Жалпы ережелер



бет8/13
Дата06.01.2022
өлшемі82,63 Kb.
#12420
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Дәріс МЭВ

Газ құбырлары мен газ тармақтары

Газ өндіру орнынан (газ кені немесе зауыты) қалалар мен елді мекендерге магистралды жүйемен тасымалданады. Магистралды газ жүйесіне - газ тасымалдайтын құбырлар, газға қажетті 5 МПа қысым беруге арналған, әрбір 120-150 км сайын орнатылатын компрессор станциялары (КС), елді мекендерге кіргенде орнатылатын басты құрылым болып табылатын, газ сүзгісі орнатылған және газ қысымын Рг≤1,2 МПа дейін төмендететін газ тарату станциялары ГТС кіреді. ГТС кейін газ - жоғары қысымды Рг=1200÷300 кПа, орта қысымды Рг=300÷5 кПа және төмен қысымды Рг<5 кПа болып бөлінетін газ тарату тармақтарына беріледі.

Газ тұтынатын ірі мекемелер (өндірістік, нан зауыттары, монша және т.б.) жоғары және орта қысымды газ тармақтарына жалғанады.

Тұрғын, қоғамдық және ұсақ коммуналдық-тұрмыстық мекемлер төменгі қысымды газ желілеріне қосылады.

Газ тарату желілері газбен қамтылуына байланысты бір сатылы, екі сатылы, үш сатылы және көп сатылы болып бөлінеді.

Газ тұтыну шығыны төмен кішігірім елді мекендер төменгі қысымды бір сатылы газ тарату схемасын қолданады.

Орташа қалаларды көбінесе екі сатылы, ал ірі қалаларда үш сатылы (кейде көп сатылы) газ тарату схемалары қолданылады.

Мысал ретінде қаланы газбен қамтудың үш сатылы схемасы көрсетілген. Газ магистрал газ желісі бойынша ГТС-на беріледі, одан газ жоғары қысымдағы газ құбыры арқылы газгольдер станциясына жіберіледі, онда газ қоры сақталып, оның тұтынылу графигі теңеледі. Газгольдер станцияларынан кейін орташа қысымның газ реттеу орындарынан (ГРО) шыққан газ орташа қысымдық сақиналанған газ тармағына 6 беріледі, одан төменгі қысымдағы ГРО арқылы төменгі қысымдағы газ құбырларымен коммуналдық-тұрмыстық мекемелерге беріледі.



Газ тармақтарының жабдықтары мен құрылымы

Газ құбырлары, әсіресе, орташа және жоғары қысымдағы газ құбырлары қалалық жер асты коммуникациясы үшін қауіпті болып табылады, себебі газ құбыры зақымданған жағдайда шыққан газ топырақ арқылы ғимараттар төлесіне, құдықтарға және каналдарға (коллектор) жиналып, газды-ауа қоспасын түзіп, жарылыс қаупін туғызады.

Сондықтан, газ құбырларын жер үстімен тарту тиімді болып саналады (эстакада, ғимарат фасады және т.б. бойынша). Бірақ мұндай жағдайлар мүмкін болмаған кезде, жер астымен тартады. Жер астымен тартқан жағдайда газ құбырларын мүмкіндік бойынша ғимараттар, құрылымдар жіне коммуникациялардан, әсіресе, канализация, жылу тармақтары, сонымен қатар, су құбырлары мен телефон құдықтарынан, трамвай жолдарынан аулағырақ тартқан жөн. Газ құбырлары болаттан дайындалады. Газ аспаптары, арматуралары және басқа жабдықтар орнатылған тұсқа фланец және оймалы қосылыстар қолданылады. Құбырларды таттанудан сақтау мақсатында алдын-ала оқшаулайды. Газ құбырлары төсеу тереңдігін топырақтың қату тереңдігін ескере отырып, бірақ жер бетінен 0,8 м тереңдіктен таяз төсейді. Газ құрамындағы шық арнайы шық жинағыштарға жиналуы үшін құбырларды 1,5мм/п.м. еңіспен тартады және бұл су тығындарын болдырмайды. Газ құбырларының жекелеген бөліктерін немесе тұтынушыларды газдан ажырату үшін құдықтарға орнатылған жаппа арматуралар қолданылады. Сол құдық ішіне құбырлардың температуралық деформацияға ұшырауын ескере отырып, линзалық компенсаторлар орнатады.

Ішкі газ құбырларының құрылымы

Тұрғын ғимараттқа газ құбырлары баспалдақ алаңдары, ас бөлмелер немесе коридор арқылы тартылады. Ғимаратқа кірер алдында жаппа арматура орнатылады. Пәтерлерге газбаспалдақ алаңында, ас бөлмелерде немесе коридорларда тартылған желілер арқылы беріледі. Ғимарат ішіне болаттан жасалған құбырлар тартылады. Фланец және ойма қосылыстар тек арматуралар немесе газ аспабы орнатылар жерде орындалады. Әрбір газ аспабы алдында тығынды кран орнатылады.

 

.
Бақылау сұрақтары:



1. Табиғи және жасанды газдардың сипаты.

2. Қаланы газбен қамту схемасы және газ тарату құбырларының қысымы бойынша жіктелуі.

3. Газ реттеу орындары және қондырғылары.

4. Газ тармақтары құрылымы мен жабдықтары.

5. Ішкі газ құбырларының құрылымы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет