Жалпы ережелер


Тақырып. Жылумен жабдықтау жүйелері



бет12/13
Дата06.01.2022
өлшемі82,63 Kb.
#12420
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Дәріс МЭВ

9.Тақырып. Жылумен жабдықтау жүйелері


Қалалар мен қоныстанған пунктілерді орталықтандырылған жылумен жабдықтаудың технологиялық процесі ретпен орындалатын үш операциялардан тұрады:

1) жылу тасығышты дайындау;

2) жылу тасығыш транспорты;

3) жылу тасығышты пайдалану.

Жылу тасығыштың дайындалуы жылу өндіргіш қондырғыларда орындалады - жылу электрорталықтарында (ЖЭО-ТЭҚ) және қазан қондырғыларда. Жылу тасығыш транспорты жылу торабы көмегімен орындалады. Жылу торабы деп жылу энергия көзін (жылу өндіргішті) тұтынушымен жалғайтын құбырлар жүйесін атайды. Жылу тасығыш қоғамдық коммуналдық - тұрмыстық, өндірістік ғимараттарды жылыту, желдету, ыстық сумен жабдықтау мақсаттарына және өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық қажеттіктеріне пайдаланады. Сонымен жылу тасығыш жылу торап арқылы жылуды қолдану сипаты әр түрлі болатын түрлі тұтынушыларға апарылады. Олай болса, мерзімді жылу жүктемелерге коммуналдық- тұрмыстық, қоғам және өндірістік объектілерді (тұтынушыларды) жылыту, желдету және кейбір жағдайларда ауаны кондиционерлеуге шығындалатын жылу жүктемелер жатады.

Жылыту мен желдету жүктемелер қысқы жылу жүктемелер болып табылады. Ауаны кондиционерлеу жүктемесі (абсорбциялық және эжекциялық тоңазытқыштарды қолданған жағдайда) жазғы жылу жүктемесіне жатады. Негізгі мерзімді жылу жүктемелер әр түрлі ғимараттармен құрылғыларды жылыту және желдету жүктемелер болып табылады. Жылдық жылу жүктемелерге өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық қажеттіктерінің жылу жүктемелері және коммуналдық-тұрмыстық, қоғам, өндірістік тұтынушыларды ыстық сумен жабдықтау, яғни сыртқы ауаның температурасына іс жүзінде тәуелсіз (немесе тәуелділігі елеусіз аз) жылу жүктемелер жатады.

Тек қана ауылшаруашылық шикізатын өңдеу мен байланысты өнеркәсіптің кейбір салалары жұмысы мерзімді болғандықтан төтенше жағдайға жатады.Өнеркәсіптік кәсіпорындарының технологиялық қажеттерінің жылу жүктемесін технологтар сәйкес есептер негізінде анықтап береді. 



Жылу жүктемелердің өзгеру графиктері.

Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерді жобалау және пайдалану тәртіптерін өндеуінде жылу жүктемелердің тәулік бойынша және жыл бойынша өзгеру графиктері есепке алыну керек. Жылу жүктемелердің өзгеру графиктері жылудың пайдалану графиктеріне байланысты болады. Жылудың көзінен тұтынушыға дейін жылудың тасуы жылу тораптар арқылы жүзеге асады. Жылуды үлкен ара қашықтыққа тасымалдау үшін әдетте су және су буы қолданылады. Жылыту, желдету, (ЖЖ), ауа кондиционерлеу (АК) және ыстық сумен (ЫС) жабдықтаудың жылу жүктемелерін компенсациялайтын жылу тасығыш орнына су қолданылады, ал өндірістің технологиялық мұқтаждығының жылу жүктемелері үшін-су буы. Қолданылатын жылу тасығыштардың сипатына қарай жылумен жабдықтау жүйелер су және булы жүйелерге бөлінеді.

 

Жылумен жабдықтау су жүйелері.

Жылумен жабдықтау су жүйелері екі түрлі болады:

1) жабық (бекітулі);

2) ашық (алшақ салынғандар).

Жылумен жабдықтау жабық жүйелерінде жылу торабымен айналып жүруші су тек қана жылу тасығыш түрде қолданылады, бірақ тораптан бұрып әкетілмейді.Жабық жүйеде параллель жүрістердің саны екіден кем болмау керек, өйткені абоненттік құруларда жылуды қалдырғаннан кейін жылу тасығыш жылу көзіне (жылу өндіргішке) қайта оралады.

Тұрғын үйлер мен қоғам ғимараттардың жылыту жүйелері су жылу тораптарына араластырғыш құрылғы ( мысалы элеватор) арқылы жалғанады. Себебі тұрғын және қоғам ғимараттардың жылыту аспаптарына түсетін судың температурасы санитарлық нормалары бойынша 950С аспау керек. Сол мезгілде жылу тораптың тура құбырындағы судың температурасы 1500С дейін жетуі мүмкін ( температуралық графигі 1500-700С болған кезде) және одан да жоғары (1800С ) болуы мүмкін. Жылумен жабдықтау жабық жүйелердің жетістіктері төмендегі тізімде келтірілген:

1) қорек судың шығыны аз болады, өйткені ол тек қана жылу тораптың "саңылаулары"

арқылы судың ағып шығуын компенсациялайды, соған байланысты су дайындайтын кіші қуатты қондырғылар жеткілікті болады;

2) ыстық сумен жабдықтау жүйесіне түсетін судың сапасы бір қалыпты, және су құбырындағы судың сапасымен бірдей болады.

3) ыстық су сапасына санитарлық бақылау қарапайымы (жылытқыштың су бөлетін крандарға дейін ара қашықтықтың қысқа болуы);

4) жылумен жабдықтау жүйелері герметикалық бақылауының қарапайымы, бақылау қорек су мөлшерімен анықталады).

Жабық жүйелердің негізгі кемшіліктері төмендегі тізімде келтірілген: 

Жылыту қондырғылардың жылу торабына жалғану схемалары жылумен жабдықтаудың жабық жүйелердегі схемалары жылумен жабдықтаудың жабық жүйелердегі схемалармен бірдей, ал ыстық сумен жабдықтау жүйелердің жалғану схемалары негізінде басқаша болады. Абоненттер жылу торабынан тікелей алынатын ыстық сумен жабдықталады (

Ыстық сумен жабдықтаудың жүктеме графигін "түзету" үшін қоректендіру құбырлар жүйесінде дайындалған ( жұмсатылған және деаэрацияланған) су қоры жиналатын бактар жинағыштар орнатылады. Жылумен жабдықтаудың "ашық" схемасында жылу торабының бір құбырлы жүйесі де қолданылады. Бұл жағдайда жылыту жүйеден кейінгі барлық торапсуы абоненттерді ыстық сумен жабдықтауға пайдаланады. Соның нәтижесінде жылу тораптың кері магистраль құбырларын салу қажетсіз болады (жылу тораптарды құру бастапқы қаржылар көлемі азаяды). Бірақ, мұндай жылумен жабдықтау жүйелерде ЖЖ және ЫС жылу жүктемелерін реттеу процестері күрделі болады.

Жылумен жабдықтау ашық жүйелердің жабық жүйелермен салыстырғандағы негізгі артықшылықтары:

1) абоненттік кірмелердің жеңілденуі және арзандалуы;

2) ыстық сумен жабдықтау жергілікті жүйелердің төзімділігінің артуы ( ыстық су-жұмсатылған және деаэрацияланған);

3) бір құбырлы жылумен жабдықтау жүйелерді қолдану мүмкінділігінің болуы.

Ашық жүйелердің кемшіліктері:

1) су дайындайтын қондырғылары күрделі және қымбат ( қуаты жоғары) болады;

2) ыстық сумен жабдықтау жүйені санитарлы бақылау көлемінің күрделенуі және артуы;

3) ыстық су қажеттіктеріне судың өзгерісті шығынына байланысты жылу торабының гидравликалық тәртібі тұрақсыз болудан пайдаланудың күрделенуі ;

4) жылумен жабдықтау жүйе саңылаусыздығын бақылауының күрделенуі.

Жылумен жабдықтаудың бу жүйелері.

Жылумен жабдықтаудың бу жүйелері бір, екі және көп құбырлы болуы мүмкін, конденсаттың қайтаруымен немесе қайтарусыз (егер бу толығынан технологиялық процестердің орындалуына жұмсалатын немесе егер бу конденсаты ыстық сумен жабдықтау қажеттерге қолданса).

Егер аймақтық өнеркәсіптік кәсіпорындары параметрлері әр түрлі бу қажет ететін болса екі және көп құбырлы бу жүйелері қолданылады. Егер жылу жүктемелердің талаптары бойынша будың бір ғана түрі жеткілікті болса жылумен жабдықтаудың бір құбырлы бу жүйелері қолданады.

Жылу тораптардың салу тәсілдері

Салу тәсілдері бойынша жылу тораптары жер асты және жер бетіндегілерге ( әуедегілер) бөлінеді.

Құбырларды жер бетімен салу (бөлек тұратын дінгектерде, эстакадаларда, ѓимараттардын қабырѓаларына бітеп тасталынѓан тіреуіштерде) жылу торабы қаланың сыртында салынғанда қолданылады, жыраларды кесіп өтуінде, өнеркәсіпті кәсіпорындардың аумағында , сонымен қатар жер астылыќ сулардын жоѓары дєнгейдегі жағдайында ќолданылады.

Жылу торап құбырларын жер астымен салу әдісі кең қолданылады.

 Жылу торап құбырларын жер астымен салу а) әрлі-берлі өтетін каналдарда жєне коллекторларда ( басќа коммуникациялармен бірге); б ) жартілей өтетін және өтүсіз каналдарда; в) каналсыз жағдайларда қолданылады. Бірнеше үлкен диаметрлі құбырларды орналастыруға арналған әрлі-берлі өтетін каналдарда жылу құбырларды салу - ең жетілген, сонымен ќатар ең қымбат тәсіл болып табылады. Каналдардағы өту жолының ені 900 мм, биіктігі – 2 м кем болмау керек. Ұзындығының әр 200 -250 м бойынша каналға өту үшін сатылармен жабдыќталѓан люктар тиісті алдын ала ескерілген болу керек. Ауа температурасы 30° С артпау үшін әрлі-берлі өтетін жер каналдар табиѓи желдету мен жабдықталу керек, сонымен қатар төмен күштену электрлік жарыќтандыруымен ( 30 В дейін), каналдан су бұруына арналған ќұрылѓылармен жабдықталу керек. Жартылей өтетін каналдар ќарќынды көшелік ќозѓалысы жолдардың астында, темір жолдар астында жєне т.с., яғни жылу құбырларды байќауѓа және ұсаќ жөндеуді жүргізу үшін қайта ашуы қиынға түсетін жағдайларда қолданады. Жартылай өтетін каналдардың жарық биіктігі әдетте 1400-1600 мм тен болады( жартылай енкейген күй-жаѓдайда адам өтуі ), ал өту ені -400 мм тең. Жылумен жабдықтау тәжірибесінде жалпаќ темірбетонды таќталармен жабылѓан тартпа элементтерден тұратын әрлі-берлі өте алынбайтын жер каналдар ең кен қолданылады.  Жер астымен салынған жылу өткізулердің (құбырлардың) жолымен арнайы камералар және арматура құруына арналѓан ќұдықтар, өлшеу құралдар, сальникті компенсаторлар және т.б., сонымен ќатар П - бейнелі компенсаторларѓа арналѓан ќуыстар орналасады.

Баќылау сұрақтар:

1. Жылу жүктемелердің түрлері және мінездемелері.

2. Жылумен жабдықтаудың жабық су жұйелері. Олардың жетістіктері және кемшіліктері.

3. Жылумен жабдықтаудың ашық су жұйелері. Олардың жетістіктері және кемшіліктері.

4. Жылу тораптарды салу тәсілдері.










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет