Жалпы генетика негiздерi Тақырып Моно- жӘне полигенді


тапсырма. Молекулалық-генетикалық әдiстер бойынша есептердi шығару. 1



бет57/72
Дата02.12.2023
өлшемі1,43 Mb.
#132427
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   72
3 тапсырма. Молекулалық-генетикалық әдiстер бойынша есептердi шығару.
1. Гендi танып оның орнын анықтау үшiн ген бөлiгiне комплементарлы, белгiлi нуклеотидтер тiзбегiнен түратын ДНҚ-ның қысқа кесiндiлерi - ДНҚ-зондтар - қолданылады. Құрылымы мынадай ДНҚ-зонды АТТТАТАТГЦЦЦАЦ ДНҚ молекуласының қандай бөлiгiмен байланысады?

ДНҚ- ГГЦЦТГАТЦГТАГАТТТАТАТГЦЦЦГТЦТАГГТАЦАТАААТАТАЦГГГТГТЦЦАТГ


2. Белоктық өнiмi анықталған белгiлi гендегi мутацияны анықтау үшiн, осы ДНҚ бөлiгiне комплементарлы қатарлардан тұратын ДНҚ-зондын қолдануға болады. Ол ДНҚ-зондты, сол белок туралы ақпарат жазылған аРНҚ арқылы коплементарлық принцип бойынша синтездеуге болады.


а) Мынадай белоктың синтезiн басқаратын геннiң орнын анықтайтын ДНҚ-зондты синтездеңiздер: фен-лиз-про-гис.
б) ДНҚ-да сол геннiң орнын анықтаңыз.

ДНҚ- ГЦТАТАГГЦГЦТАААГТТТГГАГТААТГААТТТТАТАТГГГАУАТГАЦТА


3. Рестриктазалық талдауда ДНҚ-ны рестриктазалық ферменттер көмегімен кесінділерге кесу арқылы жүргізіледі. Әр түрлi ферменттердiң танитын нуклеотидтер қатарлары, яғни, рестрикция сайттары, әр түрлi болады. Содан кейiн, ол кесiндiлердi электр өрісінде гельдiң арқылы өткiзіледi (гель-электрфорезi). Сонда, гельдiң бетiнде әр кесiндi ұзындығына байланысты өзiне сай орын алады. Ең алшақ орналасатыны - кесінділердің ең қысқасы болады.


ДНҚ молекуласының аймағы берiлген.

днқ
АТГГАТАТТТЦГАЦЦГАТААТТТТГЦЦЦАГАТЦГАТААТТТГТАААГЦГЦЦАГТГ


а) ДНҚ-ын АТТТ-сайттың ортасынан “кесетiн” рестриктаза қолданған жағдайда, қанша кесiндi пайда болады?


б) Қандай кесiндiлер түзіліп, олар гельдiң бетiнде қалай орналасады? Оларды ретiмен орналастыр.
в) Егер ДНҚ-ның көрсеткiшпен белгiленген жерiнде мутация әсерiнен Т-ның орнына (жуан әрiппен) А пайда болса, кесiндiлердiң гельдегi орналасу ретi қалай өзгеруi мүмкiн?

4- тапсырма. Ситуациялық есептердi шығару
1. Жаңа туған балада хромосомдық патология бар деген ой бар. Диагнозды қандай әдiстер арқылы анықтауға болады?

2. Пробандта түнгi соқырлық ауруы байқалады. Оның екi ағасы да ауру. Пробандтың әке жағынан аурулар болмаған. Пробандтың шешесi ауру. Шешесiнiң екi сiңiлiсi және екi ағасы сау. Олардың балалары да сау. Шеше жағынан: әжесі ауру, атасы сау, әжесінің әпкесi ауру, ағасы сау. Әжесінің әкесi ауру болған, оның әпкесi мен ағасы ауру, әкесi және оның ауру қызы мен екi ауру ер баласы бар ағасы да ауру болған. Пробандтың әйелi, оның ата-анасы және тума-туысқандары сау. Белгiнiң пенетранттылығы - 30% екенiн еске ала отырып, пробандтың жанұясында ауру баланың туу мүмкiндiгiн анықтаңыз.


3.Әр түрлi ағзалардың ДНҚ-ның туыстық дәрежесiн рестриктазалық талдау арқылы анықтауға болады. Осы әдiс әкелікті анықтауда кеңінен қолданылады. Суретте шешесінің (М), оның баласының (С) және екі әке болуы мүмкін серігінің (F1 және F2) ДНҚ бөліктері көрсетілген гельдің кесіндісі берілген. Серіктерінің қайсысы баланың әкесі болуы мүмкін? Жауабыңызды түсіндіріңіз.

4.Пренатальды диагностикалауда хорионның бiрнеше жасушалары алынған.


1. зерттейтiн материалды қалай көбейтуге болады?
2. қандай қдiстердi қолдануға болады:
а) зат алмасуының тұқым қуалайтын ауруларын анықтау үшiн?
б) хромосомалардың санындағы немесе құрылысындағы
аномалияларды анықтау үшiн?
в) белгiлi гендегi мутацияны анықтау үшiн?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет