«Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары Модуль «Жүйке жүйесі және сезім мүшелері 1»



бет41/54
Дата20.05.2023
өлшемі102,51 Kb.
#95501
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54
Байланысты:
ЭС Нерв жүйесі және сезім мүшелері1 1c286d34efaa96c148ad9f5040ad768e (копия)

В) Кеуде бөлігінің тармақтары:
1. Көмейдің қайтарма нерві (n. laryngeus recurrens), аралас нерв:
-солжақ n. laryngeus recurrens – солжақ кезбе нервтің аорта доғасының алдынан өткен жерінде басталады;
-оңжақ n. laryngeus recurrens – оңжақ кезбе нервтің бұғана асты артерияның (a.subclavia-ның) алдымен өткен жерінен басталады
-n. laryngeus recurrens-тың екеуіде өздерінің басталатын жерлерінде, яғни солжақ n. laryngeus recurrens аорта доғасын, ал оңжақ n. laryngeus recurrens бұғана асты артерияны (a.subclavia-ны) астынан артына қарай айналып өтіп, содан кейін өңеш пен кеңірдек арасындағы жүлгемен жоғары көтеріледі және оларға көптеген тармақтар береді; оның ішінде соңғы тармағы n.laryngeus inferior көмейдің бұлшықеттерінің бір бөлігін, көмейдің дауыс байламдарынан төмендегі сілемейлі қабығын, тіл түбірінің көмей қақпашығының жанындағы сілемейлі қабығының бір бөлігін, сонымен қатар кеңірдек, жұтқыншақ, қалқанша және айырша бездерін, мойынның лимфа түйіндерін, жүрек пен көкірекаралықты иннервациялайды;
2.Жүректің кеуделік тармақтары (rami cardiaci thoracici), аралас нерв – көмейдің қайтарма нервісінен (n. laryngeus recurrens) және n.vagus-тың кеуде бөлігінен басталып, жүрек өрімін түзуге қатынасады;
3.Бронхтық және кеңірдектік тармақтар (rami bronchiales et trachealis), аралас нерв – симпатикалық сабау тармақтарымен бірге бронх қабырғаларында өкпе өрімін (plexus pulmonalis) түзеді; бұл өрім тармақтары бронхтар мен кеңірдектің бұлшықеттері мен бездерін нервтендіреді, сонымен қатар бұл тармақтардың құрамында кеңірдектен, бронхтардан және өкпелерден жалпы сезімталдықты өткізетін нерв талшықтары болады;
4. Өңештік тармақтар (rami esophagei), аралас – өңешті нервтендіреді;

Г) Іш бөлігінің тармақтары:
-өңештің қабырғасындағы түзілген кезбе нервтің өрімі асқазанға да жалғасып, онда алдыңғы және артқы сабауларды (trunci vagales-ті) түзеді;
-ескеретін жағдай, trunci vagales-тің әрқайсысының құрамында, екі кезбе нервтің парасимпатикалық талшықтарымен бірге, симпатикалық және афференттік анималық нерв талшықтарының болатындығы;
-өңештің алдыңғы қабырғасынан асқазанның алдыңғы жағына қарай төмен бағытталған солжақ кезбе нервтің жалғасы негізінен асқазанның кіші иінінің бойында орналасатын асқазанның алдыңғы өрімін түзеді (plexus gastricus anterior) түзеді, ал одан симпатикалық тармақтармен араласа асқазанның алдыңғы қабырғасына (бұлшықеттерге, бездерге, сілемейлі қабыққа) асқазанның алдыңғы тармақтары (rami gastrici anteriores) беріледі; сонымен қатар plexus gastricus anterior-дың кейбір талшықтары кіші шарбы арқылы бауырға да баратындығын ескерген жөн;
-оңжақ n.vagus асқазанның артқы қабырғасында, негізінен асқазанның кіші иіні аймағында асқазанның артқы өрімін (plexus gastricus posterior) түзеді, ал одан асқазанның артқы тармақтары (rami gastrici posteriors) тармақталады;
-сонымен қатар, plexus gastricus posterior талшықтарының көп бөлігі құрсақтық тармақтарға (rami coeliaci-ге) жалғасады да, асқазанның солжақ артериясының (a.gastrica sinistra) бойымен құрсақтық түйінге (ganglion coeliacum-ге) барады;
-ganglion coeliacum-нен басталатын тармақтар, қан тамырларының тармақтарын бойлай отырып, симпатикалық талшықтармен (өріммен) бірге бауыр, ұйқыбез, көкбауыр, бүйрек, жіңішке ішек және жуан ішектің сигма тәрізді бөлігіне дейін тармақталады;
Қорыта айтқанда, n.vagus барлық ішкі ағзаларды сигма тәрізді ішекке дейін иннервациялайды.
Кезбе нервтің (n.vagus) функциясы:
-афференттік жалпы сезімталдықты өткізетін ағзалары: бассүйек қуысының артқы шұңқырындағы мидың қатты қабығы, сыртқы есту жолы мен құлақ қалқанының терісі, жұмсақ таңдай, жұтқыншақ, кеңірдек, өңеш, асқазан, бауыр өт жолдарымен, ұйқы безі, бүйректер, несепағардың құрсақтық бөлігі, көкбауыр, жіңішке ішек және жуан ішектің сигматәрізді ішегіне дейін; сонымен қатар жұмсақ таңдай және көмей үстілік шеміршек аймағынан дәм сезу импульстарын өткізеді;
-қозғалтқыш талшықтарының нервтендіретін ағзалары: жұмсақ таңдай, жұтқыншақ, кеңірдек, бронхтар (өкпелер), жүрек перикардымен, айырша без, өңеш, асқазан, бауыр өт жолдарымен, ұйқы безі, бүйректер, несепағардың құрсақтық бөлігі, көкбауыр, жіңішке ішек және жуан ішек сигматәрізді ішекке дейін; аталған ағзалардың жазық немесе бір салалы бұлшықеттерін жиырылтады (өт қапшығының, несепағардың, асқазан мен ішектердің перистальтикасы күшейеді) және олардың қысқыштарын (сфинктерлерін) босатады, яғни қуысты ағзалар ішіндегі заттардан босайды; ескеретін жағдай, n.vagus бронхтар мен брохиоллаларды жиырылтып брохспазмға әкеледі, жүректің соғысын бәсеңдетеді және оның тәждік артерияларын тарылтады (n.vagus-тың ұзақ уақыт әсер етуі брадикардияға, жүректің инфарктына және өкпелерден ауаның сыртқа шығуының қиындауына әкелуі мүмкін);
-парасимпатикалық секреттік әсері: n.vagus-тың нервтендіретін жоғарыда аталған барлық ағзаларының қан тамырларын кеңейтеді және бездерінің (сілемейлі, асқазан мен ішектердің сөлін бөлетін ж.т.б) секрециясын күшейтеді.



  1. ІІІ, ІҮ, ҮІ, XI, XII жұп бас ми нервтері, оның ядралары, топографисы, нервтендіру аймақтары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет