Қышқылдық-негiздiк тепе-теңдiктің теңгерілген бұзылыстары- Н
2
СО
3
және NаНСО
3
абсолютты
сандарының өзгергенімен, бiрақ олардың қатынасы
қалыпты жағдайда
қалғандықтан, қанның рН-ының өзгермейтiн жағдайы.
Қышқылдық-негiздiк тепе-теңдiктің теңгерілмеген бұзылыстары -
Н
2
СО
3
және NаНСО
3
абсолютты сандарының өзгеруiмен қатар олардың қатынасы
да өзгерiп, қан рН-ының қалыптан тыс ығысуы.
Газдық ацидоз –қанда көмiрқышқыл концентрациясының
жоғарлауы және
оның парциалды қысымының өсуiмен сипатталатын ацидоз.
Газдық емес ацидоз –организмде ұшпайтын қышқыл өнiмдердiң
жиналуымен сипатталатын ацидоз. Метаболизмдік, бөлінулік, экзогендік болып
бөлінеді.
Газдық алкалоз –қанда көмiрқышқыл концентрациясының
азаюымен және
оның парциалды қысымының төмендеуімен сипатталатын ацидоз.
Газдық емес алкалоз - сутек иондарының терiс балансы және негiздердiң
артық болу салдарынан дамитын алкалоз. Метаболизмдік, бөлінулік, экзогендік
газдық емес алкалоз болып бөлінеді.
Ацидогенез (лат. acidus - қышқыл + грек. genesis - дамуы)
- натрий
реабсорбциясының орнына бүйректiң сутек иондарын бөлуi.
Аммониогенез (лат. ammonium – аммоний + грек. genesis - дамуы) - бүйрек
түтiкшелерiнiң эпителиiнде Н
+
-тің NН
3
-ке
қосылуы арқылы NН
4
-тің түзіліп,
аммоний тұздарының пайда болуы. Осы тұздардың құрамына кiретiн сутек
иондары (Н
+
), түтiкшелер эпителийлерін зақымдамайды.
Достарыңызбен бөлісу: