Жалпы ережелер


тақырып. Канализация жүйелері



бет9/13
Дата06.01.2022
өлшемі82,63 Kb.
#12420
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Дәріс МЭВ

6. тақырып. Канализация жүйелері.

Канализация жүйесі дегеніміз – адамдардың тіршілігі мен өнеркәсіптік мекемелер іс-әрекеті нәтижесінде түзілетін лас суларды жинауға, әкетуге және тазартуға арналған инженерлік құрылымдар жүйесі.

Пайда болуы және ластану сипатына байланысты лас сулар үш топқа бөлінеді: шаруашылық, атмосфералық және өндірістік.

Тұрмыстық лас сулар қол жуғыштан, ванналлар мен әжетханалардан, моншадан, кір жуу орындарынан, душтардан және т.б. орындардан жиналады. Тұрмыстық лас сулар өте лас болып саналады. Олардың құрамында минералдық, органикалық ластанулар мен ауру туғызатын микроорганизмдер болады. Оларды табиғи су қоймаларына тастар алдында тазарту керек.

Атмосфералық лас сулар жауын дауып, қар ерігенде пайда болады және қала және өндірісітік мекеменің территориясындағы лас заттармен ластанады. Бұл сулар салыстырмалы түрде таза болып есептеледі және санитарлық бақылау орындары бұл суларды тазартусыз табиғи су қоймаларына жіберуге рұқсат етеді. Өнеркәсіптік лас сулар құрамы бойынша алуан түрлі болып келеді. Бұл сулар өндіріс технологиясымен қалдықтарды әкетуге байланысты ластанады. Өндірістік лас сулар арасында құрамы жағынан салыстырмалы түрде таза немесе адамдар, жануарлар және өсімдіктер әлеміне нұқсан келтіретіндей лас сулар болады. Қажет болған жағдайда, өндірістік лас сулар арнайы тазартудан өтуі керек. Кейбір лас сулар сипаты, концентрациясы және құрамы бойынша түрлі тазарту әдістерін қажет етеді, сондықтан оларды әкету үшін жеке канализация жүйелері тартылады. Канализацияның үш түрі бар: жалпыға бірдей, жеке және толық жеке емес. Жалпыға бірдей канализация - барлық лас су түрлерін бір канализация тармағымен тазарту орындарына жеткізуге арналады. Жеке канализация жүйесі – жекелеген канализациямен лас су әкетуге арналады. Толық жеке емес канализация жүйелері тұрмыстық лас суларды әкетуге және өндірістік лас суларды әкетуге арналған жүйе. Лас сулады жинау, әкету, тазарту және су қоймасына жіберу жұмыстары канализация жүйесі арқасында атқарылады және ол мынадай элементтерден тұрады: үй ішілік және цехтық канализация құрылымы; сыртқы квартал ішілік канализация тармағы; сыртқы көшелік канализация тармақтары; сорғы станциялары, арынды құбырлар, тазарту орындары; лас суды су қоймасына жіберу.

Үй ішілік канализация лас суды қабылдау мен ғимарат сыртына шығаруға арналады. Раковиналарда, қол жуғыштардан, унитаз, ванна және т.б. санитарлық-техникалық аспатардан өзіндік ағу арқылы желілерге, одан аулалық құдыққа ағады. Канализация жүйесін желдету шатырдағы бөлмелер арқылы ауа шығару арқылы іске асады. Сыртқы квартал ішілік тармақ аулалық құдықтардан лас суды жинап, көшелік канализация жүйесіне тасымалдауға арналады. Квартал ішілік құбырларды і=0,01 еңіспен тартады және соңына бақылау құдығын орнатады. Сыртқы көшелік канализация тармақтары квартал ішілік канализация тармақтарынан лас су жинап, оларды канализация коллекторына жіберуге арналады. Канализация коллекторлары арқылы лас сулар сорғы станциясына, одан тазарту орындарына жіберіледі.

Жердің рельефінің күрделілігіне байланысты канализация жүйесінің схемасы перпендикуляр, қиылысқан, тармақталған және аумақтық болып тартылады. Жер рельефі тегіс болса, су тазарту қажет болмаса, өзенге қарай еңіспен перпендикуляр канализация схемасын пайдаланып, жағаға перпендикуляр желі тартады. Қиылысқан схема деп жағаға бойлай орналасқан, лас суды жинауға және әкетуге арналған жинақтаушы коллектор қолданылатын схеманы айтады. Тарамды канализация схемасы деп канализация коллекторлары жағаға параллель тартылған схеманы айтады. Аумақты канализация схемасын қала территориясында лас су өздігінен ағатын жағдайы жоқ аумақтар болған кезде қолданылады. Бұл жағдайда жоғары орналасқан аумақтардан лас су өздігінен ағып келеді де, төмен орналасқан жерлерден тазарту орындарына сорғы көмегімен жеткізіледі. Канализациялық сорғы станциялары лас сулар өздігінен ағып келу мүмкіндігі болмаған кезде қолданылады. Канализациялық сорғы станциялары сорғылар орналасқан машина бөлімінен, сорғыларға келіп түсетін лас су ағынының бік келкі болуын тұрақтандыратын қабылдау резервуарынан тұрады. Лас су айдайтын сорғы станциялары орындайтын функциясына байланысты былай бөлінеді:

1) жекелеген аудандардың төмен орналасқан коллекторларынан жоғары орналасқан коллекторларына лас су айдайтын аудандық;

2) барлық территориядан тазарту орындарына лас су айдайтын басты. Сонымен қатар, канализациялық сорғы станциялары: а) қабылдау резервуарының сорғы ғимаратына орналасуына қарай - бөлек орналасқан және біріккен болып; б) сорғы агрегаттарының жер бетіне орналасуына қарай - терең емес (4 м-ге дейін), жартылай терең (7 м-ге дейін) және шахталық түрдегі (7 м-ден терең) станция болып; в) орнатылған сорғы агрегатының түріне қарай – көлденең, тік және осьтік сорғылы болып бөлінеді. Лас суды тасымалдау үшін түрлі материалдардан жасалған канализация құбырлары қолданылады (керамика, асбоцемнт, бетон, темірбетон, шойын және пластик) және олардың көлденең қимасының пішіні де әр түрлі - дөңгелек, эллипс, жартылай эллипс тәрізді, астау тәрізді және т.б.

Канализация жұмысын бақылау үшін, сонымен қатар, тазалап отыру үшін канализациялық бақылау құдығы орнатылады. СНиП талаптарына сай олар мынадай жерлерде қарастырылады: канализация құбырларының қосылған жерінде; құбырлардың диаметрі, еңісі және бағыты өзгерген тұстарда; түзу учаскелерде ( құбыр диаметрі 150-ден 600 мм-ге дейін – 50 м сайын, құбыр диаметрі 600-ден 1400 мм-ге дейін – 75 м сайын, құбыр диаметрі 1400 мм-ден жоғары болғанда – 150 м сайын). Арналуына байланысты бақылау құдықтарын сызықтық, бұрылыстық, жалғау, өзгерістік және шайма құдықтары деп бөледі. Канализация құдықтары жұмыс камерасы мен өңештен тұрады . Құдық өңеші жұмыс камерасының плитасы үстіне орнатылады. Оның биіктігі тармақтың төселу тереңдігіне байланысты анықталады. Өңеш диаметрі – 700 мм. Құдыққа түсі үшін өңеш қабырғалары мен жұмыс камерасына тұтқалар орнатылады.Қала канализация тармақтарында көбінесе, жақсы гидравликалық және техника-экономикалық көрсеткіштерге ие болған, сыртқы күш әсерлеріне төзім беретін және пайдалану мен монтаждау кезінде ыңғайлы дөңгелек қималы құбырлар қолданылады. Канализация құбырлары кимелі (раструбные) немесе тегіс ұшты болып келеді.Лас сулар су қоймасына тасталмас бұрын тазартудан өтеді. Қала канализацияларында тазартудың екі әдісі қолданылып келеді: механикалық және биологиялық. Механикалық тазарту сүзгіден өткізу мен тұндыруды қарастырады. Бұл кезде лас сулардан механикалық және органикалық ірі дисперсті заттар алынып тасталады. Қажет болған жағдайда, механикалық тазартудан өткен суды биологиялық тазартудан өткізеді. Биологиялық тазарту механикалдық тазартудан кейін лас су құрамында қалған органикалық заттарды аэробты бактериялармен қышқылдандыруға негізделеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Канализация жүйесі дегеніміз не?

2. Лас судың жіктелуі және сипаттары.

3. Канализация жүйелерінің түрлері.

4. Үй іші канализация жүйесінің негізгі элементтері және схемасы.

5. Квартал іші және көшелік канализация схемалары.

6. Канализациялық сорғы станцияларының түрлері.

7. Канализациялық құбырлар мен құдықтардың түрлері.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет