Аллергиялық серпілістердің иммундық кешенді(преципитациялық) түрі- Джелл және Кумбс жіктеуі бойынша аллергиялық серпілістертердің үшінші
түрі.
G және М класына жататын иммуноглобулиндердің ықпалынан туындайды.
Тіндердің бүліністерін шақыратын, иммундық кешендердің түзілуімен
сипатталады Иммунокешенді аурулар: васкулит, периартерит, экзогенді
аллергиялық альвеолит, жүйелі қызыл жегі, гломерулонефрит.
Аллергиялық серпілістердің жасушалардың қатысуымен дамитын түрі (баяу дамитын жоғары сезімталдылық, аллергиялық серпілістердің туберкулиндік түрі)- Джелл және Кумбс жіктеуі бойынша аллергиялық
серпілістертердің төртінші түрі. Сәйкес аллергенмен антиген- спецификалық
рецепторлар арқылы әрекеттесетін Т лимфоциттердің қатысуымен дамиды.
Мысалы: аллергиялық жанамалы дерматит, туберкулез кезіндегі туберкулинді
сынама, трансплантаттың ажырау реакциясы. Идиосинкразия (грек. iduos – өзіндік, өзінікі synkrasis - араласу) – кейбір
тағамдар мен дәрі-дәрмектерге туа біткен патологиялық жоғары сезімталдық.
Парааллергия –көрінісі мен әсер етуі спецификалық аллергияға ұқсас, бірақ
иммунологиялық сатысының және антиген-антидене реакциясының болмауымен
сипатталатын бейспецификалық аллергиялық реакциялар жиынтығы; нәруыздық
аллергендер құрылымы жағынан (сенсибилизациялаушы, шешуші) ұқсас
болғанымен, айырмашылықтары бар.
Гетероаллергия – бір заттекті енгізген жағдайда басқа заттекке бағытталған
организмнің жалған аллергиялық серпілісі әдетте, антигендік емес әсерлер
(мысалы, тоңу, ысу, интоксикация).
Гипосенсибилизация –организмнің аллергенге сезімталдығының төмендеуі.
Праустниц-Кюстнер серпілісі- реагиндерді анықтау үшін қолданылатын
терінің енжарлы
сенсибилизация реакциясы. Сынаманы орындау үшін аурудың,
мысалы бронх демікпесімен ауыратын адамның 0,05-0,1 мл сары суын дені сау
адамның терісінің астына енгізеді. 1 тәуліктен соң, сол жерге аллерген егеді. Егер
гиперемия, қышу, ісіну дамыса, онда реакция оң деп саналады.