Жалпы ережелер


Тақырып. Желдету және ауа баптау жүйелері



бет6/13
Дата06.01.2022
өлшемі82,63 Kb.
#12420
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Дәріс МЭВ

4.Тақырып. Желдету және ауа баптау жүйелері

Желдету және ауа баптау жүйелері – бөлмелерде адамдардың өзін жақса күйде сезінуіне қажетті микроклимат (ауа температурасы, ылғалдылығы және қозғалыс жылдамдығы) және технологиялық процестердің тиімді өтуіне қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар туғыза алатын, ғимараттар мен құрылымдардың инженерлік жүйелерінің бір түрі.



Желдету мен ауа баптаудың санитарлық-гигиеналық негіздері

Желдету және ауа баптау жүйелерінің көмегімен мынадай зиянды заттардың әсерлерін жоюға болады: 1) бөлмелердегі артық жылу; 2) ауаның артық ылғал құрамы; 3) жалпы улы әсер ететін химиялық заттар булары мен газдар; 4) улы және усыз шаң; 5) радиоактивті заттар.

Артық жылу бөлінуі – адамдардан және технологиялық жабдықтардан түседі.Тыныштық күйіндегі үлкен адам қалыпты микроклимат жағдайында 1150 Вт жылу бөледі, оның 20 % конвекциямен, 55 % сәулелену арқылы, ал қалған 25 % буландыру арқылы бөлінеді. Адамнан бөлінетін жылу мөлшері оның механикалық жұмысы мен микроклиматқа байланысты болады.Өндірістік бөлмелерде жылу көзі пештер, станоктар, технологиялық жабдықтар, электрлік қозғалтқыштар, жылутасымалдағышты құбырлар және т.б. болып табылады.

Ауаның артық ылғал құрамының көзі адамдар (қалыпты температурада, мардымсыз физикалық жүктемелі адам сағатына 40-75 грамм су буын бөледі; ауа ортасының температурасы жоғарылағанда сағатына 150 грамм және одан да артуы мүмкін), және түрлі технологиялық жабдықтар (булау камералары, ванналар және т.б.) болып табылады.

Адам организміне зиянды әсер ететін газдар мен булар (аммиак, көміртегі тотығы, күкіртті сутек, көмірсутек және т.б.) бөлме ауасына түрлі технологиялық процестер нәтижесінде бөлінуі мүмкін. Тыныштық күйіндегі адам 500 литр ауамен дем алып, шығарады, дем алғаннан кейін ауа құрамы өзгереді – оттегі құрамы 20,9 %-тен 16,4 %-ке дейін төмендеп, көміртегі құрамы 0,03 %-тен 3,6 %-ке дейін артады.

Ауа құрамындағы шаң концентрациясы артып кететін болса, ол адам организміне кері зиянды әсерін тигізеді. Дем алу органдарына тереңдеп өткен шаң созылмалы аурулар, мысалы, силикоз және т.б. аурулар туғызады. Әсіресе, ауада улы шаңдардың (кремнийдің, асбестің, қорғасынның және оның қосылыстарының қос тотықтары) концентрациясы артуы қауіпті.

Радиоактивті заттар өте улы болады, және олардың ауаға таралуы адамдар мен жануарлардың радиоактивті зардап шегуіне әкеліп соқтырады.

Бөлмедегі ауа алмасу және желдету жүйесінің жіктелуі

Қажетті тазалықты және адамдардың жұмыс істеуіне, тұрмысына қолайлы жағдай туғызу үшін желдету және ауа баптау жүйелері бөлмелерде тиімді ауа алмасуды қамтамасыз етуі тиіс.Ау алмасу – бөлмедегі «қызған» немесе лас ауаны жартылай немесе толығымен таза атмосфера ауасымен алмастыру.Бөлменің ішкі көлеміне шаққанда бір сағатта ішке берілетін немесе одан әкетілетін ауа мөлшері ауа алмасу еселігі деп аталады. Бөлмелерде талап етілетін саитарлық-гигиеналық жағдайларды ауа алмасу қамтамасыз ететіндіктен, яғни бөлмеден лас ауаны әкетіп, таза ауа беретіндіктен, желдету жүйелері жұмыс түріне байланысты ауа беру және ауа шығару жүйелері болып бөлінеді.Бөлмеден әкетілетін және бөлмеге берілетін ауа қозғалысын тудыру тәсіліне байланысты желдету жүйелері табиғи (ұйымдасқан және ұйымдаспаған) және механикалық желдету жүйелері болып бөлінеді.Ұйымдаспаған табиғи желдету кезінде бөлмедегі ауа алмасу ішкі және сыртқы ауа тығыздықтарының айырымынан немесе жел әсерінен қоршау конструкцияларының саңылаулары, ойықтар арқылы жүреді.Ішкі және сыртқы ауа тығыздықтарының айырымынан немесе жел әсерінен, бірақ, сыртқы қоршауларда арнайы орнатылған, ашалып-жабылуы реттелетін фрамугалар арқылы орын алатын ауа алмасу түрі – табиғи ұйымдасқан желдету жүйесі немесе аэрация деп аталады.Бөлмеге ауа беру немесе одан ауа әкету механикалық қозғалыс туғызатын қондырғылар, яғни желдеткіштер көмегімен жүргізілетін болса, ондай жүйелерді механикалық желдету жүйелері деп атайды.Бөлмелерде ауа алмасуды ұйымдастыру тәсіліне байланысты желдету жүйелері жалпы алмасу, жергілікті, локализациялық, аралас және апатты жағдайдағы желдету жүйелері болып бөлінеді. Жергілікті желдету жүйесі бөлменің белгілі бір жерлерінде, атап айтсақ жұмыс орындарында қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар туғызады.Локализациялық желдету жүйесі – бөлме ауасына зиянды зат тарамауы үшін өндірістік қондырғылардың зиянды зат бөлінетін жеріне орнатылатын, арнайы жабындармен, шатырлармен жабдықталған ауа шығару жүйесі.Желдетудің аралас жүйесі деп – жалпы алмасу жүйесінің жергілікті немесе локализациялық жүйемен бірге қолданылуын айтады.Апатты жағдайдағы желдету – кенеттен зиянды заттар бөлінуі мүмкін ғимараттарда орнатылады. Апатты желдету жүйелерін тек зиянды заттарды тез шығару керек болған жағдайларда іске қосады.Желдету жүйесінің түрін бөлменің арналуына, ондағы зиянды заттар түріне, ауа ағындары қозғалысының схемасына қарай таңдайды. Мысалы:

- «Ыстық» цехтарда аэрация, жергілікті ауа шығару және ауа себезгілері кеңінен қолданылады;

- «Салқын» цехтарда ауа беру және шығарудың жалпы алмасу схемаларын, ал қақпаларға ауа перделерін қолданады;

- Қоғамдық ғимараттарда (театр, мәжіліс залдары, дүкендер және т.б.) ауа беру және шығарудың жалпы алмасу жүйелерін таңдайды;

- Мардымсыз ғана ауа алмасуды қажет ететін бөлмелерде ауа шығару жүйелерін ғана қарастырады, ал сыртқы ауа ішке ашық терезелер, фрамугалар және ойықтар арқылы кіреді;

- Тұрғын үйлерде, әдетте, ас бөлмелер мен әжетханалардан ауа шығару жүйелерін ғана қарастырады.

Табиғи желдету жүйелері

Табиғи желдету жүйелеріндегі ауа алмасу ішкі және сыртқы ауа қысым бағандарының айырымы әсерінен орын алады. Бөлмеден «лас» ауаны шығару және бөлмеге «таза» ауа беру табиғи желдету жүйелерінде қоршау конструкцияларындағы арнайы ойықтар немесе арнайы ауа өткізгіштер арқылы жүргізіледі. Бірінші жағдайда, желдету каналсыз, екінші жағдайда каналды жүйе деп аталады. Табиғи каналсыз желдету жүйесінің мысалы ретінде артық жылу бөлінетін цехтағы аэрацияны қарастыруға болады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет