ТАҚЫРЫБЫ: «Тұз-су алмасуының бұзылыстары»
Дисгидриялар (лат. dys- бұзылу + hydros- су)-
организмде су балансының
бұзылуы.
Гипергидратация (лат. hyper – жоғары, көп + hydros - су)- организмнің ішкі
ортасында су мөлшерінің тым артық болуы; оң су балансы тән: организмдегі
судың экскрециясы мен жоғалуынан гөрі организмге келіп түскен судың басым
болуы.
Гипогидратация (дегидратация) (лат.
hypо - төмен, аз + hydros – су) -
обезвоживание организмнің сусыздануы, теріс су балансы мен сипатталады:
организмге түскен сумен салыстырғанда, судың шығарылуының көп болуы.
Эксикоз (лат. exsicco- құрғату)- сусызданудың ең ауыр түрі.
Изоосмолярлық дегидратация – организм
осмолярлығы плазмаға сәйкес
сұйықтықты жоғалтқанда дамиды (судың тапшылығы электролит тапшылығына
тең)
Гипоосмолярлық дегидратация – организм электролиттерді суға қарағанда
көп жоғалтқанда байқалады
(судың тапшылығынан электролиттердің тапшылығы
басым).
Гиперосмолярлық дегидратация – организм
суды электролиттерге
қарағанда көп жоғалтқанда байқалады (электролиттердің тапшылығына қарағанда
судың тапшылығы басым).
Достарыңызбен бөлісу: