Жалпы ережелер


Тақырып: Жылыту жүйелері туралы жалпы түсініктер



бет2/13
Дата06.01.2022
өлшемі82,63 Kb.
#12420
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
2 Тақырып: Жылыту жүйелері туралы жалпы түсініктер
Жылыту жүйелері – ғимараттар мен құрылымдардың бөлмелері ауасына және ондағы қоршау беттеріне қажетті температура беріп, оны ұстап тұруға арналған инженерлік жүйелердің бірі.

Жылдың суық кезіндегі бөлме ауасының температурасы тек жылыту жүйесінің жұмысына ғана байланысты емес, сонымен қатар, ол желдету жүйесінің жұмысына да байланысты. Бұл жүйелер бірлесе отырып, бөлме ауасының қажетті температурасын, ылғалдылығын, оның қозғалыс жылдамдығын, құрамын және тазалығын қамтамасыз етіп отырады.

Жылытудың гигеналық негіздері

Адам организмінің жылулық балансы оның өзі өндіретін жылудан, қоршаған ортадан алынатын жылудан және қоршаған ортаға жоғалатын жылудан тұрады.

Адам организмі өндіретін жылу оның жасына, жасаған жұмысына және т.б. факторларға байланысты.

Адам организмінің қоршаған ортаға жоғалтатын жылуының мөлшері бөлмедегі микроклимат жағдайына, яғни ауа температурасына, ылғалдылығына, оның қозғалыс жылдамдығына және қоршау беттерінің температурасына (адамнан жоғалатын жылудың бір бөлігі «салқын» беттерге сәулеленуге байланысты) тәуелді.

Қалыпты киінген, тыныштық және жылулық комфорты жағдайындағы үлкен адам организмінің қоршаған ортаға жоғалтатын жылу мөлшері шамамен 115÷130 Вт құрайды. Бұл кездегі сәулелік жылу беру 45÷60 % құрайды. Сондықтан, жылыту жүйелері жылдың суық кезеңінде бөлмеден жоғалатын жылудың орнын толтыратындай микроклимат туғызуы керек.

Жылыту жүйелеріне қойылатын талаптар

Жылыту жүйесіне қойылатын талаптарды бес топқа жіктеуге болады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет