнекті ғалым, 

филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек 

Қожакеев еді. Мен барлық шығармашылық байқаудан, 

емтихандардан сүрінбей өттім. Бірақ, әттең, бір баллым жетпеді. 

Сол кезде деканымыз: «Оразалы, сенің бұған еңсең түспесін. 

Өзің туып өскен Сарыағаш аудандық газетіне қызметке тұр 

да анықтамаңды жібер. Сырттай бөлімге өтіп тұрсың» деді. 

Алайда үйге келген соң күйбең тіршіліктен мойнымды 

бұра алмадым. Оның үстіне, сырттай бөлімге пәлендей қызыға 

қоймадым. Әскерге баратын кезім де таяп қалған-ды. Ары-бері 

ойлап, әскери комиссариаттағылар шақыру қағазын жіберген 

соң сонау бұрын өңім түгіл, түсімде көрмеген Украинадан бір-ақ 

шықтым. Әскери бөлімдегі беделді жауынгерлердің алдыңғы 

шебінде болғандықтан, суретім құрмет тақтасынан түскен 

жоқ. Рота комсомол ұйымының хатшылығына сайландым. 

Әскердегі қызмет те аяқталып қалды. Полк командирінің 

орынбасары бірде мені өзіне шақырып алып: «Саған Львов 

қаласындағы әскери-саяси жоғары білім беретін училищеге 

жолдама бергелі отырмыз. Бұған қалай қарайсың?» деп, 

пікірімді сұрады. 

Онсыз да әкемді екі жыл көрмегендіктен қатты сағынып, 

әрең шыдап жүрген мен оған: «Меніңше, ауылыма оралғаным 

дұрыс болар. Өйткені әкеме әлі де қарауым керек. Ол менің 

көмегіме мұқтаж» деп, жан сырымды ақтардым. 

Сол жылдары полктағы үздік жауынгерлерімнің бірін 

жылда партия мүшелігіне кандидаттыққа қабылдайтын. 

Маған да осындай сенім артылып, құрмет көрсетілді. Өзім 

тұрақты түрде мақалаларымды жазып жүрген округтік 

«Слава Родины» газетінің редакциясы Қазақ мемлекеттік 

университеті журналистика факультетіне түсуге қажетті 

кепілдеме жазып берді. 

Ендігі менің бала кезден бергі арманым – журналистика 

факультетіне түсу-ді. Әскердегі жылдарды босқа жіберген 

жоқпын. Қолым бос кездері тарих және әдебиет пәндеріне 

дайындалдым. Мұның айтарлықтай пайдасы тиді. 

Ұл үшін әкенің сөзі қашан да заң. Оның батасына ештеңе де 

жетпейді. Содан екі-үш апта ата-анамды, туған-туысқандарымды 

көріп, мауқымды басқаннан кейін дастархан басында отырған 

бір сәтті пайдаланып, үй ішіммен ақылдастым. 

Әкеме: «Әскерде өзіңізді қалай сағынғанымды айтып 

жеткізе алмаймын. Егер қарсы болмасаңыз, ер баланың 

үлкенімін ғой, үйленіп, немере сүйгізейін. Оқуға кейін сырттай 

түсе жатармын» дедім. 

Сонда ол үлкен ой үстінде қалып: «Құлыным, осы жанашыр 

сөзіңнен айналайын. Сенің жолыңды бөгемей-ақ қояйын. 

Құдайға шүкір, үлкен қызымнан немере сүйдім. Маған еш 

алаңдама, үйлену қашпайды. Одан гөрі, Алматыға барғаның 

жөн. Күндізгі бөлімде оқығанға не жетсін. Егер сен арманыңа 

жетіп, қаламгер ретінде менің атымды шығарсаң, одан артық 

маған бақыт бар ма?» дегені әлі күнге дейін жадымда жаттаулы. 

Әке аманатына адалдық

Үйде әкемнің «балам әскерден келіп қалса, кәдемізге 

жарар» деп бағып отырған үлкен бір қошқары болатын. Соны 

базарда сатып, бұйырған ақшаны  алдым, әкем ақ батасын 

берген соң, Алатаудың баурайындағы әсем қалаға аттандым.

Ол уақытта мен ат басын бұрған университет қазіргі 

Бас поштаның жанында еді. Бұл күндері онда Темірбек 

Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясы орналасқан. 

Осында жиналған талапкерлермен жүздесіп, олармен тез 

тіл табысып кеттім.   

Талапкерлердің арасында қазіргі есімдері елімізге кеңінен 

танымал көрнекті мемлекет қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммед, 

«Қазақстан» Телерадиокорпорациясының төрайымы Нұржан 

Мұхамеджанова, талантты жазушы Нұрғали Ораз, белгілі 

қаламгер-баспагер Қонысбек Ботбай және басқа да көптеген 

жігіттер мен қыздар болды. 

Әулие Жабай атамның аруағы қолдаған болар, аңсаған 

журналистика факультетінің студенті атандым. Сондағы деканымыз 

Темірбек ағаның мені құшақтап тұрып: «Оразалы, биыл, міне, 

бақытты шығарсың. Өзіңді енді староста етіп тағайындағалы 

отырмын. Жазуың да, білімің де біздің көңілімізден шықты. 

Енді ата-анаңа жеделхат жібере берсең болады» деген сөзі 

күні кешегідей есімде. 

Ауылға барып, әке-шешемді шаттыққа бөледім. Әкем 

Отынбай шексіз бақытты еді. Осылайша екі курсты да артқа 

тастадым. Жыл сайын қоңыр күзде журналистика факультетінің 

студенттерін солтүстік өңірге ауыл шаруашылығы жұмысына 

жібереді. Жолға шықпас бұрын аудандық аурухананың бас 

дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Батырхан 

Жүнісов және Дербісектегі емдеу орнының басшысы Уәли 

Халиловке әкемді аманат етіп, онымен қимай қоштастым. 

Дәл сол жылы Алматыда оқуымды жалғастырып жатқан 

күз айында ауылдағы туыстардан: «Тез жет. Әкең ауыр хал 

үстінде жатыр» деген тілдей қағазды алдым. Міне, осылайша 

мынау өмірдегі ең қымбат әрі ардақты жаннан біржола 

айырылып қалған едім. 

Бұл 1979 жыл болатын. Содан бері де қаншама уақыт 

сынаптай сырғып өтті. Университетті аяқтаған соң арнайы 

жолдамамен Қостанай облыстық «Коммунизм таңы» (қазіргі 

«Қостанай таңы») газетіне қызметке орналастым. Қазақтың 

тұңғыш журналисі Мұхамеджан Сералин жұмыс істеген 

басылымда әбден шыңдалдым.  

Ғұмыр бойы әке аманатына адал болуға тырыстым. 30-

ға жақын кітап жаздым. Қазақстан және Әлем Халықтары 

Жазушылары Одағының мүшелігіне қабылдандым. Халықаралық 

Ақпараттандыру академиясының академигі атандым. 

Үш баланың әкесімін. Кенже ұлым Дарын Отынбай да 

атасының есімін әрқашан ардақ тұтады. Кім ата-анасының 

толық өтеді дейсіз? Ол мүмкін де емес. Өз басым, олардың 

алдында мәңгілік қарыздармын деп есептеймін. 

Алайда асқар таудай әкеміз бұл күндері арамызда жоқ 

болса да оның жарқын бейнесі мәңгілік жүрегіміздің төрінде 

сақталары хақ. Сізді қатты сағындық, жан әке!

Оразалы ЖАҚСАНОВ, 

публицист, жазушы, 

Қазақстанның Құрметті журналисі, 

Қостанай қаласы

ҚЫМБАТСЫҢ 

МАҒАН, ЖАН ӘКЕ!



31-32 [807], 05-12.08.2016

 qazaq1913@nur.kz  

11




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет