Жалпы патофизиология


Изоосмолярлық гипергидратация



Pdf көрінісі
бет27/35
Дата23.05.2023
өлшемі334,67 Kb.
#96284
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
Изоосмолярлық гипергидратация – организмде осмостық концентрациясы 
қалыпты жалпы су мөлшерінің артуы (судың көбеюі электролит көбеюіне тең).
Гипоосмолярлық гипергидратация – организмге тұзсыз судың көп 
түсуінен пайда болады (электролит көбеюінен судың көбеюі басым). 
Гиперосмолярлық гипергидратация - организмдегі сұйық ортаның 
осмостық концентрациясы жоғарылағанда жалпы су көлемінің артуы (судың 
көбеюінен электролит көбеюі басым. 
Ісіну (лат. oedema - ісіну) тін және қан арасында су алмасу бұзылу 
салдарынан тінаралық кеңістіктерде, тіндерде сұйықтықтың патологиялық түрде 
жиналуымен сипатталатын типтік патологиялық процесс. 
Шемен (водянка) - организмнің сірнелі қуыстарында сұйықтықтың 
патологиялық жиналуы. 
Транссудат (лат. trans- арасынан, өту + sudoatum- терлеу) – ісіну кезінде 
жиналатын құрамында нәруыздары аз қабынулық емес сұйықтық. 
Экссудат (ex – бірдеңені жою + sudo- atum - терлеу) – қабыну кезінде 
микротамырлардан айналымдағы тіндік кеңістіктерге, дене қуыстарына шығатын, 
құрамы формалық элементтерге, нәруыздарға бай сұйықтық. 
Гипонатриемия – қанда натрийдің мөлшері 135 ммоль/л-ден аз болуы. 
Гипернатриемия – қанда натрийдің мөлшері 150 ммоль/л-ден көп болуы. 
Гипокалиемия – қанда калийдің мөлшері 4 ммоль/л-ден аз болуы. 
Гиперкалиемия – қанда натрийдің мөлшері 5 ммоль/л-ден көп болуы. 
 


 
ТАҚЫРЫБЫ: «Қышқылдық-негіздік жағдайдың бұзылыстары»
 
Организмнің қышқылдық-негіздік жағдайы- биологиялық ортада 
қышқылдар мен негіздердің белгілі бір қатынасымен қамтамасыз етілетін ішкі 
орта pH-ның тұрақтылығы. 
рН - қанның активті реакциясының көрсеткіші, яғни сутек (Н
+
) иондарының 
молярлық концентрациясының терiс ондық логарифмi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет