5 сурет. РКҰП әдісі арқылы әкесін анықтау.
4. Гельдегi кесiндiлердi анықтау диагностикалаудың соңғы, немесе әрі қарай талдаудың кажеттi кезеңі. Гельдi ДНҚ-мен байланысатын этидий бромидiмен өңдейді. Ультракүлгін сәуле арқылы қарағанда гельдiң бетiнде олар қызыл түстi жарық көзі болып көрiнедi. Нәтижелердi автоматты түрде тiркеуге мүмкiндiк беретiн фрагменттердi бояудың басқада әдiстерi бар.
5. ДНҚ кесiндiлерiн идентификациялау (танып ажырату) - арнайы (керектi) кесiндiлердi гельден табу, қазiргi кезде жиi Саузерннің блот-будандастыру әдiсi арқылы жүргiзiледi (6 сурет). Керекті фрагмент белгілі нуклеотидтік тізбектен және осы кесіндімен комплементарлы байланысатын арнайы зонд көмегімен анықталады.
Бұл әдiс келесi кезеңдерден тұрады:
- гельдi тiзбектер арасындағы сутектiк байланыстарды бұзатын сілті ерiтiндiсiне салынып, бiртiзбектiк ДНҚ кесiндiлерiн алынады;
- керектi кесiндінi ажырату үшiн 16-30 негiзден тұратын, антиденешiк немесе радиоактивтi не флуоресценттi таңбамен белгiленген жасалмалы бiртiзбектiк олигонуклеотид - арнайы зонд қолданылады. Бұл зонд керектi ДНҚ кесiндiсiмен комплементарлы байланысады.
Қазіргі кезеде молекулалық-генетикалық әдістерді қолдану арқылы генетикалық материалдың құрылысының өзгеруінен пайда болған кез келген ауруды анықтауға мүмкіндік туды. Бүл технологиялар адам геномын зерттеуге байланысты кеңінен қолдануда. Әдістердің көбі автоматизацияланған; соған байланысты, болашақта әр адамның геномын зерттеуге мүмкіншілік болуы мүмкін.
6 сурет. Саузерн бойынша ДНҚ кесіндісін блот-гибридизация арқылы
ажырату.
Биохимиялық әдiстер - бұл қан, зәр және ағзаның басқа да сұйық орталарындағы әр түрлі заттардың алмасуының деффектiсiн анықтауға мүмкiндiк беретiн әдiстер тобы. Осы әдiстер арқылы түрлi өнiмдердiң жиналуы немесе жетiспеушiлiк түрде көрiнiс беретiн 1000 аса туа бiткен зат алмасудың аномалиялары анықталған. Биохимиялық әдiстер патологиялық гендi гетерозиготалық тасымалдаушылықты анықтауда аса маңызды роль атқарады (жүктемелік әдiсi). Бұл әдiстер кейбiр көп кездесетiн аурулармен науқас адамдарды алғаш анықтау үшiн жүргiзiлетiн кең масштабты зерттеулердегі скрининг (елеу) бағдарламасында кеңiнен қолданылады (мысалы, зәрге NaCl қосу арқылы фенилкетонурияны анықтау).
Достарыңызбен бөлісу: |