ТАҚЫРЫБЫ: «Гипоксия»
Гипоксия (грек. hypo- төмен, + лат. oxygenium - оттегі) - тіндердің оттегімен
қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігінен немесе оның тіндермен толық
пайдаланылуының бұзылуынан дамитын типтік патологиялық процесс.
Гипоксемия (грек. hypo- төмен, + лат. oxygenium +греч. haima- қан)- қан
құрамында оттегі мөлшерінің төмендеуі.
Гипокапния (грек. hypo- төмен, + kapnos- түтін)- қан құрамында көміртегі
қос тотығының төмендеуі.
Гиперкапния (грек. hyper- жоғары, + kapnos-түтін) - қан құрамында
көміртегі қос тотығының жоғарылауы.
Гипоксиялық (экзогендік) гипоксия – тыныс алатын ауада оттегінің
парциалды қысымының төмендеуінен болатын гипоксияның түрі.
Гипоксиялық (экзогендік) гипоксияның гипобариялық формасы -
жоғары биіктіктерде атмосфералық қысым төмендеген (гипобария) кезде, дем
алатын ауада оттегінің үлестік қысымы азаюынан дамитын экзогенді
гипоксияның түрі. Бұған артериялық гипоксемия мен гипокапния тән.
Гипоксиялық (экзогендік) гипоксияның нормабариялық формасы-
атмосфералық қысым (нормобария) қалыпты деңгейде болғанына қарамастан,
дем алатын ауада оттегінің үлестік қысымы төмендеуінен дамитын экзогенді
гипоксияның түрі. Бұған артериялық гипоксемия мен гиперкапния тән.
Тыныстық (респираторлық) гипоксия- сыртық тыныс алу ағзаларының
бұзылыстары кезінде дамитын эндогендік гипоксияның түрі. Бұған артериялық
гипоксемия мен гиперкапния тән.
Гемдік (қандық) гипоксия- қан жүйесінің бұзылыстарында дамитын
эндогендік гипоксияның түрі (қанда эритроциттер санының азаюы және белсенді
гемоглобиннің төмендеуі). Бұған артериялық гипоксемия, қанның оттегіге
сиымдылығының төмендеуі тән.
Достарыңызбен бөлісу: