Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет97/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   170
Ж. Манкеева 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты 
Лексикология бөлімінің меңгерушісі, 
филол.ғ.д., профессор 
МƏДЕНИЕТ МЕТАТІЛІНІҢ КОММУНИКАЦИЯСЫН 
ЛИНГВОПОЭТИКА НЕГІЗІНДЕ АНЫҚТАУ
Тілдік  жүйенің  сан  қырлы  қоғамдық-əлеуметтік  қызметі  арқылы 
дамуы,  қалыптасуы,  жалпы  сөз  динамикасы  белгілі  тілші-ғалым, 
акад.  Р.Ғ.  Сыздықтың  ғылыми-шығармашылық  жұмысының  негізгі 
арқауы  екені  белгілі.  Соның  ішінде  сөздің  семантикалық  транс-


212
Рəбиға Сыздық
формациясы,  қолданыстық,  контекстік  мəні  ғалымның  ең  алғашқы 
зерттеулерінің  бірі  Жамбыл  өлеңдерінің  тілін  зерттеулерінен  бас-
тап, кейін негізгі зерттеу нысанына айналған Махамбет, Абай, Дулат, 
жақында  ғана  жарияланған  Фариза  өлеңдерінің  тілін,  поэтикасын 
талдаған  еңбектерінде  жан-жақты  қарастырылған.  Бірақ  академик 
Р.Сыздық  зерттеулерінде  поэтика  көркем  əдебиеттің  құрылымын -
дағы  көркемдік  құралдар  жүйесінің  статикалық  күйі  ретінде  емес, 
суреткер  шығармасын  ерекшелейтін,  көркем  тілдің  коммутикативтік 
қызметін айшықтайтын динамикалық қалпы ретінде қарастырылады.
Ғалымның  осы  мəселеге  əдейі  арналған  еңбегі – М.Əуезов, 
Ш.Мұртаза,  Ə.Кекілбаев,  М.Мағауин,  О.Бөкеев,  С.Бердіқұлов,  А.Сү-
лейменов  сынды  көркемсөз  шеберлері  прозасы  тілінің  көркемдік-
эстетикалық  белгі-сипаттарын  зерттеуге  арналған  «Сөз  құдіреті» 
атты  кітабы.  Біз  бұл  мақаламызда  ғалымның  «Сөздер  сөйлейді» 
атты  еңбегінің  мəдени-танымдық  мазмұны  мен  зерттеушілік  бағы -
тына  назар  аударуға  тырыстық.  Бір  қарағанда,  зерттеудегі  лексико-
графиялық  негізде  дəйектелген  тілдік  деректердің  тарихи  салыс-
тырылуына  сəйкес  оның  сипатын  тарихи  лексикологиялық,  кей 
тұстарда  этимологиялық  талдау  деп  те  анықтауға  болатын  сияқты. 
Бірақ  зерттеудің  мазмұнын  көрсететін  талдауға  таңдалып  алынған 
деректердің  болмысы  зерттеу  нысанының  басқаша  бағытын  бел-
гілейді.  Атап  айтқанда,  олардың  дені – көркем  мəтінде  (батырлар 
жыры,  Дулат,  Махамбет,  тарихи  жырлар  т.б.)  көрініс  тапқан,  қа-
зірде  қолданылмайтын,  сондықтан  да  көбінің  мағынасы  түсініксіз 
мəдени  атаулар.  Бірақ  олардың  аталмыш  зерттеуде  таза  тарихи 
лексикологиялық,  ия  этимологиялық  сипатта  талданбаған  себебі – 
олардың көрініс тапқан мəтін авторының «көркемдік əлемімен» жəне 
ол  өмір  сүрген  тарихи  кезеңдегі  тілдің  қоғамдық-əлеуметтік  қызме-
тімен  контексте  қарастырылуында.  Демек,  мəдениеттің  өзін  метатіл 
ретінде  анықтап,  оның  бойындағы  коммуникативтік  мүмкіншілік -
терді  М.Бахтин,  А.Ф.  Лосев,  Ю.Н.  Караулов  т.б.  ғалымдардың  тео-
риялық  тұжырымдарына  сəйкес  анықтап, «Сөздер  сөйлейді»  атты 
зерттеу  циклының  теориялық-əдістанымдық  негізін  лингвопоэтика 
бағыты деп анықтаймыз. 
Мəселені  нақты  түрде  жіктеп  түсіндірер  болсақ,  кез  келген  ұлт -
тық  мəдениеттің  негізі – ортақ  тілде  сөйлеп,  өмір  сүріп  əрекет 
ететін  ұжымда  қалыптасқан  шындық  дүниенің  тұтастығы,  этностың 
материалдық  жəне  рухани  кеңістігі.  Нақты  түрдегі  оның  көріністері: 
материалдық  мəдениет  жəне  ұлттық  тіл  арқылы  ұрпақтан-ұрпаққа 
сақталып, жеткізілетін рухани мəдениет (салт-дəстүр, миф, өнер, дін, 
тəлім-тəрбие,  көркем  мəтін  т.б.),  ұлттық  психология,  таным  тұрғы -


213
Тіл-ғұмыр
сы нан  жасалатын  рəміздік  жүйе,  сакрализация  тəсілімен  сақталған 
өнер,  археология  туындылары  т.б.  Ал  олардың  атаулары  ретіндегі 
тілдік  көрінісін  мəдениеттің  метатілі  деп  қарауға  болатынын  жоға -
рыда  атап  көрсеттік.  Бұл  ыңғайда  мəдени  лексика  Ю.М.  Лотман, 
Верещагин,  Костомаров,  Ə.Қайдар,  Е.Жанпейісов  т.б.  еңбектеріне 
арқау  болған.  Сайып  келгенде,  бұл  қоғамның  да  интеграциялық 
негізін  құрайды.  Ал  осы  мəдени  мұраның  немесе  мəдениеттің  ме-
татілінің  танылуы,  халық  игілігіне  асуының  негізгі  тірегі  оның 
коммуникативтік  қызметімен  тікелей  байланысты.  Оның  мəнісі  мы-
нада:  жоғарыда  көрсетілген  формалар  арқылы  немесе  жеке  тілдік 
тұлғаның  шығармашылығы  арқылы  мəдени  ақпараттарды  қабылдап, 
мəдени  мұраны  игеру  ұрпақтар  жалғастығын  іске  асырады.  Міне, 
осы арада мəдениет игіліктерін өндіруші мен тұтынушы арасындағы 
мəдениаралық,  танытушылық  қызметті  ғылым,  атап  айтқанда,  біздің 
жағдайымызда  тіл  ғылымы  атқарады.  Мысалы,  аталмыш  кітаптың 
мақсаты  ретінде  белгіленіп,  көркем  мəтінде  суреттелген  тарихи 
кезеңдегі  қолданысы  арқылы  бүгінгі  оқушыға  бейтаныс  сөздерді 
түсіндіру. Сөйтіп, бұл арада тарихи-мəдени феномен оқушы танымы-
нан  орын  алып,  мəдени-тілдік  коммуникация  іске  асады.  Бұл  орайда 
аталмыш  зерттеудің  осы  бағыттары  Қ.Өмірəлиевтің,  Е.Жұбановтың, 
Б.Шалабаевтың  т.б.  осы  тектес  зерттеулерінде  сабақтасып,  жалғас-
тық  табады.  Мысалы,  Қ.Өмірəлиев  еңбегін  зерделесек,  Бұқар  тілін-
дегі  «Сен  бұзау  терісі  шөніксің,  Мен  өгіз  терісі  талыспын»  деген-
дегі  шөнік,  талыс  сөздері  мəдени  атаулар  деңгейінен  жыраудың 
көркемдік-эстетикалық  құрылымына  еніп,  поэтикалық  құрал  ретінде 
жай  тілдік  таңбадан  мазмұнды  таңбаға  айналған.  Сөйтіп, «үлкендік» 
жəне  «кішілік»  мағынасы  айшықтап  берген.  Себебі  ұлттың  тари-
хи  даму  барысындағы  тарихи-мəдени  қозғалысты  тілші-ғалымдар 
тарихшы-ғалымдар  сияқты  тарихи  деректердің  тізбесі  немесе  тари-
хи  оқиғалардың  тікелей  байланысында  қарастырмайды.  Олар  тілдегі 
жəне  мəтіндерде  берілген  мəдени  құндылықтарды  сол  тарихи  кезең-
дегі  ұлттық  немесе  шығарма  авторының  рухани-танымдық  жəне 
көркемдік-эстетикалық əлемімен байланыста анықтайды. 
Міне, осы тұрғыдан қазір жаңғырып, жатқан қоғамдық санамызға 
сəйкес  тіл  мен  мəдениет  сабақтастығында  жаңаша  сапада  таны-
лып  жатқан  төл  мəдениетімізді  тілдік  санада  анықтауда  көрнекті  тіл 
білімпазы  академик  Р.Сыздықтың  «Сөздер  сөйлейді»  атты  зерттеу 
циклының  мəні  ерекше.  Бұл  мəселе  көркем  мəтінді  мəдени  мұра  ре -
тінде,  яғни  мəдениетті  де  метамəтін  деп  қараумен  тығыз  байланыс-
ты. Өйткені тіл тек коммуникативтік құрал емес, сонымен бірге адам 
болмысының,  оның  мəдениетінің  де  көрінісі.  Сондықтан  мəдениет 


214


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет