Жалпы ережелер


Тақырып. Жылу энергия көздері



бет13/13
Дата06.01.2022
өлшемі82,63 Kb.
#12420
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Дәріс МЭВ

10. Тақырып. Жылу энергия көздері


Коммуналдық - тұрмыстық және технологиялық тұтынушылар үшін жылу -өндіргіш (қазан) қондырғылар жылу энергияның көздері болып табылады.

Жылу өндіргіш қондырғы жалпы технологиялық схемамен байланыстырылған күрделі жылутехникалық құрылғылар жиынтығынан тұрады. Осы құрылғылар көмегімен отынның химиялық энергиясы жұмыстық дененің (ыстық судың немесе су буының) жылу энергиясына айналады. Энергияның осындай түрленуі отынның жануы кезінде орындалады. Отынның жанар элементтері тотықтырушымен (ауа оттегімен) қосылу нәтижесінде газ тәрізді жану өнімдері пайда болады және көп мөлшерде жылу бөлінеді. Бөлінген жылу қазан қондырғыда айналып жүретін жұмыстың денеге (суға немесе буға) беріледі.

Сонымен жылу энергияны өндіру үшін :

1) қажетті түрде дайындалған отын мен тотықтырушы (ауа) қазан қондырғыға апарылу керек;

2) жану процесін қажетті жағдайлармен қамтамасыз еру керек;

3) жұмыстық дене қажетті куйге келтірілгенсоң оның қазан қондырғыда айналып жүруін орындау керек;

4) әбден қызған жану өнімдер - тұтыну газдармен жұмыстық дене арасындағы жылу алмасу неғұрлым қарқынды болуына жағдай туғызуы керек;

5) суытылған жану өнімдері қазан қондырғыдан шығарылуы керек.

Әрине, қазан қондырғының құрылымдылық ерекшеліктері оның міндеті мен қуатына, өндірілетін жылу тасығыштың түріне , жағылатын отынның түріне  және жағу әдісіне  тәуелді болады. Мысалы, аса қызған бу өндіретін және қатты отын қолданатын жылу өндіргіш қондырғы негізгі элементтерден тұрады. Олар:

1) ошақ камерасы;

2) тозаңдатылған көмір жағылатын жанарғылар (ошақ камера қабырғасында орнатылған);

3) су экономайзері - иірілген құбырлардан тұрады, онда қазан қондырғыға түсетін су алғашқы рет қыздырылады;

4) буландыратын қыздыру беттер; ошақ камера қабырғаларында орнатылған тік құбырлар жиыны түрде жасалынған; қазанмен айналып жүретін су осы құбырларда жарымөжартылай буланып қаныққан буға айналады;

5) қазанның барабаны; мұнда буландыратын қыздыру беттерден келетін қаныққан бу жиналады;

6) буды аса қыздырғыш; иірілген құбырлар жиыны, болып табылады; мұнда қазанда алынған қаныққан бу аса қазан буға айналады;

7) топ құбырдан тұратын ауа қыздырғыш; мұнда түтін газдардан жылуды қабылдаған ауа жануды сүйемелдеу үшін ошаққа апарылады;

8) үрлену желдеткіш; мұның көмегімен ауа қоршаған ортадан алынып, ауа қыздырғыштан өтеді, содан соң ошақ камераға әкеткізіледі;

9) түтін сорғыш түтін газдарды қазан қондырғыдан мұржа арқылы атмосфераға шығарады;

10) түтін құбыры

11) күл сүзгіш түтін газдарды күлден тазартады;

12) шлак-күл ұстау жүйесі шлак пен күлді қазан қондырғыдан шығаруын қамтамасыз етеді;

13) отын дайындайтын және отын жіберіп тұратын құрылғылар отынды ұнтақтап, ұсатып, кептіріп жануға дайындайды және қазандарға апарып түсіреді;

Әр жылу өндіргіш қондырғыларында жоғарыда келтірілген қондырғыларды түгел орынатылуы қажет емес. Қуаты аз қазандықтарда экономайзер, буды аса қыздырғыш және ауа қыздырғыштардың қажеті жоқ. Газ тәрізді және сүйық отындар жағатын қазандықтарда күл сүзгіш керек емес.

Жылу өндіргіш қондырғылар келесі түрлерге бөлінедіі – аудандық, кварталдық қазандықтарға және қазандық өндіріске.

Бақылау сұрақтар:

1. Жылу өндіргіш қондырғылардың неге керек?

2. Отынның химиалық энергиясын жылу энергиясына айналдырудың жалпы принциптері.

3. Жылу өндіргіш қондырғыларының схемалары және құрамы.

4. Жылу өндіргіш қондырғыларының классификациясы.

5. Энергетикалық отын және оның негізгі сипаттамасы.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет