«Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары Модуль «Жүйке жүйесі және сезім мүшелері 1»



бет38/54
Дата20.05.2023
өлшемі102,51 Kb.
#95501
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   54
Байланысты:
ЭС Нерв жүйесі және сезім мүшелері1 1c286d34efaa96c148ad9f5040ad768e (копия)

-n.glossopharyngeus-тың мида орналасатын жері:
-n.glossopharyngeus сопақша мидан артқы латералді жүлге (sulcus posterolateralis) арқылы шығады.
-n. glossopharyngeus-тың бассүйектегі орны:
-бас сүйектен мойындырық тесік (foramen jugulare) арқылы шығады;
-тармақтары және нервтендіретін ағзалары
1.Дабыл нерві (n.tympanicus), n.glossopharyngeus-тың төменгі сезімтал түйінінен (ganglion inferius-тен) шығып, дабыл қуысына (cavitas tympani-ға) өтіп, сол жерде дабыл өрімін (plexus tympanicus) түзеді, яғни дабыл қуысынан және есту түтігінен жалпы сезімталдық импульстарды өткізеді Дабыл өріміне ішкі ұйқы артериясының да тармақтары келеді. Дабыл нерві (n.tympanicus) әрі қарай кіші тастақтық нервке (n.petrosus minor-ға) жалғасып, кіші тастақтық нерв каналының саңылауы (hiatus canalis n.petrosi minoris) арқылы самай сүйектің пирамидасының алдыңғы бетіне шығады да, өзіне аттас жүлгемен (sulcus n.petrosi minoris-пен) жүріп, құлақ түйініне (ganglion oticum-ге) келіп жалғасады, яғни ganglion oticum-ге парасимпатикалық секреттік импульстарды жеткізеді.

Қорыта айтқанда, дабыл нерві (n.tympanicus) – аралас нерв, оның құрамында сезімтал және вегетативтік парасимпатикалық секреттік талшықтар болады:


а) n.tympanicus-тың сезімтал талшықтары, олар n.glossophayngeus-тың төменгі сезімтал түйіні (ganglion inferius) нейрондарының шеткі өсінділері болып табылады, ал түйіннің орталық өсінділері n.glossopharyngeus-тың құрамымен миға кіріп тіл-жұтқыншақ нервтің сезімтал дара жол ядросында (nucleus tractus solitarii-де) аяқталады, осы ядродан әрі қарай дабыл қуысы мен есту түтігінен шыққан жалпы сезім импульстарын аралық мида орналасқан қыртысасты орталыққа (таламусқа) содан соң сезімтал қыртыс орталығына (орталықалды қатпарға) өткізеді;
б) n.tympanicus-тың вегетативтік талшықтары n.glossopharyngeus-тың вегетативтік парасимпатикалық ядросы төменгі сілекей бөлетін ядросынан (nucleus salivatorius inferior-дан) басталатын преганглилік талшықтар, яғни парасимпатикалық секреттік импульстарды вегетативтік құлақ түйініне (ganglion oticum) өткізеді; ganglion oticum-нан постганглилік нерв талшықтары басталып, құлақ-самай нервісінің (n.auriculotemporalis) құрамымен шықшыт безіне келіп, оны парасимпатикалық нервтендіреді (бездің қан тамырларын кеңейтеді және секрециясын күшейтеді).
2.Біз-жұтқыншақ нервінің тармағы (ramus n.stylopharyngei) – аттас бұлшықетті нервтендіреді.
3.Бадамшалық тармақтар (rami tonsillares) – таңдай бадамшаларын және жұмсақ таңдай доғашықтарын иннервациялайды.
4.Жұтқыншақтық тармақтар (rami pharyngei) – жұтқыншақ маңында жұтқыншақ өрімін түзеуге қатынасады, яғни жұтқыншақты нервтендіреді;
5.Тіл тармақтары (rami linguales), аралас нерв, тіл-жұтқыншақ нервінің (n.glossopharyngeus-тың) соңғы тармақтары:
-тілдің артқы 1/3 бөлігін нервтендіреді, яғни осы аймақтан жалпы сезіталдықты өткізеді және құрамында papillae valatae-дан дәм сезу импульстарын өткізетін нерв талшықтары болады;
-papillae valatae-дан шыққан дәм сезу талшықтары n.glossopharyngeus-тың құрамымен жүріп, оның сезімтал төменгі түйініне, кейіннен сезімтал дара жол ядросына (nucleus tractus solitarii) барып, әрі қарай дәм сезудің қыртысасты орталығы таламусқа жетеді, содан соң дәм сезудің қыртыс орталығы ілмекте аяқталады; осылай тілдің артқы 1/3 бөлігінен (papillae valatae-дан) n.glossopharyngeus-пен дәм сезіледі.
6.Ұйқы қойнаулық тармақ (r.sinus carotici), сезімтал нерв – ұйқы қойнауын (sinus caroticus-ты немесе glomus caroticum-ды) нервтендіреді Қорыта айтқанда, n.glossopharyngeus дабыл қуысын, есту түтігін, тілді, жұтқыншақты, бадамшаларды және құлақ маңы (шықшыт) сілекей бездерін иннервациялайды.



  1. Кезбе нерві, оның ядралары, топографиясы, тармақтары, нервтендіру аймақтары..



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет