Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет28/35
Дата23.05.2023
өлшемі334,67 Kb.
#96284
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35
Байланысты:
терминдік сөздік ПФ-1

рСО
2
- қандағы көмiрқышқыл газының парциалдық қысымы. Тыныс алу 
жүйесінің қызметтік жағдайын көрсетеді, әсіресе патологиясы мен метаболизмдік 
ығысулар кезінде өзгеретін компенсаторлық реакциялардың нәтижесін 
анықтауға болады (қалыпты жағдайдайда 35—45 мм с.б.). 
АB - қанның шынайы бикарбонаттары = қан тамырлар арнасындағы нақты 
жағдайдағы (НСО
3
) көмір қышқыл иондарының концентрациясы. 
SB - стандартты бикарбонат = стандартты жағдайда өлшенген бикарбонатты 
иондардың (НСО
3
), концентрациясы. Метаболизмдік өзгерiстердi көрсетедi 
(қалыпты жағдайдағы мөлшерi 21,6 дан 26,9 ммоль/л-ге дейiн). 
BB- қанның буферлiк негiздерi = оттекпен толық қаныққан қандағы буферлiк 
иондардың (бикарбонаттар, белоктар, гемоглобин) жалпы концентрациясы 
(қалыпты жағдайдағы мөлшерi 43,7-ден 53,5 ммоль/л-ге дейiн) 
BE - буферлік негіздердің артық болуы немесе жеткіліксіздігі (қалыпты 
жағдайдағы мөлшері + 2,5 ммоль/л). 
Зәрдің титрационды қышқылдығы (ТҚ) - несептегі қышқыл өнімдерді 
бейтараптауға қажетті, NaOH ерітіндісіндегі 0,1мл N саны. (қалыпты жағдайда 
сілтінің 10-30 мл). 
Аструп әдісі - қанның СО -мен әр түрлi деңгейде қаныққан жағдайында 
қанның рН-ын электрометрлiк олшеуден кейiн номограммалар немесе компьютер 
арқылы кейбiр көрсеткiштердi /АВ, SB, ВВ, ВЕ/ есептеу. 
Буферлік жүйе – қышқыл (донор Н
+
) мен негіздерді (акцептор Н
+
) құрайтын 
химиялық жиынтық, рН-қалыпты жағдайдағы осылардың қатынасы тұрақты 
көрсеткіш болып саналады. 
Нәруыздық буферлік жүйе -  нәруыздардың екіжақты( амфотерлік ) қасиеті 
бар; яғни қышқылдық ортада сілті ретінде ал, сілтілік ортада қышқыл ретінде әсер 
етеді. 
Бикарбонатты буферлік жүйе - көмір қышқылының тұздарға қатынасын 
анықтайтын ең күшті физико-химиялық буферлік жүйе. Қалыпты жағдайда H
2
CO
3
: NaHCO
3
қатынасы 1:20 құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет