Сабақтың мақсаты: Қалыпты және патологиялық (тұқым қуалайтын аурулар) фенотиптік белгілердің көрініс беруінің генетикалық механизмдерін оқу.
- Студент білу керек:
1. Аллельді және аллельді емес гендердің әрекеттесу типтерін;
2. Белгілердің фенотипте көрніс беруінедегі орта факторларының ролін.
- Студент үйрену керек:
Хромосомадағы аллелді және аллелді емес гендерді табуды;
Гендердің әрекеттесуінен пайда болған генетикалық ситуацияларды талдауды.
Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар:
а) бастапқы білімдері бойынша:
1. Гендердің өзара әрекеттесуі. Жаңа белгілердің жарыққа шығуы. Гендердің көптік әсері.
б) сабақтың тақырыбы бойынша:
1. Аллельді гендердің өзара әрекеттесуі, доминанттылық, рецессивтілік, толымсыз доминантылық, аса жоғары доминаттылық, кодоминаттылық.
2. Көптік аллельдер.
3. Аллельді емес гендердің әрекеттесуі: комплементарлық, эпистаз, полимерия.
4.Ген әсері. Пенетранттылық, экспрессивтілік, плейотропия.
5. Фенокопия, генокопия
Ақпаратты - дидактикалық блок:
Гомологтық хромосомалардың бірдей локусында орналасқан гендер аллельді гендер деп аталады. Аллельді гендердің өзара әрекеттесуі аллель ішілік әрекеттесу деп те аталады. Аллельді гендердің өзара әрекеттесулерінің негізгі типтері:
Доминанттылық: егер бір аллельді геннің функциональдық жағдайы 2-ші бір аллельдік гендерге тәуелді болмаса, ондай гендер-доминатты гендер. Мұндай жағдайда белгінің жарыққа шығуы доминантты гендермен анықталынады да, белгі доминантты деп алынады. Мысалы, доминантты белгілерге: бір тұтам ақ шаш, брахидактилия, ‘’тауықтық соқырлық‘’- ымырт жамылғаннан кейінгі көздің көрмеуі, хондродистрофия, көптеген доминантты тұқым қуалайтын аурулардың түрлері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |