Жалпы ережелер



бет4/13
Дата06.01.2022
өлшемі82,63 Kb.
#12420
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
- пайдалану кезіндегі– техникалық жетілген жүйенің барлық пайдалану уақытында мүлтіксіз , тиімді жұмыс істеуі.

Жылыту жүйелерінің жіктелуі

Жылыту жүйелері негізгі екі топқа бөлінеді:

1) жергілікті жылыту жүйелерінде жылу көзі, жылу құбырлары және жылыту аспаптары бір қондырғыға біріктіріледі. Жергілікті жылыту жүйесі ретінде пешті қарастыруға болады. Пештің жылу көзі қызметін ошақ атқаратын болса, жану өнімдерін әкетуге арналған түтін жолы жылу құбырларын алмастырады, ал жылу бөлмеге пеш қабырғалары арқылы беріледі. Пешпен бір немесе жапсарлас салынған екі-үш бөлмені, кей жағдайда бірінің үстіне бірі орналасқан бірнеше бөлмелерді жылытуға болады.

2) орталықтан жылыту жүйесінің қамту аумағы жергіліктіге қарағанда әлдеқайда кең. Орталықтандырылған жүйелерде бір жылу орталығының бір ғана емес, бірнеше ғимарат топтамаларын жылытуға мүмкіндігі бар.

Қолданылатын жылутасымалдағыш түріне байланысты, жылыту жүйелері мынадай түрлергі бөлінеді: сумен, бумен, ауамен, газбен жылыту жүйелері.

Жылытылатын бөлмелерден жоғалатын жылуды анықтау

Бөлмелерден және ғимараттан жоғалатын жылу мөлшерін анықтау үшін мынадай мәліметтер болуы керек: 1) ғимараттың салынатын жері (қаланың немесе елді мекеннің атауы); 2) ғимараттың әлем бағыттарына қарай орналасуы және жел бағыттары; 3) барлық құрылыстық өлшемдері түсірілген қабаттар жоспары мен қималары; 4) әр бөлменің арналуы; 5) барлық сыртқы қоршаулардың конструкциялары және олардың жылутехникалық есептері.

Жылыту жүйесін жобалау үшін анықталатын бөлмелердің сыртқы қоршаулары арқылы жоғалатын жылу мөлшерлері негізгі және жылу жоғалуға әсер ететін қосымша болып бөлінеді.Бөлмеден жоғалатын негізгі жылу мөлшері сыртқы қоршаулар арқылы жоғалатын жылу мөлшерлерінен тұрады. Сыртқы қоршаулар арқылы жоғалатын негізгі жылу мөлшері мына өрнекпен анықталады:

, Вт (40)

мұндағы F – жылу жоғалатын қоршаудың ауданы, м2;

k - осы қоршау конструкциясы арқылы жылу тасымалдау коэффициенті, Вт/м2 0С;

tі – ішкі ауаның есепті температурасы, 0С;

tс – сыртқы ауаның есепті температурасы, 0С;

n - температуралардың есепті айырымына енгізілетін түзеті коэффициенті.

Қоршау конструкциясының ауданы арнайы және анықтама әдебиеттерінің «қоршау конструкцияларының беттерін өлшеу ережелеріне» сай жүргізіледі. Жылу тасымалдау коэффициенті қоршау конструкциясының материалдарына байланысты есепті жолмен, немесе қоршау конструкциясы типтік болса, анықтама әдебиеттерден анықталады. Ішкі ауа температурасы бөлменің арналуына байланысты нормативтік құжаттардан алынады.Сыртқы ауаның есепті температурасы ғимарат салынатын ауданның климаттық сипатына қарай СНиП-тен, ең суық бес күндік температура алынады. 40-ші өрнектегі түзету коэффициенті сыртқы қоршаудың орналасу ерекшелігіне байланысты енгізіледі. (40) өрнекпен анықталатын жоғалатын жылу мөлшері, оған әсер ететін мынадай факторларды ескермейді: 1) қоршаулардың әлем бағытына қарай орналасуын; 2) қоршаудың желге ұшырауын; 3) жекелеген бөлмелердің биіктігін; 4) бөлмелерге сыртқы есіктерден, қақпалардан келетін сыртқы ауа мөлшерін; 5) сыртқы ауаның инфильтрация арқылы енуін.

Бөлмелерден жоғалатын жылуды есептегенде бұл факторларды негізгі жоғалатын жылу мөлшеріне СНиП және арнайы анықтама әдебиеттерде ұсынылған пайыздық есеппен алынатын қосымша жылу жоғалтуларды қоса отырып ескереді.

Бақылау сұрақтары:

1. Жылыту жүйелерінің арналуы.

2. Жылыту жүйелеріне қойылатын талаптар.

3. Жылыту жүйелерінің жіктелуі.

4. Жылытылатын бөлмелерден жоғалатын жылу мөлшерін анықтау тәртібі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет