- Білім деңгейін қортынды бақылау. 5-тапсырма. Ситуациялық есептердi шығару.
1-есеп. Кереңдiк-рецессивтi белгi. Жас жұбайлардың екеуiде керең (саңырау). Олардың шежiрелерiн талдау белгiнiң тұқым қуалау типi аутосомды-рецесивтi екенiн анықтады. Болжам бойынша бұл отбасындагы балалардың бәрi керең болады. Бүл отбасында бiр ұл қыз және әртүрлi жынысты егiздер туылды. Олардың барлығы қалыпты естидi. Осы жағдайды генетикалық тұрғыдан түсiндiрiңiз.
2-есеп.Отбасылық гиперхолестеринемия аутосомды-доминантты генмен бақыланады. Гетерозиготаларда ауру қан құрамындағы холестерин мөлшерiнiң артуымен сипатталады, ал гомозиготаларда: терi және сiңiр iсiктерi (ксантомалар) және атеросклероз пайда болады.
Ата-аналарының бiрiнде ксантомалары және атеросклерозы бар, ал екiншiсi мүлдем сау отбасында туылатын балалардың фенотипi және генотипi қандай болады?
3-есеп. Аутосомды-доминантты ген гомозиготалық жағдайында қол-аяқтың күрделi деформациясын тудырады. Ал гетерозиготаларда саусақтың кiшiреюiне (брахидактилияға) әкеледi. Бүл геннiң рецессивтi аллелi саусақтың қалыпты құрылысын бақылайды. Ата-аналары гетерозиготалар болса, брахидактилиямен балалардың туылу мүмкiндiгi қандай?
4-есеп. Акаталазия (қанда каталазаның болмауы) сирек кездесетiн аутосомды-рецессивтi генмен бақыланады. Гетерозиготаларда ферменттiң активтiлiгi төмендеу болады. Ата-аналардың екеуiнде және олардың ұлында каталазаның белсендiлiгi төмендеу. Осы отбасында денi сау балалардың туылуы мүмкiндiгiн анықтаңыз.