«Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары Модуль «Жүйке жүйесі және сезім мүшелері 1»



бет39/54
Дата20.05.2023
өлшемі102,51 Kb.
#95501
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   54
Байланысты:
ЭС Нерв жүйесі және сезім мүшелері1 1c286d34efaa96c148ad9f5040ad768e (копия)

Х-шы жұп: кезбе нерв (n.vagus) – аралас нерв (166-сурет), яғни қозғалтқыш, сезімталдық, дәм сезу және вегетативтік нерв талшықтарынан тұрады және үш ядросы болады (1-қозғалқыш, 1-сезім, 1-вегетативтік):
-ядролары (166-сурет):
а) қосарланған ядро (nucleus ambiguus) – қозғалтқыш, сопақша мида ІХ-шы және ХІ-ші жұп ми нервтерінің қозғалтқыш ядроларымен қосарланып бірге орналасады;
б) дара жол ядросы (nucleus tractus solitarii) – сезімтал, басқа да ми нервтерінің (ІХ, VІІ ж.т.б.) сезімтал ядроларының жалғасы есебінде сопақша мида орналасқан;
в)кезбе нервтің дорсалді ядросы (nucleus dorsalis n.vagi) – вегетативтік парасимпатикалық ядро, олда сопақша мида жатады, яғни ромб тәрізді шұңқырдың төменгі үшбұрышындағы кезбе нерв үшбұрышында (trigonum n. vagi-да) проекцияланады;
-n.vagus-тың мида орналасатын жері:
-n.vagus сопақша мидан артқы латералді жүлге (sulcus posterolateralis) арқылы шығады, n.glossopharyngeus-тен төмен жатады және 10-15 түбіршік түрінде шығып, жуан сабау түзеді;
-n.vagus-тың бассүйектегі орны:
-бас сүйектен мойындырық тесік (foramen jugulare) арқылы шығады;
-ескеретін жағдай, foramen jugulare арқылы n.vagus-пен бірге ІХ-шы, ХІ-ші жұп ми нервтерінің және ішкі мойындырықтық венаның жүретіндігі;
-n.vagus-тың жүретін жолының топографиясы, тармақтары және нервтендіретін ағзалары (166-168-суреттер):
- n.vagus-тың сезімтал нерв таршықтары foramen jugulare-ден шығарда жоғарғы түйін (ganglion superius) және шыққан соң төменгі түйін (ganglion inferius) түзеді; екі түйінде жалған униполярлы нейрондармен құралған, яғни униполярлы нейронның (1-ші нейронның) шеткі өсінділері (аксондары) n.vagus-тың құрамымен және оның тармақтарымен ағзаға жетіп рецепторлармен қосылады, ал орталық өсінділері n.vagus-тың құрамында миға бағытталып, оның сопақша мидағы сезімтал дара жол ядросына (nucleus tractus solitarii) барады (2-ші нейрон), әрі қарай сезім импульстары сезімнің қыртысасты орталығы таламусқа (3-ші нейронға) беріледі, одан сезім талшықтары қыртыс орталығы орталықартқы қатпарға (gyrus postcentralis-ке) барады;
-бассүйек қуысынан foramen jugulare арқылы шыққаннан соң, n.vagus алдымен v.jugularis interna және a.carotis communis арасында, тамырлардың артында, олармен бір қынапта орналасып, төмен бағытталады;
-әрі қарай n.vagus кеуде қуысының жоғарғы тесігі арқылы кеуде қуысына өтіп, онда оңжақ кезбе нерв бұғана асты артерияның (a.subclavia-ның) алдында, ал солжақтағысы – аорта доғасының алдыңғы жағында орналасады;
-оң және солжақ кезбе нервтің екеуіде төмен қарай бағытталады және, өкпе түбірін артқы жағынан айналып өтіп, өңешпен қосарлана жүріп, оның қабырғасында – сол жақ кезбе нерв алдыңғы бетінде, оңжақ нерв – артқы бетінде өрімдер түзеді;
-кезбе нервтің екеуіде өңешпен бірге көкеттің өңеш саңылауы (hiatus esophageus) арқылы іш қуысына өтіп, асқазанның алдыңғы және артқы қабырғасында өрімдер түзеді;

-ескеретін жағдай, асқазаның алдыңғы қабырғасында солжақ кезбе нерв, ал артқы қабырғасында оңжақ кезбе нерв тармақталып өрім түзеді; n.vagus-тың бұлай орналасуы, асқазанның даму (онтогенез) барысында солжақтан оңға қарай бұрылыс жасауының нәтижесінде болады, яғни асқазан онтогенездің бастапқы кезеңінде сагиталді жазықтықта орналасады, оң және солжақ беттері болады (кезбе нервтер де асқазанның сәйкес оң және солжақ беттерінде жатады), кейіннен асқазан солжақтан оңға қарай бұрылыс жасап, фронталді жазықтыққа ауысады, осы кезде солжақтағы n.vagus асқазанның алдыңғы бетіне, ал оңжақтағы n.vagus асқазанның артқы бетіне өтіп орналасады.


жоғарыда атап өткендей, жүретін жолына сәйкес, n.vagus төрт бөліктен тұрады: бас, мойын, кеуде және іш бөліктері:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет