3.Тақырып. Ыстық сумен қамту жүйелері
Бұрынырақта айтып өткеніміздей, ыстық сумен қамту жүйелері – жыл бойы жылу жүктемесін тұтынады. Елді мекендер мен өнеркәсіптік мекемелерге ыстық су беру – ыстық сумен қамту жүйелері көмегімен іске асырылады.
Ыстықө сумен қамту жүйелері ыстық су дайындау көзінен, суды аспатарға дейін жеткізетін құбырлардан және жылутасымалдағыш шығынын реттеу құрылғыларынан тұрады.
Орналасу орны бойынша ыстық сумен қамту жүйелері орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып бөлінеді.
Орталықтандырылмаған ыстық сумен қамту жүйелері су алу орнына жақын орналасқан жергілікті көздерден қамтамасыз етілді. Орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелерінде тұтынушылар тобына сыртқы жылу тармақтары арқылы ЖЭО, аудандық, кварталдық немесе басқа қазандардан, немесе өнеркәсіптік мекемелердің жылу сақтау құрылғыларынан келеді.
Тұтынушыларына қарай ыстық сумен қамту жүйелерін тұрғын, қоғамдық және өндірістік деп бөледі. Құбырларды жергілікті жылу пунктінен су алу орындарына дейін тартылу схемасына қарай жоғарыдан, төменнен тартылған, тұйықталған және айналымды деп бөледі.Жүйедегі ыстық судың айналу түріне қарай табиғи айналымды және еріксіз айналымды ыстық сумен қамту жүйелері деп бөледі. Ыстық суды жинақтау орнына қарай жергілікті жылу пункттерінде жеке жинақтау және орталық жылу пункттерінде орталық жинаутау деп бөлінеді.
Ыстық сумен қамтудың орталықтандырылмаған қондырғылары
Орталықтандырылмаған ыстық сумен қамту жүйелері орталықтандырылған жылумен қамту жүйелері болмаған немесе орталықтандырылған ыстық сумен қамту мүмкіндігі болмаған жағдайларда қолданылады. Тұрғын, қоғамдық ғимараттардың мұндай жүйелерінде ыстық су көздері - газ немесе электрлі су қыздырғыштар немесе қатты, газ тәрізді отындарды пайдаланатын су қыздырғыш колонкалар болып табылады.
Газды су қыздырғыштар биіктігі 5 қабаттан аспайтын
ғимараттарды қолданылады. Газ су қыздырғыштары ақпалы және сыйымдылықты болып бөлінеді. Ақпалы тез су қыздыратын су қыздырғыштар тұрғын пәтерлердің ас бөлмелеріне орнатылады. Олар екі орыннан су алуға есептелген. Оларды жатаханалар мен қонақ үйлердің ортақ ас бөлмелеріне орнатуға болады. Электрлі су қыздырғыштар тұрғын үйлерде, қонақ үйлерде, жатаханаларда, шаштараздарда, ауруханаларда қолданылады. Олар ыңғайлы және гигиена талаптарына сай. Су қыздырғыш конструкциясы герметикалы 30÷1000 л су ыдыстарынан және оқшауланған кедергі қыздыру элементтерінен тұрады. Су қыздыру электр тогының автоматты қосылып, ажырауымен реттеледі. Сыйымдылығы 100 л-ге дейінгі су қыздырғыштар қабырғығы бекітіледі, ал сыйымдылығы 100 л-ден үлкен су қыздырғыштар еденге орнатылады. Ескі аз пәтерлі үйлерде ағаш, көмір, шым тезек немесе газ жағуға арналған ошақтармен қамтылған су қыздырғыш колонкалар қолданылады. Казіргі уақытты жеке тұрғын үйлерде ыстық су көзі ретінде жергілікті жылыту жүйелері мен ыстық сумен қамту жүйелерін жылу энергиясымен қамтуға арналған су қыздырғыш қазандар кеңінен қолданылып жүр.
Орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелері
Орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелері сыртқы жылу тармақтарына жалғанады және олар екі түрлі болады: жергілікті су құбырларындағы суды жабық жылумен қамту жүйесінің жылу пунктінде қыздыру және ашық жылумен қамту жүйелерінен тікелей су алатын. Көбінесе ыстық су жергілікті жылу пункттерінде (ЖЖП) немесе орталық жылу пункттерінде (ОЖП) дайындалады. ЖЖП алынатын ыстық су жүйелері аудандық немесе кварталжық жылумен қамту жүйелерінде қолданылады. Ыстық сумен қамтудың жергілікті схемалары әр түрлі болып келеді және ғимараттың арналуына, өлшемдеріне және жылу жүктемесінің өзгеру сипатына және т.б. факторларға байланысты ерекшеленеді. Кішігірім, аз қабатты ғимараттарда, сондай-ақ, монша-кір жуу орындары мен сол секілді мекемелерде ең арзан және қарапайым жоғарыдан тартылған тұйықталған және аккумуляторлы жүйелер қолданылады. Мұндай жүйелерде ыстық су алдын-ала дайындалып қояды. Аккумулятордағы көп мөлшердегі су қоры оның жоғары температурасын, тіпті су көп қолданылған жағдайда да сақтауға мүмкіндік береді.
Үлкен тұрғын үйлерде су қолдану графигі тұрақсыз болады, мұндай үйлерде аккумуляторсыз тұйықталған жүйелер қолданылмайды, себебі, су алу ұзақ уақытқа тоқтатылса, су суып қалып, оны төгуге тура келеді. Жергілікті жүйелердің құбырларында жылу тасымалдағыштың үздіксіз немесе қысқа уақытты, табиғи немесе еріксіз айналуы судың суып қалуының алдын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |