Жалпы географиялық әдістер



бет31/64
Дата07.09.2023
өлшемі301,56 Kb.
#106470
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64
Өтпелі экономика
Жалпы сипаттама. "Өтпелі экономика"елдерінің ерекшелігі - экономикалық жүйелерінің жоспарлы сипаты болмағанымен, әлі де болса нағыз нарықтық экономикаға тән барлық элементтерге (дамыған банк және қаржы жүйелері, жетілген заңнамалық база, еркін алмастырылатын тұрақты валюта және т.б.) ие болмауында. Өтпелі экономика елдеріне 28 ел жатады.
Бағаларды либералдандыру дегеніміз - мемлекет тарапынан бағаларды реттеуден толығымен немесе ішінара бас тарту, бағалардың нарықтағы тауарларға сұраныс пен ұсыныс негізінде, тауар өндірушілер арасындағы еркін бәсекелестікке сәйкес қалыптасуына көшу.
Экономикалық қайта құруларды жүзеге асыру өтпелі экономика елдерінде шамамен 1989 жылы басталды. Қайта құрулар екі түрлі бағытта жүргізілді: эволюциялық және радикалды. Нарықты қэкономикаға көшудің эволюциялық жолын тандаған елдерде (енгізілген алдымен, Венгрия, Словакия, Чехия) экономиканың өрлеуі жылдам сипат алды. Радикалды қайта құрулар жүрген посткеңестік елдерде ортақ ақшадан бас тартып, ұлттық валюталар айналымға енгізілді. ТМД елдеріндегі экономикалық қайта құрулардың өзіндік ерекшеліктері болды.
.

Дамушы елдер
Дамушы елдердің жалпы сипаттамасы. Дамушы елдер қатарына Азия. Африка, Мұхиттық аралдар, Латын Америкасындағы елдер жатады. Ұзақ жылдар бойы экономикалық құлдырауды бастан кешірген және дамыған елдерге экономикалық тәуелділікте болған кедей елдерді мешеу елдер деп атайды.
Дамушы елдердің көпшілігіне тән даму мәселелері бар: кедейшіліктің жаппай таралуы(ең бастысы), еңбек өнімділігінің төмендігі, халық санының жылдам өсуі, жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуы.


Дамушы елдердің топтары
Дамушы елдерді жіктеуде халықаралық ұйымдар экономика дамуының негізгі көрсеткіштеріне сүйенеді.
Дамушы елдердің топтары. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) дамушы елдерді жіктеу барысында мынадай көрсеткіштерге назар аударады: жан басына шаққандағы табыс мөлшері, экспорттың жіктелген сипаты (жан басына шаққанда табыс мөлшері өте жоғары мұнай экспорттаушы елдердің экспортының 70%-ын мұнай құрайды), ғаламдық қаржы жүйесіне интеграциялану деңгейі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет